Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 P001376_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1-тармақта:
Ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Келімбетов Қайрат Нематұлы - Қазақстан Республикасының
Қаржы бірінші вице-министрі;
Ертілесова Жәннат Жүрғалиқызы - Қазақстан Республикасының
Қорғаныс вице-министрі;
көрсетілген құрамнан Болат Бидахметұлы Жәмішев шығарылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың бесінші абзацындағы "әзірлеу" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, "болып табылады" деген сөздер алынып тасталсын және мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"мемлекеттік органның өтініші бойынша мерзімдерді ауыстыру және тиісті жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді қарау;
Үкіметтің Парламент Мәжілісінен заң жобаларын қайтарып алу мәселелері бойынша ұсынымдарды алдын-ала әзірлеу;
Парламент депутаттары бастамашылық еткен заң жобалары Үкіметке түскен күнінен бастап бір айлық мерзімде оларды он не өзге бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатымен қарау;
Үкіметтің мемлекеттік және өзге де бағдарламаларының,
тұжырымдамаларының, іс-шараларының жобалары нормаларын заң жобалаумен
қамтамасыз ету бөлігінде келісу;
әзірлеушілер дайындаған заң жобаларын жобалар сараптамасын орындау
мақсатында Үкіметке берудің ағымдағы жедел мерзімдерін айқындау;
заң кесімдерімен реттеліп қойған қатынастар бойынша заң жобаларын
әзірлеу туралы ұсыныстарды алдын ала қарау;
заң жобаларын ғылыми, криминологиялық және өзге де сараптамаға жіберу
туралы ұсынымдар әзірлеу".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.