Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi мен оның қарауындағы жекелеген кәсiпорындардың кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 қыркүйек N 1248

Қолданыстағы

      Ормандар мен жануарлар дүниесiн басқаруды одан әрi оңтайландыру және оларды пайдалануға бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары (бұдан әрi - Кәсiпорындар) олардың қызметiнiң негiзгi мәнi сақталу шартымен коммуналдық меншiкке берiлсiн.
      2. Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, облыстар әкiмдерiмен келiсiм бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Кәсiпорындарды қабылдау-беру жөнiнде қажетті ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Облыстар әкiмдерi Кәсiпорындардың мемлекеттiк қайта тiркелуiн заңнамада белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн және осы қаулыны іске асыру жөнiнде өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Орман, балық және аңшылық комитетi бөлiмiнде:
      реттiк нөмiрлерi 146, 147, 148, 149, 150, 151, 153, 154, 155, 156, 157, 158, 159, 160 және 161-жолдар алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi мен оның қарауындағы жекелеген ұйымдардың мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 ақпандағы N 198 P000198_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 74-құжат):
      Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны

 

қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң

қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

     мына жолдар алынып тасталсын:

     "Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Ақтау орманы" республикалық

мемлекеттiк кәсiпорны

     Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Ақтөбе орманы" республикалық

мемлекеттiк кәсiпорны

     Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Атырау орманы" республикалық

мемлекеттiк кәсiпорны

     Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Арқа орманы" республикалық

мемлекеттiк кәсiпорны

     Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Батыс орманы" республикалық

мемлекеттiк кәсiпорны

     Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Баян орманы" республикалық

мемлекеттiк кәсiпорны

     Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Жетiсу орманы" республикалық

мемлекеттiк кәсiпорны

     Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қаратал орманы" республикалық

мемлекеттiк кәсiпорны

     Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Көкше орманы" республикалық

мемлекеттiк кәсiпорны

     Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қостанай орманы" республикалық

мемлекеттiк кәсiпорны

     Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Оңтүстiк орманы" республикалық

мемлекеттiк кәсiпорны

     Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Сыр бойы орманы" республикалық

мемлекеттiк кәсiпорны

     Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Солтүстiк орманы" республикалық

мемлекеттiк кәсiпорны

     Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тараз орманы" республикалық

мемлекеттік кәсіпорны

     Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шығыс орманы" республикалық

мемлекеттік кәсіпорны".

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары


                                           Қазақстан Республикасы

                                                Yкiметiнiң

                                         2001 жылғы 26 қыркүйектегi

                                             N 1248 қаулысына

                                                 қосымша


       Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған

         ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық

        шаруашылығы комитетiнiң коммуналдық меншiкке берiлетiн

              республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының

                              ТIЗБЕСI

---------------------------------------------------------------------------

          Кәсiпорындардың атауы        !        Облыстардың атауы

---------------------------------------------------------------------------

1.  "Ақтау орманы" республикалық

    мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық

    жүргiзу құқығында)                       Маңғыстау облысы


2.  "Ақтөбе орманы" республикалық

    мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық

    жүргiзу құқығында)                       Ақтөбе облысы


3.  "Атырау орманы" республикалық

    мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық

    жүргiзу құқығында)                       Атырау облысы


4.  "Арқа орманы" республикалық

    мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық

    жүргiзу құқығында)                       Қарағанды облысы


5.  "Батыс орманы" республикалық

    мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық

    жүргiзу құқығында)                       Батыс Қазақстан облысы


6.  "Баян орманы" республикалық

    мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық

    жүргiзу құқығында)                       Павлодар облысы


7.  "Жетiсу орманы" республикалық

    мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық

    жүргізу құқығында)                       Алматы облысы


8.  "Қаратал орманы" республикалық

    мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық

    жүргізу құқығында)                       Алматы облысы


9.  "Көкше орманы" республикалық

    мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық

    жүргізу құқығында)                       Ақмола облысы


10. "Қостанай орманы" республикалық

    мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық

    жүргізу құқығында)                       Қостанай облысы


11. "Оңтүстiк орманы" республикалық

    мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық

    жүргізу құқығында)                       Оңтүстік Қазақстан облысы


12. "Сыр бойы орманы" республикалық

    мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық

    жүргізу құқығында)                       Қызылорда облысы


13. "Солтүстiк орманы" республикалық

    мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық

    жүргізу құқығында)                       Солтүстiк Қазақстан облысы


14. "Тараз орманы" республикалық

    мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық

    жүргізу құқығында)                       Жамбыл облысы


15. "Шығыс орманы" республикалық

    мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық

    жүргізу құқығында)                       Шығыс Қазақстан облысы

---------------------------------------------------------------------------



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Жұманазарова А.Б.