Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына , "Қазақстан Республикасының теміржол көлігін қайта құрылымдаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 маусымдағы N 756 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының темір жол саласында монополиясыздандыру және бәсекелестік ортаны дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосымшаға сәйкес еншілес мемлекеттік кәсіпорындарды құруға рұқсат берілсін.
2. "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Жол жөндеу" еншілес мемлекеттік кәсіпорны, оны жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Жол жөндеуші" ашық акционерлік қоғам (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен, қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қоғамның жарғысында оның қызметінің негізгі түрі темір жол жолдарын күрделі және орташа жөндеуді жүзеге асыру деп көздеп, оны бекітуді;
2) Қоғамның мемлекеттік тіркелуін;
3) Қоғамның акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне беруді;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесіндегі:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-17-жолмен толықтырылсын:
"21-17 "Жол жөндеуші" ААҚ";
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-10-жолмен толықтырылсын:
"160-10 "Жол жөндеуші" ААҚ".
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 22 қыркүйектегі
N 1226 қаулысына
қосымша
"Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік
кәсіпорны құратын еншілес мемлекеттік кәсіпорындар
тізбесі
----------------------------------------------------------
N ! Атауы ! Мекен-жайы
----------------------------------------------------------
1 "Инфрақұрылым" еншілес Астана қаласы
мемлекеттік кәсіпорны
2 "Локомотив" еншілес Астана қаласы
мемлекеттік кәсіпорны
3 "Жүк тасымал" еншілес Астана қаласы
мемлекеттік кәсіпорны
4 "Вагон паркін басқару Астана қаласы
жөніндегі бірінші
мемлекеттік компания"
еншілес мемлекеттік
кәсіпорны
5 "Вагон паркін басқару Астана қаласы
жөніндегі екінші
мемлекеттік компания"
еншілес мемлекеттік
кәсіпорны
6 "Вагон паркін басқару Астана қаласы
жөніндегі үшінші
мемлекеттік компания"
еншілес мемлекеттік
кәсіпорны
----------------------------------------------------------