Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау жүйесін дамытудың тұжырымдамасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 қыркүйек N 1208. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау жүйесін одан әрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау жүйесін дамытудың тұжырымдамасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (келісім бойынша) тиісті шешімдерді әзірлеу және нормативтік құқықтық кесімдерді дайындау кезінде осы Тұжырымдаманың негізгі ережелерін басшылыққа алсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау жүйесін дамытудың тұжырымдамасы 1. Кiрiспе
      Қазақстан Республикасында республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жүйесiн дамытудың 2001-2005 жылдарға және келешекке арналған осы тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) республикалық және жергіліктi бюджеттердiң атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы аудиттiң күштi қызметiн құру Есеп комитетiнiң өкiлеттiлiктерiн кеңейту, оны сапалық және сандық жағынан нығайту қажеттiгi туралы тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 5 қаңтардағы N 534 U010534_ Жарлығының және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы 2 ақпандағы N 201 N010201_ өкiмiнiң негiзiнде әзiрлендi.
      Ұсынылып отырған Тұжырымдама республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындайды.
      Қаржы саласындағы мемлекеттiк бақылау жүйесiн жетiлдiру халықаралық талаптарға сәйкес, нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу мен бекiтудi, олар белгiлеген объектiлер мен құқықтық нормалардың қолданылу аясын бөлудi ескере отырып республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау ұғымын айқындаудың объективтiк қажеттiгiнен туындап отыр.
      Сол сияқты қолданылып жүрген заңнамаларда қаржы саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының арасында міндеттер мен өкілеттіктерді айқын шектеудің жоқтығы, осы органдардың бір-бірімен де және мемлекеттiк қаржы бақылау жүйесiнен тыс қызмет ететiн аудит институтымен де өзара iс-қимыл мәселелерiнде тиiстi айқындылықтың болмау жағдайлары мәселенiң өзектілігiн растай түседi.
      Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жүйесiн одан әрi дамыту мемлекет пен елiмiздiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң қаржы-экономикалық қарым-қатынастары жүйесiндегi маңызды мәселелердiң шешiлуiне елеулi ықпал ете алады, сондай-ақ экономика саласындағы әртүрлi құқық бұзушылықпен нысаналы күрес жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
 
           2. Республикалық және жергілiктi бюджеттердің атқарылуын
          бақылау жүйесiнің қазiргі жай-күйi мен дамуының проблемалары
 
      Қазақстан Республикасында республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылауды Есеп комитетi жүзеге асырады, ол 1996 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн тұрақты қызмет ететiн мемлекеттiк орган ретiнде құрылған.
      Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Конституциялық Z952733_ Заңына және бекiтiлген ережеге сәйкес Есеп комитетi белгiленген тәртiппен алынатын ақпаратты талдау және жүргiзiлетiн бақылау іс-шараларының негiзiнде Қазақстан Республикасының Президентiне комитет жұмысы туралы тоқсан сайынғы баяндамаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентiне өзiнiң мазмұны мен сипаты бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебi жөнiндегi қорытынды болып табылатын комитеттiң жылдық есебiн берiп отырады. Есеп комитетiнiң жылдық есебi Қазақстан Республикасының Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында бекiтiледi.
      Жергiлiктi бюджеттер мен олардың атқарылуы туралы есептердiң бекітілуі, оның ішінде республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) ауданды, кентті, ауылды (селоны), ауылдық (селолық) округті ұстауға арналған шығыстар сметасын бекіту "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Z010148_ Заңға сәйкес тиiстi жергiлiктi өкiлеттi органның (мәслихаттың) құзыретi болып табылады. Жергіліктi бюджеттiң атқарылуын бақылау үшiн мәслихат өзiнiң өкiлеттiк мерзiмiне тексеру комиссиясын сайлайды және оның мүшелерiнiң санын белгiлейді. Тексеру комиссиясының өкiлеттiктерi мен жұмыс iстеу тәртiбi мәслихаттың регламентiмен айқындалады.
      Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң шығыстары сметаларының дұрыс жасалуы мен бекiтiлуiн, сондай-ақ бюджеттiк қаражаттың қазынашылық шешiмдерге сәйкес пайдаланылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады. Ал жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң шығыстары сметаларының дұрыс жасалуы мен бекiтілуiн, сондай-ақ бюджеттiк қаражаттың пайдаланылуын қазынашылық рұқсат беруге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
      Республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаттарының пайдаланылуына тексерулер жүргiзудiң тәртiбiн және кезеңділігiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейтiндiгiне қарамастан, оған оларды үйлестiру, әдiстемелерiн әзiрлеу мен енгiзу өкiлеттiлiктерi берілмеген, ал Есеп комитетiнiң осы "тәртiбi және мерзiмдiлiгi" айқындамасына қатысуы заңдарда тiптi көзделмеген де.
      Есеп комитетi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiнiң қызметiне оларға бюджеттен бөлiнген қаражатты мақсатты және тиiмдi пайдалану бөлiгiнде талдау жасайды және бақылайды, көрсетiлген бағдарламалар мен оларды құрастырушы ішкi бағдарламалардың экономикалық тиiмдiлiгi мен орындылығына баға бередi.
      Жүргiзiлген тексерулердiң қорытындылары бойынша Есеп комитетi Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсынымдар, оның ішiнде нормативтік құқықтық базаны жетiлдiру жөнiндегі тиiстi ұсынымдарды жолдайды.
      Есеп комитеті мен мәслихаттардың тексеру комиссиялары салық және өзге де мемлекеттік органдарының қызметіне олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген түсімдердің республикалық және жергілікті бюджеттерге толығымен және уақытылы түсуін қамтамасыз ету бөлігінде бақылау жасайды. U962956_
      Есеп комитетiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссияларының тексерулерi мен талдауының мәнi қаржылық есеп берудiң ғана емес, сол сияқты, есеп берудiң басқа да тиiстi түрлерiнiң мәлiметтерi болып табылады, онсыз республикалық және жергіліктi бюджеттер қаражатының тиiмдiлiгiне және мақсатты пайдаланылуына баға беру мүмкiн емес.
      Есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссияларының мүшелерi тексерулердi тексерiлетiн мемлекеттiк органдар мен барлық меншiк түрiндегi ұйымдардың қаражаты есебiнен емес, комитет пен комиссияларды ұстауға бөлiнетiн бюджет қаражатының есебiнен жүргiзедi.
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау және Есеп комитетiнiң тексерулерi анағұрлым кешендi, жүйелi сипатқа ие. Iс жүзiнде Есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссиялары өздерiнiң негiзгi мақсаттары мен мiндеттерiне бақылау iс-шараларын, зерттеулер мен талдау жүргiзу барысында, оның iшiнде ұлттық компаниялар мен мемлекеттiк капитал үлесiне ие басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жөнiндегi аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар жасаған аудиторлық тұжырымдарды талдау барысында қол жеткiзедi.
      Есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссияларының бұл функциялары мен мiндеттерiн iске асыру республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сыртқы бақылау болып табылады.
      Қазақстан Республикасында республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын ішкi бақылау жүйесiнiң аралас үлгiсi қалыптасты. Орталықтандырылған iшкi бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүзеге асырса, орталықтың қарамағынан шығарылған iшкi бақылауды кейбiр министрлiктердiң бақылау-тексеру қызметтерi жүргiзедi.
      Бұл үлгiнiң негiзгi кемшiлiгi тәсiлдер мен әдiстемелердiң үйлестiрiлмеуiне байланысты бақылау объектiлерiндегi жағдайдың терең зерттелмеуi болып табылады, бұл, бақылау процесiнде бiр-бiрiн қайталау мен кемшiлiктердiң пайда болу мүмкiндiгiн туғызады. Осы үлгi қаржылық есептiлiктiң кейбiр элементтерiмен сәйкестiк бақылауын ғана жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi, ал тиiмдiлiк бақылауы одан тысқары қалып отыр.
      Республикалық және жергiліктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау мынандай нысанда iске асырылады:
      алдын ала бақылау мемлекеттiк органдардың, бюджет ақшасы есебiнен ұсталатын, демеуқаржылар мен несиелер алуға үмiткер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кепiлдiгiн алудың есебiнен ұсталатын мекемелер мен ұйымдардың республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын пайдалануы жобаларын жасау және қарау сатысында жүзеге асырылады;
      ағымдағы бақылау мемлекеттiк органдардың, мекемелер мен ұйымдардың республикалық және жергіліктi бюджеттердiң қаражатын пайдалану жөнiндегi қаржы операцияларын жүзеге асыру сатысында жүргiзiледi;
      республикалық және жергіліктi бюджеттердiң қаражатын уақтылы, мақсатты және тиiмдi пайдалануына, сондай-ақ оларды пайдалану туралы есептердiң дұрыстығына кезектi бақылау мемлекеттiк органдардың, мекемелер мен ұйымдардың республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатымен қаржы операцияларын жасау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Z990357_ Заңында "бюджет процедурасы" ұғымы мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың бюджеттi әзiрлеу, қарау, бекiту, атқару, оның атқарылуын бақылау және бюджеттiң атқарылуы туралы есептi бекiту жөнiндегi заңнамамен регламенттелуi ретiнде айқындалған. Атқарылу мәселелерi, мысалға республикалық бюджеттiң атқарылуы аталмыш заңның тек бiр ғана бабында көрсетiлген, ал оның атқарылуын бақылау мәселелерi - баржоғы бiр сөйлеммен ғана келтiрiлген - "республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылауды Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi жүзеге асырады". Тиiстi заңнамалық нормалардың осындай жетiспеушiлiгi жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы мен бақылауы мәселелерiнде де орын алған.
      Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тиiстi регламенттеу үшiн "бюджеттің атқарылуы" ұғымын, дәлiрек айтқанда республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы процесi қай жерден басталып, қай жерде аяқталатыны туралы мәселенi анықтап алу қажет. Қалыптасқан практика мен қолданылып жүрген заңнамалар қойылған сұраққа жауап бере алмайды.
      Сонымен бiрге, қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық кесiмдерде республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына бақылау саласындағы Есеп комитетiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссияларының және Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың мiндеттерi мен функцияларының нақты шектелуi жоқ.
      Бұдан басқа, салық-бюджеттiк қызмет практикасында да, ғылыми-теориялық зерттеулерде де республикалық және жергілiктi бюджеттердi талдау мәселелерi тыңғылықты, кешендi шешiмiн таппаған. Сондықтан да республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сараптау, бағалау, талдау әдiстемелерi мен стандарттарын әзiрлеу және бекiту мәселесi кідiртпей шешудi талап етедi.
      Қазiргi кездегi ұлттық корпорациялар мен мемлекеттiк капитал үлесiне ие басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнде мемлекеттiк қаржының пайдаланылуын жүйелi бақылаудың жоқтығы да республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жүйесiн жетiлдiрудiң қажеттілiгiн негiздеудiң факторы болып табылады.
      Бақылау органдарының мiндеттерiнiң өзiндiк ерекшелiгi бақылау iс-шараларын жүзеге асырудың нысандары мен түрлерiнiң ерекшелiктерiнде көрiнiс табады. Бақылау органының орны мен рөлiн айқындауда оның қаржылық бақылау нәтижелерiн көрсететiн кесiмiнiң мәртебесi елеулi маңызға ие. Кесiм мәртебесiнiң ерекшелiктерiнiң дәл баяндалуы ғана емес, олардың тиiстi нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде нақты көрсетiлгенi де маңызды.
      Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылаудың орын алып отырған ұйымдық және әдістемелік проблемаларын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сол сияқты жеке меншік нысанындағы ұйымдардың әлі күнге дейін есепке алу мен есеп берудің халықаралық стандарттарына толық көшпегендігі де күрделендiре түседi. Бұл жағдайлар халықаралық қаржы практикасындағы жинақталған жалпыға ортақ қабылданған әдiстемелiк базаны пайдалануды тежейдi.
      Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданылып жүрген заңнамаларында Есеп комитетiнiң, мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерiн қызметке тағайындау институты ғана бар, Есеп комитетiнiң төрағасын қоспағанда, оларды қызметiнен босатуды регламенттейтiн тиiстi нормалар жоқ. Ал шет елдерде бақылау органдарының жетекшiлерi мен мүшелерiн қызметтен тайдырудың себептерiн мiндеттi түрде түсiндiру, олардың мәртебесi мен осы мәртебенiң құқықтық кепiлдiктерi бақылау органдары туралы заңнамаларда көзделген.
      Республикалық және жергіліктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау саласындағы кадрлардың біліктілігiн халықаралық талаптарды ескере отырып арттыру жөнiндегi жұмысты жүргiзу аса өзектi мәселе болып табылады.
 
         3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуын
                бақылау жүйесiн дамытудың негiзгi мiндеттерi
 
      Тұжырымдама мынандай негiзгi мiндеттердi жүзеге асыруға бағытталған.
      1. Республикалық және жергіліктi бюджеттердiң атқарылуының бақылау жүйесiн одан әрi дамыту олардың нормативтiк базасын, ең алдымен халықаралық нормаларға бейiмделген бақылаудың негiзгi қағидаттары мен стандарттарын жасақтауды мемлекеттік қалыптастыруды белгiлеу, сондай-ақ бақылаудың тұтас алғандағы тиiстi мәселелер жөнiндегi әдiстемелiк жұмыстарын ұйымдастыру.
      2. Экономика саласындағы құқық бұзушылықпен күрес және мемлекет меншiгiндегi мүлiктi тиiмдi пайдалану үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуының бақылау жүйесiн жетiлдiру жолымен алдын алу шараларын қабылдау.
      3. Бюджеттiк бағдарламалау әдiстерiнiң дамуы мен енгiзілуiн ескере отырып республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылаудың бiрыңғай әдiстемелiк базасын жасау және ақпараттық жүйелерiн жетiлдiру.
      4. Есеп комитетiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссияларының және мемлекеттiк басқару органдарының республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау саласындағы ақпараттық жүйелерiн бiрiктiру.
      5. Мемлекеттiк органдардың республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жүйесiн жүзеге асырудағы өкiлеттiктерiн бiр-бiрiнiң қайталауын болдырмау және нақты жiктеу.
      6. Барлық мемлекеттiк органдардың республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару жөнiндегi қызметтерiнiң "ашықтығын", кең жариялылығын және жұртшылық пен барлық салық төлеушiлер үшiн ашықтығын қамтамасыз ету.
      7. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуының бақылау жүйесiн сапалық және сандық тұрғыдан ресурстық қамтамасыз етудi жақсарту.
 
               4. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердің
              атқарылуын бақылау жүйесiн жетiлдiру және дамыту.
                             Күтiлетiн нәтижелер
 
      Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуының бақылау жүйесiн дамытудың мәселелерiн шешудiң кешендi тәсiлi, оны халықаралық ережелерге сәйкес жетiлдiру ұлттық экономиканың дамуының, әртүрлi деңгейдегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң қалыптасып жатқан ерекшелiктерiн ескере отырып және әлемдiк практикаға қайшы келмейтiн және оны байыта түсетiн әдiстердi, құрал-жабдықтарды және әдiстемелiк шешiмдердi сақтай отырып жинақталған отандық тәжiрибемен ұштасуы тиiс.
      Әзірге Қазақстанда орныққан қаржылық және бюджеттік заңдар жоқ. Оның үстіне басқа бақылау-тексеру органдарының қолда бар әдістемелік жасалымдарын Есеп комитеті мен мәслихаттардың тексеру комиссиялары өздерiнiң мiндеттерi мен қызметтерінің ерекшелiктерiне байланысты толықтай қабылдай алмайды. Сондықтан да Есеп комитетiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссияларының және Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың талдау және бақылау шараларын жүргiзудiң баламалылық әдiстемелерi мен рәсiмдерiн әзiрлеу мәселесi өте шұғыл және ол таяу арада, оның iшiнде тиiстi заң нормалары арқылы шешiлуi тиiс.
      Осыған сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын пайдаланушылардың барлығының қаржылық тәртiптi сақтауы, мемлекеттiк ресурстарды ысыраптайтын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң кемiстiктерiн iздеу талаптары Есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссияларының жұмысындағы маңызды басым бағыттарға айналады. Заңдылық өлшемiн iске асырудың ерекше мағынасы осы соңғысында жатыр. Мұны Есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссиялары өздерiнiң мәртебелерiне сәйкес анағұрлым тиiмдi жүзеге асыра алады. Өйткенi Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген органдар бақылау іс-шараларын тек қана қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық кесiмдердiң шеңберiнде жүзеге асыра алады. Оларды қызықтыратын жарғылық және жарғыға қарсы iс-әрекет қана, ал заңдардағы "саңлауларда" жүзеге асырылатын жарғылық еместерi бақылаудан тыс қалып қояды, бұған жол бермеу керек.
      Қазiргi уақытта Есеп комитетi республикалық бюджеттiң атқарылуына, оның iшiнде оның кiрiстерi мен шығыстарының көлемi, құрылымы және тағайындалған мақсаттары бойынша уақтылы атқарылуына бақылау жасайды және республикалық бюджет қаражаты есебiнен жабылатын шығыстарды жүзеге асыру ережелерiн айқындайтын немесе республикалық бюджеттi жасақтауға және атқаруға ықпал ететiн нормативтiк құқықтық кесiмдерге талдау жүргiзедi. Осыған байланысты бюджеттiң атқарылуы нәтижелерiне оның баға беруiнiң өлшемі, біріншіден, бюджетке кіріс келтіру резервтерін толық пайдалану, екіншіден, бюджет қаражаты шығыстарының орындылығы мен үнемділігі болуы тиіс.
      Осы тұжырымдама қызметтің жаңа түрін - Есеп комитетіне сараптама-талдау жұмысын енгізуді көздейді, ол есеп-талдау тексерулерінің бірнеше түрлерін, оның iшiнде бюджеттiң атқарылуы процесiндегi қабылданатын шешiмдердiң негiзділігiн талдауды, бюджет ресурстарын пайдаланудың тиiмдiлігін және республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiнiң қаржылық қызметiн тексерудi қамтуы тиiс.
      Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуының бақылау жүйесiн дамыту республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын уақтылы және мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ республикалық және коммунальдық меншiктегi мүлiктiң тиiмдi пайдаланылуын алдын ала, ағымдағы және одан кейiнгi бақылауды одан әрi нығайтуды және жетiлдiрудi талап етедi.
      Алдағы бiрнеше және iшiнде министрлiктер, агенттiктер мен комитеттердiң көпшiлiгiнде iшкi бақылаудың күштi қызметтерiн құру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қажет. Сонымен қатар, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын iшкi бақылауын жүзеге асыруымен бiрге әдiстеме базасын әзiрлеу, енгiзу және оқыту бөлiгiнде орталық функциональдық рөлiн орындайтын Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдарды заң жүзiнде бекiту қажет.
      Сол кезде елде бақылаудың әдiстеме базасын, оны оқытудың орталықтануын сақтай отырып, ішкi бақылаудың аралас жүйесiнен орталықтың қарамағынан шығарылған жүйесiне өту мүмкiндiгi туады.
      Бұл мемлекеттiк органдар басшыларының жауапкершiлiгiн едәуiр арттыра түседi, өйткенi олар Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есеп туралы" заң күшi бар Z952732_ Жарлығына сәйкес, iшкi бақылаудың ұйымдастырылуын және оның органдарының қызмет атқаруын қамтамасыз етедi.
      Бақылауды жүргiзудiң негiзгi қағидаттарын қамтитын, бақылауға қойылатын талаптарды айқындайтын, мәнi тұрғысынан нормативтiк құжат болып табылатын республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылаудың стандарттарына ерекше назар аударылатын болады. Мемлекеттiк бақылаудың сыртқы және iшкi болып бөлiнуiне байланысты, бақылаудың стандарттары да әртүрлi болады. Сондықтан, оларды әзiрлейтiн және бекiтетiн уәкiлеттi органдарды айқындау қажет.
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын сыртқы бақылау стандарттарын Есеп комитеті әзірлейді және бекітеді.
      Жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сыртқы бақылау стандарттарын, республикалық және жергiлiктi бюджеттердің iшкi бақылау стандарттарын Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган әзiрлейдi, ал Есеп комитетi оларды бекiтедi.
      Жоғарыда айтылғандар бюджеттiк бағдарламалау әдiстерiнiң енгiзiлуiн ескере отырып республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылаудың бiрыңғай әдiстемелiк базасын жасаудың және ақпараттық жүйесiн жетілдiрудiң, Есеп комитетiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссияларының және мемлекеттiк басқару органдарының республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау саласындағы ақпараттық жүйелерiн бiрiктiрудiң қажеттiгiн растай түседi.
      Есеп комитетiнiң қолданылып жүрген өкілеттіліктерiн, мiндеттерi мен функцияларын, оның ішiнде сараптама-талдау жұмыстарын жүргiзу бөлігінде одан әрi ұлғайтуды, Есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссияларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың өздерiнiң өкiлеттiктерi, құқықтары мен мiндеттерi шегiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң тиiсiнше атқарылуын бақылаудың кешендi жүйесiн қамтамасыз етуiн көздей отырып "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу дер кезiндегi шара болып табылады.
      Мынандай ережелердi заңдастыру қажет.
      1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылаудың объектiсi мен субъектiсiн нақты айқындау.
      2. Қазақстан Республикасындағы республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылайтын негiзгi органдарға Есеп комитетi, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар, әкiмияттар уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк органдардың ведомстволық бақылау қызметтерi жатқызылсын.
      3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау олардың түрлерi бойынша сыртқы және ішкi болып бөлiнедi.
      Сыртқы бақылау - республикалық бюджеттiң Қазақстан Республикасының Yкiметi тарапынан атқарылуын және жергiлiктi бюджеттердiң жергiлiктi органдар тарапынан атқарылуын оларға қатысты тәуелсiз мемлекеттiк органдар тарапынан бақылау.
      Iшкi бақылау - Қазақстан Республикасы Үкiметi және жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асыратын тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау.
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асырады және iшкi бақылау жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар жасайды.
      Мәслихаттардың тексеру комиссиялары жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асырады және iшкi бақылауды жетiлдiру жөнiндегi ұсынысты әзiрлейдi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар республикалық бюджет қаражатын пайдалануға iшкi бақылауды жүзеге асырады және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуының сәйкестiгiн сыртқы бақылауды жүзеге асырады.
      Әкiмияттар уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына ішкi бақылауды жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң бюджет қаражатын мақсатты және тиiмдi пайдалануды ведомстволық бақылауы iшкi (әкiмшiлiк) бақылаудың бiр бөлiгi болып табылады.
      4. Бақылаудың түрлерiн айқындау, атап айтқанда:
      сәйкестiгiн бақылау - бақылау объектiлерi қызметiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң талаптарымен сәйкес келтiру дәрежесiн бағалау;
      қаржылық есебiн бақылау - бақылау объектiлерi беретiн қаржы есептерiнiң дәлдiгiн, негiздiлiгiн және уақыттылығын бағалау;
      тиiмдiлiгiн бақылау - республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатын пайдалану кезiнде бақылау объектiлерiнiң бюджеттiк заңнамада белгiленген бюджет бағдарламаларының мақсаттарын орындау дәрежесін бағалау.
      5. Жұмыстағы қайталануды және қосарлануды болдырмау үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылайтын органдардың арасында функциялар мен өкiлеттiлiктердi айқын шектеудi көздеу.
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау кезiнде:
      Есеп комитетi бақылаудың барлық үш түрiн жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардан келетiн бақылау кесiмдерiн сараптайды және Қазақстан Республикасының Yкiметiне осы органдар жүзеге асыратын республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсынымдар жасайды. Осы негiзде Есеп комитетi қосымша бақылаулар жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган да бақылаудың үш түрi бойынша да ішкi бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттiк мекемелердегi белгіленген ведомстволық бақылауға баға бередi және тексеру материалдарын Есеп комитетiне бередi.
      Жергiлiктi бюджеттердi бақылау кезiнде:
      мәслихаттардың тексеру комиссиялары сыртқы бақылау жасайды және әкiмияттар уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын iшкi бақылаудың тиiмдiлiгiне баға бередi;
      Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган сәйкестілігiне сыртқы бақылауды жүзеге асырады;
      әкiмияттар уәкілеттiк берген мемлекеттiк органдар бақылаудың үш түрi бойынша iшкi бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратын iшкi бақылауларға баға бередi және тексеру материалдарын жергiлiктi өкiлеттi органдарға бередi.
      Республикалық және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуын бақылау үшiн мемлекеттiк органдарда ішкi бақылау қызметтерi құрылады.
      Жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сыртқы бақылау органдарының қызметiне әдiстемелiк жетекшіліктi Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi жүзеге асырады.
      Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ішкі бақылау органдарының қызметіне әдістемелік жетекшілікті Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілеттік берген мемлекеттік органы жүзеге асырады.
      Халықаралық және азиялық INTOSAL және ASOSAI жоғарғы аудиторлық институттар ұйымдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мақсаттары мен мiндеттерi жақын ПРООН, Дүниежүзiлiк Банктiң және басқа да жобалар мен бағдарламаларды іске асырып жүрген халықаралық ұйымдармен байланыстарды ұлғайту және нығайту қажет. Бұл осы заманғы бақылау әдiстерiне, қажеттi ақпараттық ресурстарға жол ашуға, мемлекеттiк қаржы бақылау органдары қызметкерлерiн оқыту және бiлiктілiгiн көтеру және белгiлi бiр дәрежедегi олардың техникалық қайта жарақталуы мәселелерiн шешуге мүмкiндiк бередi.
      Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылаудың мiндеттерi мен нәтижелерi туралы материалдар, әдiстемелiк, нормативтiк құқықтық және басқа да құжаттар жарияланған бюллетеньдердi жүйелi түрде шығарып отыруды ұйымдастыру қажет.
      Алға қойылған мiндеттердiң ауқымдылығын ескере отырып республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды сапалық және сандық тұрғыдан одан әрi нығайту мәселелерiн жүргiзiлетiн жұмыстардың көлемiн, ауқымын және тереңдiгiн, тексерiлетiн объектiлердiң саны мен мерзiмдiлiгiн мұқият талдай отырып шешкен жөн.
      Тұжырымдаманы іске асырудан күтiлетiн негiзгi нәтижелер ретiнде мыналарды бөлiп қарауға болады:
      1. Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнiң атқарылуын бақылаудың нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру (2001 жылы Қазақстан Республикасының тиiстi Заңын және қажет болған жағдайда басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдау).
      2. 2003 жылға дейiн халықаралық тәжiрибелердi ескере отырып, көрсетiлген бақылау жүйесiн қажеттi әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету.
      3. 2004 жылға дейін республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерін құру. 4. 2007 жылға дейін Ұлттық Банктiң, қазынашылықтың, салық және кеден қызметтерінің, зейнетақылық және әлеуметтік қамтамасыз етуінің және басқа да ведомстволардың қолда бар және енгізіліп жатқан ақпараттық жүйелері негізінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы үшін жауап беретін мемлекеттік органдардың біріккен ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесін құру және пайдалануға енгізу. Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.