1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен негізгі тендерлік шарт инвестиция тарту деп көздей отырып, тендер өткізу жолымен "N 406 ГА Авиажөндеу зауыты" ашық акционерлік қоғамының (Ақтөбе қаласы) акциялары мемлекеттік пакетінің 60%-ын жекешелендіруді жүзеге асырсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.