Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 қаңтардағы N 135 және 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 12 қыркүйек N 1182

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай 
өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
     1) "Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін бекіту 
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 қаңтардағы N 135 
 

P000135_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 4, 
54-құжат):
     көрсетілген қаулының қосымшасында:
     1-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
     2) "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан 
Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950  

P001950_

  қаулысына (Қазақстан 
Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 627-құжат):
     көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
     IV "Шығыстар" бөлімінде:
     5 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
     5 "Медициналық көмектің басқа түрлері" ішкі функциясында:
     "889 878" деген сан "568 721" деген санмен ауыстырылсын;
     612 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі 
агенттігі" әкімшісі бойынша:
     "334 020" деген сан "12 863" деген санмен ауыстырылсын;
     "37 Сот-медициналық сараптамасы 321 157" бағдарламасы және "30 Сот 
медицина орталығы және оның аумақтық бөлімшелері 321 157" кіші 
бағдарламасы алынып тасталсын;
     9 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" ішкі функциясында:
     "6 028 678" деген сан "6 349 835" деген санмен ауыстырылсын;
     612 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі 
агенттігі" әкімшісі бойынша:
     "5 928 678" деген сан "6 249 835" деген санмен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы бағдарламамен және кіші бағдарламамен 
толықтырылсын:
     "37 Сот-медициналық сараптамасы 321 157;
     30 Сот медицина орталығы және оның аумақтық бөлімшелері 321 157";
     көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:
     IV "Шығыстар" бөлімінде:
     5 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
     5 "Медициналық көмектің басқа түрлері" ішкі функциясында:
     612 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі 
агенттігі" әкімшісі бойынша:
     "37 Сот-медициналық сараптамасы" бағдарламасы және "30 Сот медицинасы 
орталығы және оның аумақтық бөлімшелері Ұстау" кіші бағдарламасы алынып 
тасталсын;
     9 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" ішкі функциясында:
     612 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі 
агенттігі" әкімшісі бойынша:
     мынадай мазмұндағы бағдарламамен және кіші бағдарламамен 
толықтырылсын:
     "37 Сот-медициналық сараптамасы;
     30 Сот медицинасы орталығы және оның аумақтық бөлімшелері Ұстау".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.