Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 қазандағы N 1641 P001641_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 44-45, 538-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға
арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген
9-тараудағы:
"Заңнаманы жетілдіру, қылмысқа қарсы күрестің құқықтық базасын
нығайту" деген 1-бөлімде:
реттік нөмірі 6.1-жолда:
2-бағандағы "Орта арнайы білім беру ұйымдары" деген сөздер "арнайы
білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-бағандағы "Қаулының жобасы" деген сөздер "Бұйрық" деген сөзбен
ауыстырылсын;
4-бағандағы "НЕКА" деген сөз алынып тасталсын;
5-бағандағы "1 тоқсан" деген сөздер "3 тоқсан" деген сөздермен
ауыстырылсын;
реттік нөмірі 6.2-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 6.3-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын: "Түзеу мекемелерінде жалпы білім
беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы";
3-бағандағы "Қаулының жобасы" деген сөздер "Бірлескен бұйрық" деген
сөздермен ауыстырылсын;
4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"ІІМ, БҒМ, ӘдМ";
5-бағандағы "2 тоқсаны" деген сөздер "3 тоқсаны" деген сөздермен
ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.