Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 12 қыркүйек N 1177. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.27. N 1404 қаулысымен

Күшін жойған

     Экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Жекелеген тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне шектеу енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243   P981243_   қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж.,N 45, 410-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
     "7502 Өңделмеген никель" деген жол алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі