Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 қыркүйек N 1163

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 9-7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-7. "Кардиология және ішкі Алматы қаласы
      аурулар ғылыми-зерттеу
      институты" республикалық
      мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ";
      2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 P991852_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):

 

     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау ісі жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:

     "Мемлекеттік кәсіпорындар" деген 2-бөлімдегі реттік нөмірі 34-жол

мынадай редакцияда жазылсын:

     "34. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты".

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.