Қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 қыркүйек N 1154

Қолданыстағы

     "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 
15 шілдедегі  

Z970160_

  Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының 
Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру ережесі 
бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                           2001 жылғы 6 қыркүйектегі
                                               N 1154 қаулысымен
                                                   бекітілген
     
              Қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру
                            ЕРЕЖЕСI

                      1. Жалпы ережелер



      Қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру ережесi "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңының ережелерiне сәйкес әзiрлендi.
      1. Қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) қоршаған ортаны ластауға рұқсат (бұдан әрi - рұқсат) беру әрi оны ресiмдеу тәртiбiн анықтайды және арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен табиғат пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын жалпы талаптарды қамтиды.
      2. Рұқсат бастапқы құжат болып табылады және табиғат пайдаланушылар тегiн алатын қоршаған ортаны ластауға уақытша құқықтар берудi көздейдi.
      Рұқсатта табиғат пайдалану шарттары тек ластағыш заттар көлемiн нормалау және қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер бөлiгiнде көрсетiледi.
      3. Рұқсат табиғат пайдаланушылардың ластағыш заттарды атмосфераға тұрақты және жылжымалы көздерден шығару, ластағыш заттарды ағын сумен төгу, уақытша сақталатын өнiмдер мен материалдарды қоса алғанда өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
      4. Уақытша сақталатын өнiмдер мен материалдар қалдықтар тәрiздi қоршаған ортаға әсер ету көздерi ретiнде қаралады. Бұл ретте табиғи ортада ашық күйiнде бiр жылда 3 айдан аса орналасқан аршылған және сiңiмдi кен жыныстары, мұнай өнiмдерi, көмiр, күкiрт, улы химикаттар, асфальтбитумды қоспа және металл сынықтары сияқты өнiмдер мен материалдар ғана қаралады.
      5. Рұқсат мемлекеттік ресми құжат болып табылады, негiзгі парақ пен қосымшалардан тұрады. Негізгі парақта ластау түрлерiнiң (ластағыш заттардың шығарындылары, төгiндiлерi және қалдықтар) жалпы көлемi, қолдану мерзiмi және табиғат пайдалану шарттары көрсетiледi. Қосымшалар рұқсаттың ажырағысыз бөлiгi болып табылады. Қосымшаларда табиғат пайдаланушылар мәлiмдеген ластаудың барлық түрi, олардың мөлшері және ластағыш заттардың ингредиенттерінің шоғырлануы көрсетіледі.
      6. Рұқсатты Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы (бұдан әрі - орталық орган) береді.
      Рұқсатты ресімдеу орталық органда да, қоршаған ортаны қорғау саласындағы облыстық, Алматы және Астана қалалық, сондай-ақ басқа да аумақтық басқармаларда (бұдан әрi - аумақтық басқарма) жүргiзiледi.
      7. Рұқсат табиғат пайдаланушыда ластану түрлерiнiң бiрi орын алып және ол мынадай мөлшерден жоғары болғанда орталық органда ресімделеді:
      1) ластағыш заттардың шығарындылары 1000 т/жыл (мұнай-газ өнеркәсiбi үшiн 100 т/жыл) немесе қауiптiлiгі бiрiншi және екiншi санаттағы барлық кәсiпорын ластағыш заттардың массасы мен түрлерiнiң құрамына қарай;
      2) ластағыш заттардың төгіндiлерi 1000 т/жыл;
      3) орналастырылатын қалдықтар 10000 т/жыл (3 және 4-сыныпты уыттылық) немесе 1000 т/жыл (1 және 2 сыныпты уыттылық).
      Орталық орган қызметi "Байқоңыр" ғарыш айлағы, Каспий теңiзi, Ертіс, Жайық, Iле, Тобыл және Сырдария шекарааралық өзендерi аймақтарын тiкелей ластауымен байланысты табиғат пайдаланушыларға да рұқсатты ресiмдейдi.
      8. Қалған барлық жағдайда рұқсатты аумақтық басқарма ресiмдейдi.
      9. Рұқсат табиғат пайдаланушыларға әрекет ету мерзiмi көрсетіле отырып, 1 жылға берiледi. Құқықтан айыру және уақытша табиғат пайдалану жағдайларында рұқсатты 9 айға, жарты жылға және тоқсанға беруге болады.
      10. Өтiнiштер мен рұқсаттарда көрсетiлетiн ластағыш заттар шығарындыларының (төгіндiлерiнiң) және орналастырылатын қалдықтардың көлемi туралы ақпараттар көпшiлiкке мәлiм болуы тиiс.
      11. Орталық орган қолда бар рұқсаттар бойынша деректер қорын жасайды және үнемi толықтырып отырады.
      12. Рұқсаттың күшi мынадай жағдайларда жойылуы мүмкін:
      табиғат пайдалану тәртiбiнiң, табиғат пайдаланушы кәсiпорын қызметі бағытының өзгеруi, технологияның алмастырылуы;
      қолданыстағы табиғат пайдалану нормативтерiнiң ластағыш заттар шығарындылары мен төгіндiлерiне шектеулердi төмендетудi көздейтiн өзгеруi;
      экологиялық сараптама қорытындысының жарамсыз деп танылуы;
      табиғат пайдаланушылардың анық емес деректер беруi;
      ластағыш заттар шығарындылары, төгінділері және орналастырылатын қалдықтар көлемін нормалау кезіндегі есептермен байланысты табиғат пайдаланушылардың қателіктері.
      13. Рұқсаттың күшін жою туралы шешімді рұқсаттарда белгіленген шарттар мен талаптарды табиғат пайдаланушы орындамағанын мемлекеттік бақылау органдары анықтаған жағдайларда рұқсат берген орган шығарады.
      Рұқсаттың өзінің күшін жоймай-ақ рұқсатқа ластану түрлері (ластағыш заттар шығарындылары, төгінділері және қалдықтар) бойынша қосымшалар бұл қосымшаны (қосымшаларды) тиісінше алмастыру арқылы кері қайтарып алынуы мүмкін.
      Рұқсаттың күшін жою туралы хабарламада күшін тоқтатудың себептері мен күні көрсетілуі тиіс.
      Рұқсаттың күшін жою табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға ластағыш заттар шығару мен төгу, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру құқығынан айырылуына, сондай-ақ арнайы табиғат пайдалану шартын бұзуына әкеп соғады.
      14. Рұқсат мөрқағазы нөмiрi және берілу күнi көрсетілген қатаң есептегi құжат болып табылады. Рұқсаттың бiр данасы кәсiпорында, екiншi данасы оны ресiмдеген органда сақталады.

             2. Өтінiш материалдарын ресiмдеудiң жалпы мәселелерi

      15. Барлық табиғат пайдаланушы рұқсат алу үшiн аумақтық басқармаға жазбаша өтiнішті, сондай-ақ қосымшаға сәйкес оған керектi құжаттарды қосып тапсырады.
      16. Рұқсат алуға өтiнiштердi жұмыс істеп тұрған кәсiпорындар үшiн заңды және жеке тұлғалар ағымдағы жылдың IV тоқсанының басынан бастап бередi және келесі жылдың 1 тоқсанында аяқталады.
      17. Жаңадан ашылатын кәсiпорындар үшiн заңды және жеке тұлғалар аумақтық орган анықтайтын ластану туындаған кезге дейiн өтiнішті ресiмдеуi тиiс.
      18. Барлық табиғат пайдаланушы өтiніштерiнiң материалдары олардың нормативтік және экологиялық талаптарға сәйкестігін тексеру үшiн алдын ала аумақтық басқармаларда 15 күн мерзiм ішiнде қаралады. Материалдар толық емес көлемде және ластағыш заттар көлемін нормалауда қателiктерiмен тапсырылған жағдайда өтінiш қарауға қабылданбайды.
      19. Ластағыш заттар көлемiне және осы Ереже 1-бөлiмiнiң 7-тармағына

сәйкес өтiнiш материалдары аумақтық басқарманың қорытындысымен бiрге 
орталық органға жiберiледi.
     20. Орталық органға жiберiлетiн өтінiштер материалдары өтiнiш 
кестелерiнiң және ластағыш заттар шығарындыларының, төгiндiлерiнiң, 
сондай-ақ орналастырылатын қалдықтар көлемінің электрондық нұсқасының 
жазбасын қамтуы тиiс.

               3. Рұқсатты орталық органда ресiмдеу тәртiбi

     21. Рұқсат алу үшiн материалдар орталық органда өтiнiш тiркелген 
күннен бастап 30 күн мерзiм ішiнде қаралады. Бұл мерзiмге аумақтық 
басқармалардың өтiнiштер материалдарын алдын ала қарау уақыты кiрмейдi.
     22. Рұқсат орталық орган белгiлеген нысан бойынша міндетті түрде 
реттiк нөмір берiле отырып, ресiмделедi.

             4. Рұқсатты аумақтық басқармада ресімдеу тәртібі

     23. Аумақтық басқармада ресімделетін рұқсатты алу үшін материалдар 
өтініш тіркелген күннен бастап 30 күннен аспайтын мерзімде қаралады.
     24. Рұқсат орталық орган белгiлеген нысан бойынша аумақтық органда 
ресімделеді және орталық орган нөмір берген кезден бастап берілген болып 
есептеледі.

                    5. Тараптардың жауапкершілігі

     25. Табиғат пайдаланушы өтініш материалдарында көрсетілген 
мәлiметтердiң шынайылығы үшін жауап бередi.
     26. Аумақтық басқармалар орталық органға жiберiлетін өтінiш 
материалдарының жинақылығы әрi барлық талапқа сәйкес келуi және аумақтық 
басқармаларда рұқсаттардың уақтылы ресiмделуi үшiн жауапты.
     27. Орталық орган осы Ереже 1-бөлімінiң 7-тармағы бойынша Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсаттың уақтылы берiлуi үшiн жауап 
бередi.  

P981213_

   

V990925_

  

                    6. Рұқсаттың күшiн жою тәртібi



      28. Рұқсаттың күшін жоюды рұқсат берген орган жүргізедi. Өзге мемлекеттік органдардың рұқсаттың күшiн жоюы жарамсыз деп есептеледi.
      29. Мемлекеттік органдар орталық органға немесе аумақтық басқармаға рұқсаттың күшiн жою туралы себептерiн мiндеттi түрде көрсете отырып, өтінiш бередi. Орталық орган күшiн жою туралы өтiнiштi қарағаннан кейiн бұзушылықтарды жою немесе жаңа талаптарды орындау үшiн табиғат пайдаланушыға ұзақтығы 2 айға дейiн мерзiм белгiлейдi.
      30. Аумақтық басқарма ресiмдеген рұқсаттың күшi жойылған ретте рұқсат орталық органдағы тіркеуден шығарылуы қажет. Орталық органнан рұқсаттың есептен шығарылғаны туралы растама алғаннан кейiн, рұқсатты ресiмдеген тұлға табиғат пайдаланушыны рұқсаттың күшi жойылғаны туралы хабарландырады. Орталық органнан есептен шығарылғаны туралы растама алмай

тұрып рұқсаттың күшiн жоюға тыйым салынады.
     31. Аумақтық басқарма ресiмдеген рұқсаттан өрескел қателер табылған 
жағдайда, орталық орган міндетті түрде күшiн жою себептерi мен фактісi 
туралы аумақтық басқармаға хабарлай отырып, ол рұқсаттың күшiн жоя алады. 
Қателер аумақтық басқармалардың кiнәсiнен болған жағдайларда табиғат 
пайдаланушыларға айыппұл салу жазалары қолданылмайды.
     
                             7. Бақылау
     
     32. Аумақтық басқармалар кәсіпорындардың рұқсаттарда белгіленген 
шарттар мен талаптарды орындауын бақылауды жүзеге асырады.
     33. Орталық орган аумақтық басқармалардың рұқсаттарды дұрыс 
ресімдеуін бақылауды жүзеге асырады.

                                Қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру
                                          ережесіне қосымша

          Қоршаған ортаны ластауға рұқсат алу үшін қажетті 
                  материалдар құрылымы (мазмұны)

     1. Табиғат пайдаланушы туралы деректердi көрсете отырып, арнайы 
табиғат пайдалануды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаның қолы қойылған 
өтініш мынадай нысан бойынша:
     1) ұйым атауы;
     2) СТН - салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi;
     3) заңды мекен-жайы: почта индексi, ел, облыс, аудан, елдi мекен, 
көше (мөлтек аудан), үй нөмiрi, пәтер (бөлме);
     4) өнеркәсiп немесе ауыл шаруашылығы саласы (тiркеу куәлiгi бойынша 
негізгі қызметi);
     5) меншік нысаны (мемлекеттік, жеке меншiк, қоғамдық ұйым және т.б.).
     2. Ластау көздерiнiң орналасқан жерi туралы деректер мынадай нысан 
бойынша:
---------------------------------------------------------------------------
  Өнеркәсiп  ! Облыс !   Аудан,   !      Координаттар,     ! Алып жатқан
  алаңының   !       ! елдi мекен !    град., мин., сек.   ! ауданы, га.
  атауы      !       !            !------------------------!
             !       !            !   ендік   !  бойлық    !
---------------------------------------------------------------------------
      1      !   2   !      3     !     4*    !      5*    !      6
---------------------------------------------------------------------------
     
     * - 4 және 5-бағандар деректер болған жағдайда толтырылады.

     3. Ластағыш заттар шығарындыларының (төгіндiлерiнiң) және 
орналастырылатын қалдықтардың сұралған көлемi мынадай нысан бойынша:

                            Шығарындылар*
---------------------------------------------------------------------------
   Заттардың атауы     !     Ластағыш заттар     !       Өткен жылғы
                       !    шығарындыларының     ! iс жүзiндегі шығарынды
                       !   нормативтік көлемi    !
---------------------------------------------------------------------------
                                  т/жыл                    т/жыл
Барлығы, оның ішінде:
1-алаң
2-алаң және т.б.
---------------------------------------------------------------------------
     
                             Төгiндiлер*
---------------------------------------------------------------------------
   Заттардың атауы     !     Ластағыш заттар     !       Өткен жылғы
                       !     төгінділерінің      !  iс жүзiндегі төгінді
                       !   нормативтік көлемi    !
---------------------------------------------------------------------------
                                  т/жыл                    т/жыл
Барлығы, оның ішінде:
1-төгінді
2-төгінді және т.б.
---------------------------------------------------------------------------
     
                             Қалдықтар*
---------------------------------------------------------------------------
                       !     Орналастырылатын    !      Өткен жылғы
  Қалдықтардың атауы   !       қалдықтардың      ! iс жүзiндегі қалдықтар
                       !    нормативтік көлемі   !
                       !-------------------------!-------------------------
                       !          т/жыл          !          т/жыл
---------------------------------------------------------------------------
Барлығы, оның ішінде:
Өнеркәсіп қалдықтары
Мұнай
Қатты тұрмыстық
қалдықтар және т.б.
---------------------------------------------------------------------------
          


      * - кестелер бүкiл кәсiпорынның орынның жиынтық деректерi түрiнде толтырылып, оның құрамында шығарындыларға арналған әрбiр өнеркәсiптік алаң және шығарындылар көздерi, ағын су төгіндiлерiне арналған су шығарғыштар және қалдықтарға арналған жинақтауыштар көрсетiледi.

      4. Ластағыш заттар шығарындыларының (төгіндiлерiнiң) және орналастырылатын қалдықтардың қоршаған ортаға әсерлерiне өндiрiстiк мониторинг бойынша жылдық есептер. Шығарындылардың, төгiндiлердiң және орналастырылатын қалдықтардың нормативтік мөлшерiнiң есептерi. Есептердiң ресiмделуi қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сай болуы тиiс.
      5. Сұралып отырған ластағыш заттар нормативтiк көлемiн өткен жылғы iс жүзiндегiге қарағанда көбейтудi негіздеу жөнiндегі түсiндiрме жазба.
      6. Рұқсат алуға өтiнiштiң (қосымшаның 1 - 3-тармақтары), сондай-ақ шығындыларға, төгiндiлерге және орналастыратын қалдықтарға лимиттердiң (рұқсатқа қосымшалар) магниттік жазылған дискеттерi.
      7. Апат болу жағдайларының туындау қауіпінен сақтандыру.
      8. Шығарындылар бойынша өтiнiштердiң қосымша материалдары:
      Пайдалануға алғаш рет енгізіліп отырған немесе технологиялық жағдайлары өзгерген кәсiпорындар үшiн шектеулi рауалды шығарындыларға (ШРШ) берiлген ластағыш заттардың жылдар мен негiзгi ингредиенттер бойынша нормативтік көлемi көрсетiлген мемлекеттік экологиялық сараптама.
      9. Төгiндi бойынша өтініштердің қосымша материалдары:
      1) мыналар көрсетiлген ағын су қабылдағышының көрсеткіштерi:
      қабылдағыш атауы (өзен, су қоймасы, тоған, сүзгi алаңы және басқалар);
      қабылдағыштың сипаттамасы (орналасқан жерi, көлемi, карталар саны және т.б.);
      2) бөлiнетiн ағын су санаты (нормативтi-тазартылған, өнеркәсiптiк, шаруашылық-тұрмыстық, тоспа-қашыртқылық, шахталық және басқалар);
      3) ағын суды төгу режимi;
      4) ағын су мөлшерiн бақылау (қабылданған есепке алу және жабдықтар);
      5) төгiлетін ағын су сапасын бақылау (талдау зертханасын аттестаттау немесе лицензиялау);
      6) басқа да су пайдаланушылардан қабылданатын ағын су көлемi (м3/сағат, мың. м3/жыл) және алдын ала тазартылуы;
      7) 2 ТП - су шаруашылығы есебi бойынша өткен жылдағы ағын су төгiндiлерiнiң нақты көлемi (м3/сағат, мың. м3/жыл);
      8) белгiленген шектеулi рауалды төгіндi (ШРТ) үшiн ағын судың бекітiлген жұмсалу көлемi (м3/сағат, мың. м3/жыл);
      9) ағын су төгіндiсiнiң мәлiмделген көлемi (м3/сағат, мың. м3/жыл);
      10) әрбiр су жiберу бойынша ағын судың сапалық сипаттамасы.
      10. Қалдықтарды орналастыруға өтiнiштердiң қосымша материалдары:
      1) қалдықтардың мыналар көрсетiлген сипаттамасы:
      қалдықтар пайда болатын технологиялық процесс немесе өндiрiс атауы;
      қалдықтардың жылдық пайда болу, пайдалану, зарарсыздандыру және

сақталу көлемi (жиналуға және орналастыруға рауалды көлем есебiн келтіру);
     қалдықтарды жинау, тасымалдау және сақтау жүйесiнiң сипаттамасы;
     қалдықтың толық химиялық құрамы, қауiптiлiк сыныбы көрсетілген уытты 
қосындыларының құрамы.
     2) қалдықтардың, сақталу орнының мыналар көрсетiлген сипаттамасы:
     сақталу орнының атауы, оның ведомстволық тиiстiлігі;
     нормалау жылының басындағы жағдай бойынша жиналған қалдықтардың толық 
көлемi, объектiні пайдалану мерзiмi (басы-соңы);
     қалдықтардың қоршаған табиғи орта мен халықтың денсаулығына зиянды 
әсерiн болдырмау шарттары (қарсысүзгiлiк экран, шаңбасу жүйесi, суды жинау 
мен тазалау және т.б.).
     
 
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.