Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 қыркүйек 1132

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

     көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік 
кәсіпорындардың тізбесінде:
     "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген 
бөлімде:
     реттік нөмірі 503-жолдағы "Алматы" деген сөз "Астана" деген сөзбен 
ауыстырылсын.
     2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы 
қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі


Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.