Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында республикалық бюджеттен берілген несиелер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен оқшауландырылған сомалар бойынша сыйақы ставкасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 қыркүйек N 1131

Қолданыстағы
      Несиелендіру кезінде, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау кезінде республикалық бюджеттің шығынына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мыналар:
      1) төмен тұрған бюджеттерді несиелендіруді қоспағанда, республикалық бюджеттен несиелендіру, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тоқсан сайын белгілейтін ставка бойынша сыйақыны (бұдан әрі - сыйақы ставкасы) есептей отырып, ақылы негізде жүзеге асырылады;
      2) тиісті тоқсанға арналған ұлттық валютадағы сыйақы ставкасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ұлттық валютада эмиссиялаған мемлекеттік орта мерзімді индекстелмейтін бағалы қағаздар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдастырылған қайталама рыногындағы операциялардың нәтижелері бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан кірістің орта өлшемді ставкасына тең болып белгіленеді;
      3) тиісті тоқсанға арналған шетел валютасындағы сыйақы ставкасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шетел валютасында эмиссиялаған мемлекеттік орта мерзімді бағалы қағаздар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдастырылған қайталама рыногындағы операциялардың нәтижелері бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан кірістің орта өлшемді ставкасына тең болып белгіленеді деп белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджеттен несие беру, мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау және бұрын республикалық бюджеттен берілген несиелерді қайта құрылымдау кезінде осы қаулының 1-тармағына сәйкес сыйақы ставкасының

пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануы 
тиіс.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.