1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін 50 пайыз мөлшерінде белгілеп, "BAE Systems Kazakhstan Ltd." компаниясымен (Ұлыбритания Корольдігі) (бұдан әрі - Компания) "Эйр Астана" жабық акционерлік қоғамын (бұдан әрі - Қоғам) құру туралы құрылтай шартын жасассын;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және Компаниямен (келісім бойынша) бірлесіп, Қоғамның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын;
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оны пайдалану құқығын берсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қоғамның жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің үлесін қалыптастыру үшін 8 500 000 (сегіз миллион бес жүз мың) АҚШ долларына балама мөлшердегі бюджет қаражатын бөлуді көздесін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-15-жолмен толықтырылсын:
"21-15 "Эйр Астана" ЖАҚ";
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-8-жолмен толықтырылсын: "160-8 "Эйр Астана" ЖАҚ". 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.