Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Бiлім, ғылым және мәдениет мәселелерi жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) арасында көне қала Отырарды сақтау және консервациялау жобасы бойынша келiсім жасасу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 тамыз N 1103

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бiлiм, ғылым және мәдениет мәселелерi жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) арасындағы көне қала Отырарды сақтау және консервациялау жобасы бойынша келiсiмнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясының төрағасы Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке, Келiсiмнiң жобасына қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бiлiм, ғылым және мәдениет мәселелерi жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) арасында көне қала Отырарды сақтау және консервациялау жобасы бойынша келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бiлiм, ғылым және
мәдениет мәселелерi жөнiндегі Бiрiккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО)
арасындағы көне қала Отырарды сақтау және консервациялау жобасы
бойынша келiсiм

(Осы Келісім қол қойылған күннен бастап күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бiлiм, ғылым және мәдениет мәселелерi жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО),
      Қазақстан Республикасы мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өзара қатынастарды дамыту мен тереңдетуге мүдделiлiктi назарға ала отырып,
      Отырар тарихи ескерткiшiнiң қазақ халқының бiрегей мәдени мұрасының объектiсi ретiнде сақталуына мүдделілік бiлдiре отырып,
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Бiлiм, ғылым және мәдениет мәселелерi жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымынан (ЮНЕСКО) Отырар Төбе ескерткiшiн сақтау және қалпына келтiру жөнiндегi жобада көмек сұрағанын ескере отырып,
      ЮНЕСКО-ның Бас директоры Бас Конференциямен ЮНЕСКО-ның мақсатына, саясатына және iс-қимылына сәйкес келетiн қызметтi жүзеге асыру мақсатында донорлардың мақсатты қаражаттарын қабылдауға өкiлеттiгiн басшылыққа ала отырып,
      жобаны жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Үкiметiне ЮНЕСКО-ның өтеусiз көмек көрсетуiне мүмкiндiк туғызуда Жапония Үкiметiнің тек ЮНЕСКО-мен келiсiм негiзiнде ғана ЮНЕСКО үшiн қаржыландыруды ашатындығын ескере отырып, төмендегілер туралы келiстi:

1-бап
Мақсаты мен сипаттауы

      1. Қазақстандағы Отырар Төбе археологиялық объектiлерiн сақтау және оларды қолдау жолымен, Отырар Төбе мәдени ескерткiшiн сақтауға және дамытуға жәрдемдесу, мәдени туризм объектiлерiн дамыту арқылы аймақтағы тұрақты экономикалық қызметтiң дамуына ықпал ететiн мәдени ресурстарды басқару және сақтау үшiн ұлттық және жергiлiктi әлеуетті нығайту мақсатында, осы жоба мынадай іс-қимылдарды жүзеге асыруды көздейдi:
      а) ғылыми сипаттау және құжаттаманы орындау, сондай-ақ Отырар Төбе үшiн ғылыми құжаттаманың компьютерлендiрiлген жүйесiн құру;
      б) Отырар Төбе археологиялық объектiлерiн консервациялауды және оларды қазiргi және болашақ ұрпақ үшiн қорғауды, сондай-ақ Құйрық Төбе, Алтын Төбе және Көк Марданды консервациялау бойынша шұғыл iс-қимылдарды қамтамасыз ету;
      в) Отырар Төбе археологиялық ескерткiшi, маңайындағы жерлерге, оны сақтау және қызмет көрсету үшiн мастер-жобаны жасау;
      г) жұмыс процесiнде ұлттық сарапшылар мен халық шеберлерiн халықаралық стандарттар деңгейiндегi әдiстемелерге оқыту арқылы мәдени мұраларды басқару, сақтау және консервациялау жөніндегi ұлттық және жергіліктi әлеуеттi нығайту;
      д) қазақстандық мәдени мұралардың құндылықтарын, атап айтқанда Отырар Төбенi, сондай-ақ ЮНЕСКО/Жапония Траст Қорының осы жобасын бүкiл әлемде және Қазақстанда насихаттау;
      е) Археология ғылыми-зерттеу институты мен Материалдық мәдени ескерткiштердi қорғау ғылыми-зерттеу жобалау институтының, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгінің, ЮНЕСКО-ның, Жапония Траст Қорының өкiлдерiнен, қажеттiлiктiң пайда болуына қарай жобаны жүргiзетiн екi немесе үш халықаралық сарапшылардан тұратын, Халықаралық ғылыми комитет құру, егер бұл қажет болатын болса Халықаралық ғылыми комитетке Қазақстан Республикасының Үкiметi мен ЮНЕСКО-ның өкiлдерiне:
      - осы жобаның шеңберiнде орындалатын iс-қимылдардың техникалық прогресiн бағалау;
      - өткен жылдың жұмыс қорытындыларын қарау, алдағы жылға арналған бағдарламаларын жалпылай қалыптастыру және келiсу;
      - осы жобаны орындауға байланысты пайда болуы мүмкiн кез-келген басқа мәселелер бойынша консультациялар беретiн басқа да мамандар шақырылуы мүмкiн.
      2. Жобаның егжей-тегжейлi сипаттауы осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Қосымшада берiледi.

2-бап
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мiндеттемелерi

      Осы жобаның шеңберiнде жобаның сипаттауы мен жұмыс жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      а) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң тиiстi органынан ұлттық сарапшылар мен шеберлер тобын басқаратын, үйлестiретiн жобаны ұлттық деңгейде iске асыруға жауапты тұлғаны (бұдан әрi - уәкiлеттi тұлға) ЮНЕСКО-мен келiсiм бойынша тағайындайды, сондай-ақ ол уәкiлеттi тұлғаның адресiне Қазақстанның мемлекеттiк органдарына арналған халықаралық хат-хабарлар жолданатын болады. Уәкiлетті тұлға жобалық жұмыстардың ұлттық деңгейде орындалуын үйлестiруге және олардың Қазақстан Республикасы Yкiметінің Отырар аймағы жөнiндегi жоспарларына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге жауапты болады. Уәкiлеттi тұлға қазақстандық Тараптың, материалдық нысандағы жарналарын қоса алғанда (қазақстандық сарапшылардың, машықтанушылардың және объектідегі жұмысшылардың еңбекақыларын, объектiге қоршауды орнату, объектiнi күзету және қойма жайларын беру, көп мәртелiк келу визалары), қатысуына жауапты болады. Уәкiлеттi тұлға, сондай-ақ Халықаралық ғылыми комитетi Хатшысының қызметтерiн де атқарады;
      б) мыналар үшiн:
      - осы төрт жылдық жобаға келесi фазаларды қоса алғанда, жобаны iске асыру аяқталғанға дейiнгi мерзiмге жер учаскесiн бөлу;
      - мәдени мұра объектiсiнiң ауданында тәжiрибелiк корпус/далалық зерттеу зертханасының құрылысына бақылау үшiн қажеттi шараларды қабылдайды;
      в) қажеттiлiгiне қарай жобаға тиiстi жәрдем, соның iшiнде материалдық қызметтер ұсыну, мысалы қызметтiк офистер, конференциялар үшiн жайлар және оқу бөлмелерiн, қойма жайларын, қызмет көрсетушi техникалық персонал және жобаның орындалу кезеңiнде ЮНЕСКО-ның үлесiне енбеген барлық қажеттi институционалдық қолдау көрсетедi;
      г) жұмыс Жоспарына сәйкес мониторинг және мерзiмдi бағалау жүргiзудi қамтамасыз етедi.

3-бап
ЮНЕСКО-ның мiндеттемелерi

      1. Жобаны iске асыру мерзiмi iшiнде және Қосымшаға сәйкес 829 703 (сегiз жүз жиырма тоғыз мың жеті жүз үш) АҚШ долларына бағаланған (бағдарламаны қолдау жөнiндегi 13 (он үш) пайыз шығыстарды қоса алғанда) бюджет шеңберiнде, ЮНЕСКО:
      а) ЮНЕСКО-ның Мәдени мұралар бөлiмiнiң Еуропа, Азия және Тынық мұхит секциясы Меңгерушiсiнiң басшылығымен жұмыс iстейтiн Ұлттық Бағдарламалық Қызметкер/Әкiмшiмен келiсiм-шартты қоса алғанда, жобалық жұмыстарды орындау және бақылау үшiн талап етiлетiн келiсiм-шарттарды дайындайды, ол жобалық iс-қимылдарды үйлестiруге және Қазақстан Республикасының Yкiметі мен ЮНЕСКО-ның арасындағы байланысты сақтауға толық жауапкершiлiктi қабылдайды;
      б) жобаның орындалуын бақылайтын болады;
      в) техникалық және әкiмшiлiк қолдауды қамтамасыз етедi, жобаның орындалуын жеңiлдету үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды және Қазақстанның тиiстi мекемелерi мен мемлекеттік органдарының, сондай-ақ сол объектiдегi басқа ұйымдардың орындаған жұмыстарын үйлестiретiн болады.
      2. Жоғарыда 1-тармақта сипатталған ЮНЕСКО-ға жәрдемдесу Жапония Үкiметiнiң жобасын iске асыруға бөлiнетiн қаражаттың болуына және ЮНЕСКО Бас Конференциясының шешiмдерiне байланысты болады және ЮНЕСКО-ның нұсқауларына, ережелерiне және рәсiмдерiне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      3. Осы Келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi пайдаланбаған немесе жобаның аяқталуы немесе тоқтатылуы кезiнде толық жұмсалмаған ЮНЕСКО-ның кез-келген қосымша қаражаты ЮНЕСКО-ның кез-келген қосымша қаражатымен қатар Жапонияның дүниежүзілiк мәдени мұраларды сақтау жөнiндегi Трастық Қорына қайтарылуы тиiс.

4-бап
Жабдықтар, материалдар, жеткiзiлiмдер

      1. Осы Келiсiмге сәйкес ұсынылатын барлық жабдықтар, материалдар және жеткiзілiмдер тек жобаны iске асыруға ғана бағытталуы тиiс. Жеке құны 1000 (бiр мың) АҚШ долларынан асатын жұмсалмаған жабдықтар ЮНЕСКО-ның меншiгi болып қалуы, жабдықтар тiзiмiнде тiркелуi тиiс. Жоба аяқталған соң, осындай жабдықтарға ресми құқықтарды беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн ЮНЕСКО Жапония Үкiметiмен консультациялар жүргiзедi. Барлық өзге жабдықтарға, материалдарға және жеткiзілiмдерге құқықтар жобалық объектiге жеткізу кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне берiлген деп есептеледi.
      2. ЮНЕСКО-ның материалдар мен жеткізілiмдер нысанында жүзеге асырған көмегi жағдайында, Қазақстан Республикасының Үкiметi ЮНЕСКО сарапшыларымен бiрлесiп, жабдықтарды кедендiк тексерудi, қабылдауды, тасымалдауды, өңдеудi жеңiлдетуге, Қазақстанға әкелу пунктiнен жобалық объектiге дейiн сақтау үшiн, ұқыпты ұстау, техникалық қызмет көрсету, сақтандыру және, қажет болса, оны орнату мен монтаждау үшiн барлық қажеттi шараларды алдын ала қабылдайды.

5-бап
Басқа шарттар

      1. ЮНЕСКО-ның көмегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Бiрiккен Ұлттар Ұйымының басқа агенттiктерiнен, екi жақты бағдарламалардан немесе жеке меншiк қорлардан қосымша көмек қабылдауына кедергi болмайды.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi ЮНЕСКО-ға осы жобаны орындауға байланысты ұсыныстар немесе осындай көмектердiң түсуi туралы ақпаратты ұсынатын болады.

6-бап
Ақпарат және есептер

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi ЮНЕСКО-ға жоба туралы ЮНЕСКО-ға қажет болуы мүмкiн ақпаратты бередi.
      2. Жоғарыдағы тармақ үшiн шектеусiз, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаржылық есептi, есептiк кезеңдегi орындалған жұмыстар және келесi есептiк кезеңнiң iшiнде жоспарланған жұмыстардың егжей-тегжейiн қоса алғанда, қол жеткiзген нәтижелер туралы алты айлық есептер берiп отырады.
      3. Жобаның мәнiн, сапасын және орындалу деңгейiн растау мен тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi жобалық объектіге және кез-келген тиісті қаржылық есептер мен құжаттамаларға қол жеткізу үшін ЮНЕСКО-ға немесе оның өкілетті өкіліне (өкілдеріне) мүмкіндік береді. Мұндай есептер мен құжаттар Қазақстан Республикасының Yкiметi арқылы ЮНЕСКО үшiн ашық қалдырылатын болады және жоба аяқталған немесе тоқтатылған соң кемiнде бес жыл сақталады.

7-бап
Артықшылықтар мен иммунитеттер

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi ЮНЕСКО-ға, оның меншiгiне, қорлары мен мүлкiне, сондай-ақ ЮНЕСКО атынан қызмет атқарушы Қазақстан Республикасының резиденттерiнен басқа, оның лауазымды тұлғалары мен сарапшыларына БҰҰ-ның 1947 жылғы 21 қарашадағы мамандандырылған мекемелердiң артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы Конвенциясы мен оған IV Қосымшаның ережелерiн қолданады, әсiресе ЮНЕСКО-ның лауазымды тұлғаларының, сарапшылардың және ЮНЕСКО атынан осы жобаның шеңберiнде қызметтер атқаратын басқа да тұлғалардың, олардың азаматтықтарына қарамастан, Қазақстан Республикасы аумағына келу, онда болу және одан кету құқықтарына, егер бұл Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауiпсiздігіне қатер тудырмаса, ешқандай шектеу қойылмайтындығы мойындалатын болады.
      2. ЮНЕСКО-ның осы Келiсiм шеңберiндегi өзiнiң қызметтерiн жүзеге асыру мақсатында қазақстандық Тарап:
      а) ЮНЕСКО-ның активтерiне жататын ғимараттарды (жайларды) Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген салықтардан;
      б) осы жобаны iске асыруға қажеттi тауарлар түрiндегi ЮНЕСКО-ның активтерiн Қазақстан Республикасының кеден және салық заңдарымен белгіленген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты (экспорты) кезiнде алынатын кедендiк баждар мен салықтардан;
      в) ЮНЕСКО-ға берiлетiн автокөлiк құралдары, оргтехника, офистiк жиhаз, арнайы жабдықтар (Қазақстандағы Отырар Төбе ескерткiшiн сақтау мен қалпына келтiруге арналған) мен олардың жасақтаушылары түрiндегi тауарларды Қазақстан Республикасының импортқа (экспортқа) белгілеген тыйымдары мен шектеулерiнен босату алдын ала іс-қимылдар жүргiзедi.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Келiсiм бойынша жүргiзiлетiн іс-шараларға жәрдемдесу үшiн қажеттi шараларды қабылдайды және ЮНЕСКО-ға және оның қызметкерлерiне, сондай-ақ ЮНЕСКО атынан немесе тапсырмасы бойынша қызметтер атқарушы басқа тұлғаларға жобаны жылдам және тиiмдi орындау үшiн, атап айтқанда:
      а) қажеттi визалар, лицензиялар немесе рұқсаттарды жылдам және тегiн беру;
      б) жобалық объектiге қол жеткiзу және қажеттi құқықтар;
      в) Қазақстан Республикасының ұлттық заңдарына сәйкес ел шегінде, елге келу немесе елден кету, жобаны тиiсiнше орындау үшiн қажеттi жүрiп-тұру бостандығын;
      г) осы Келiсiмге қатысты жабдықтар, материалдар мен жеткізулерді әкелу және кейiннен әкетуге қажеттi рұқсаттарды;
      д) ЮНЕСКО-ның лауазымды тұлғаларының немесе ЮНЕСКО атынан қызметтер атқаратын басқа тұлғалардың жеке пайдалануы мен тұтынуы үшiн әкелуге қажеттi мүлiктердi және осы тектес мүлiктердi кейін керi әкетуге қажеттi рұқсаттарды бередi.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiншi тұлғалардың ЮНЕСКО-ға, оның мүлiктерi мен персоналына немесе ЮНЕСКО-ның атынан қызметтер атқаратын басқа тұлғаларға қарсы қоюлары мүмкiн кез-келген талаптарын қарауға жауапкершiлiк алады және ЮНЕСКО, оның мүлiгi, персоналы мен басқа да тұлғалары үшін, осы Келiсiм шеңберiнде орындалатын жұмыстар нәтижесiнде туындайтын зияндардың тигiзiлмеуiн қамтамасыз етуге тиiс, оған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен ЮНЕСКО персонал мен тұлғалардың салақтығынан немесе әдейi iстелген iс-қимылының нәтижесi болып табылады деп мойындаған талаптар мен шағымдар жатпайды.

8-бап
Қорытынды ережелер

      1. Осы Келiсiм ЮНЕСКО-ның Қазақстан Тарапынан оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілік рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      2. Тараптардың өзара уағдаластықтары бойынша осы Келiсiмге, олар жеке Хаттамалармен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. Әрбiр Тарап осы Келiсiмдi өзгерту үшiн екiншi Тараптың ұсынатын кез келген ұсыныстарды тиiстi түрде назар аудара қарайды.
      3. Осы Келiсiм Тараптардың бiрi арқылы екіншi Тарапты жазбаша хабардар еткен соң тоқтатылуы мүмкiн және мұндай тоқтатылу осы Келiсiм бойынша Тараптардың кез келгенiнiң оны iске асыру барысында көтерген шығыстарына қатысты мiндеттемелерiн қозғамайтын жағдайда осындай хабарламаны алған соң 90 (тоқсан) күннен кейiн аяқталуы тиiс.
      4. Осы Келiсiмге сәйкес Тараптар қабылдаған мiндеттемелер ол тоқтатылған немесе аяқталған соң, ЮНЕСКО-ның персоналын, қаражаттары мен мүлiктерiн керi шақырып алу талабы және Тараптар арасындағы есеп айырысуларда қажеттi реттеу көлемiнде орындалатын болады.
      5. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруден немесе қолданудан туындайтын кез-келген келiспеушiлiктер немесе даулар Тараптар арасында достық жағдайда консультациялар немесе келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.

      _______________ қаласында 2001 жылғы "___"______________ әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды және барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

      Қазақстан Республикасының         Білім, ғылым және мәдениет
        Үкіметі атынан                  жөніндегі Біріккен Ұлттар
                                        Ұйымының (ЮНЕСКО) атынан

      Мамандар:
      Багарова Ж.А.
      Қасымбеков Б.А.