Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 наурыздағы N 342 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 тамыз N 1100

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Уақытша тауарлар әкелуге (әкетуге) кеден режимін қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 наурыздағы N 342 P960342_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 13, 100-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

     Кеден бажы мен салығын төлеуден босатылған, уақытша әкелінетін 
(әкетілетін) тауарлар мен көлік құралдарының тізбесі мынадай мазмұндағы 
20-тармақпен толықтырылсын:
     "20. Астық, техникалық, май және басқа да дақылдар жинауға арналған 
комбайндар, фронтальдық, жабынды, тіркемелік жаткалар".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.