Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қызмет" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 тамыздағы N 1094 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметтік үйлерін, ғимараттарын, инженерлік желілерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қызмет" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.

      2. Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып белгіленсін.

      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметтік үйлерін пайдалануды жүзеге асыру және жабдықтау функцияларын орындау болып белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметтік үйлері мен ғимараттарын, сондай-ақ оның қызметін жүзеге асыру үшін қажетті мүлікті Кәсіпорынға беру туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұсынысына келісім берілсін.

      5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметтік үйлері мен ғимараттарын, сондай-ақ оның қызметін жүзеге асыру үшін қажетті мүлікті Кәсіпорынға берсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      6. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 жыл, N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіндегі:
      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-12-жолмен толықтырылсын:

     "21-12. Қазақстан Республикасы
     Қорғаныс министрлігінің
     "Қызмет" республикалық мемлекеттік
     қазыналық кәсіпорны                          Астана қаласы".

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі