"Алматы-Астана автожолын оңалту" жобасының Гүлшат-Ақшатау учаскесіндегі орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 18 тамыз N 1083

Қолданыстағы
      Ақауларды болдырмау және орындалатын жұмыстардың сапасына талаптарды күшейту, сондай-ақ "Алматы-Астана автожолын оңалту" жобасын іске асыру жөніндегі орындалған жұмыстарды қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда "Алматы-Астана автожолын оңалту" жобасының Гүлшат-Ақшатау учаскесінде орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - мемлекеттік комиссия) құрылсын.
      2. Мемлекеттік комиссия Алматы-Астана автожолының Гүлшат-Ақшатау

учаскесіндегі орындалған жол салу-құрылыс жұмыстарын қабылдауды 1997 жылғы 
5 қарашадағы N АDВ/001/СW келісім-шартты техникалық ерекшеліктерінің 
талаптарына сәйкес жүргізсін.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкіметінің
                                          2001 жылғы 18 тамыздағы
                                             N 1083 қаулысына
                                                  қосымша
     
        "Алматы-Астана автожолын оңалту" жобасының Гүлшат-Ақшатау          
          учаскесіндегі орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі 
                     мемлекеттік комиссияның құрамы
     
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы       - Қазақстан Республикасының Көлік және     
                                  коммуникациялар министрі, 
                                  комиссия төрағасы;     
     
Мамин Асқар Ұзақбайұлы          - Қазақстан Республикасының Көлік және     
                                  коммуникациялар вице-министрі, 
                                  комиссия төрағасының орынбасары;
     
Дунаев Арман Алиасқарұлы        - Қазақстан Республикасының Қаржы          
                                  вице-министрі;
     
Андрющенко Александр Иванович   - Қазақстан Республикасының Экономика 
                                  және сауда вице-министрі;
     
Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және     
                                  коммуникациялар министрлігі 
                                  Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы;

Шардарбеков Шәріпбек            - Қазақстан Республикасының Экономика
Шардарбекұлы                      және сауда министрлігі Құрылыс істері
                                  жөніндегі комитетінің төрағасы;
     
Ильницкий Петр Алексеевич       - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;

Красиков Олег Александрович     - "ҚазжолҒЗИ" ААҚ-ның бас директоры        
                                  (келісім бойынша);     
     
Қарабалин Әли Әлібайұлы         - Сыртқы заемдар бойынша консультанттардың
                                  бас үйлестірушісі (келісім бойынша).
     
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.