Республикалық меншіктің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 17 тамыз N 1078

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы N 796 P990796_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

 

     көрсетілген қаулыға қосымшада:

     реттік нөмірі 9-жолдың 4-бағанындағы "Сыртқы істер министрлігі" деген

сөздер "Президенттің Іс басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Астана

қаласы, Кенесары көшесі, 103 мекен-жайы бойынша орналасқан әкімшілік

ғимараты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне берілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.