1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуірдегі N 3928 U983928_ Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 651 P980651_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 22, 190-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк органдардың ақылы қызметтер көрсетуiнiң тәртiбiнде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтер бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - монополияға қарсы органдар) жүргiзетiн Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлуге тиiс.";
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ұсынылатын қызметтердiң монополияға қарсы органдар бекiткен, тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қаржы органдарымен келiсiлген бағалары;";
2) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Мемлекеттiк органдардың қызмет көрсетулерi үшiн ақы белгiлеу мен оның мөлшерiн айқындаудың тәртiбiнде:
мәтiндегi "уәкілеттi органдарға", "уәкілеттi органдар", "уәкiлеттi органдардың", "уәкiлеттi органның" деген сөздер "монополияға қарсы органдарға", "монополияға қарсы органдар", "монополияға қарсы органдардың", "монополияға қарсы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтер бағаларын бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе оның тапсыруы бойынша, оның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - монополияға қарсы органдар) бекiтедi және тиiсiнше, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және жергіліктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қаржы органдарымен келiсiледi.
3. Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтер монополияға қарсы органдар жүргізетiн, Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлуге тиiс.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Ақылы қызметтер көрсету бағаларына енгiзілетiн еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды есептеу кезiнде қызметкерлердiң нақты, бiрақ нормативтен аспауға тиiс саны ескерiледi.
Мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтерге қызметкерлердiң нормативтiк саны мен еңбек шығынының (уақыт, еңбек сыйымдылығы) нормативтерi, тиiсiнше, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiмен және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарымен келiсiледi.";
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдар қызмет көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзудiң тәртiбiнде:
мәтіндегі "уәкілетті органдарға", "уәкілетті орган" деген сөздер "монополияға қарсы органдарға", "монополияға қарсы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тiркелiмдi бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - монополияға қарсы органдар), тиiсiнше, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қаржы органдарының келiсiмi бойынша қалыптастырады және бекiтедi.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "6. Тiркелiм республикалық және жергiлiктi бөлiмдердi қамтиды. Тiркелiмнiң республикалық бөлiмi бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен, Тiркелiмнiң жергiлiктi бөлiмдерi - оның аумақтық бөлiмшелерiнiң бұйрықтарымен бекiтіледi.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.