Махамбет Өтемісовтің 200 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 13 тамыз N 1057

Қолданыстағы
      Аса көрнекті қайраткер Махамбет Өтемісовтің 200 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО шеңберінде өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1-қосымшаға сәйкес құрамда Махамбет Өтемісовтың 200 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі республикалық мерейтой комиссиясы құрылсын.
      2. 2-қосымшаға сәйкес Махамбет Өтемісовтің 200 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспары бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасы
        Премьер-Министрі


                                             Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2001 жылғы 13 тамыздағы N 1057 қаулысына 1-қосымша


             Махамбет Өтемісовтің 200 жылдық

        мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі
         республикалық мерейтой комиссиясының
                         Құрамы
     
     Тасмағамбетов            - Қазақстан Республикасы
     Иманғали Нұрғалиұлы        Премьер-Министрінің орынбасары,
                                төраға
     
     Құл-Мұхаммед             - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
     Мұхтар Абрарұлы            ақпарат және қоғамдық келісім
                                министрі, төрағаның орынбасары
     
     Жоламан                  - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Рүстем Қабидуллаұлы        Министрі Кеңсесі әлеуметтік-мәдени
                                даму бөлімінің меңгерушісі
     
     Есдәулет                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Ұлықбек Оразбайұлы         Министрі Кеңсесі әлеуметтік-мәдени
                                даму бөлімі мәдениет секторының 
                                меңгерушісі
     
     Оразалин                 - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының
     Нұрлан Мырқасымұлы         бірінші хатшысы, төрағаның
                                орынбасары (келісім бойынша)
     
     Бектұрғанов              - Қазақстан Республикасының Білім
     Нұралы Сұлтанұлы           және ғылым министрі
     
     Ыдырысов                 - Қазақстан Республикасының
     Ерлан Әбілфайызұлы         Сыртқы істер министрі
     
     Мәсімов                  - Қазақстан Республикасы Көлік
     Кәрім Қажымқанұлы          және коммуникациялар министрі
     
     Тұрлыханов               - Қазақстан Республикасы Туризм
     Дәулет Болатұлы            және спорт жөніндегі агенттігінің
                                төрағасы
     
     Дәукеев                  - Атырау облысының әкімі
     Серікбек Жүсіпбекұлы     
     
     Жақсыбеков               - Астана қаласының әкімі
     Әділбек Рыскелдіұлы
     
     Храпунов                 - Алматы қаласының әкімі
     Виктор Вячеславович
     
     Қасейінов                - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
     Дүйсен Қорабайұлы          ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі
     
     Тілеухан                 - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
     Бекболат Қанайұлы          ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі
                                Мәдениет комитетінің төрағасы
     
     Оңғарсынова              - Қазақстан Республикасы Парламенті
     Фариза                     Мәжілісінің депутаты
     
     Қабдолов                 - "Махамбет" атты республикалық
     Зейнолла Қабдолұлы         қайырымдылық қорының төрағасы,
                                академик
     
     Қозыбаев                 - Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және
     Манаш Қабашұлы             этнология институтының директоры
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкіметінің
                                      2001 жылғы 13 тамыздағы
                                          N 1057 қаулысына
                                              2-қосымша
     
                   Махамбет Өтемісовтің 200 жылдық
           мерейтойын өткізу жөніндегі іс-шараларды дайындаудың
                               жоспары
 _______________________________________________________________________
 N !         Іс-шара                    !  Орындау   ! Орындауға
р/р!                                    !  мерзімі   ! жауаптылар
 _______________________________________________________________________
 1               2                             3             4
 _______________________________________________________________________
1.  2002 жылы М.Өтемісовтің 4 томдық     2002-2003    Қазақстан Республика.
  академиялық шығармалар жинағын,        жылдар       сының Мәдениет,
  оның ішінде жеке туындыларын                        ақпарат және қоғамдық
  (1-том) өмірі мен шығармашылығы                     келісім министрлігі,
  туралы ғылыми еңбектер жинағын                      Білім және ғылым
  (2-том), ол туралы тарихи құжат.                    министрлігі,
  тар жинағын (3-том), орыс тілін.                    Қазақстан Жазушылар
  дегі өлеңдер жинағын (4-том)                        одағы (келісім
  басып шығаруды қамтамасыз ету;                      бойынша)
    ақынның энциклопедиялық сөзді.      2002-2003
  гін басып шығару;                     жылдар
    мұрағаттық құжаттар мен кино.
  материалдардың негізінде 2 бөлім.
  ді деректі фильм шығару;
     толықметражды көркем фильмнің       2002-2003
  ең үздік сценарийіне конкурс           жылдар
  жариялау және оны шығару;
     "Махамбет поэзиясы күндерінің"      2002 жыл
  мерзімін белгілеу және жыл сайын
  өткізу;
     Қазақстан театрларында спектакль-
  дердің қойылымын жүзеге асыру және
  олардың негізінде Махамбет атын.
  дағы Атырау драма театрында 
  М.Өтемісовтің 200 жылдығына арнал.
  ған республикалық театр фестивалін     2003 жыл
  өткізу;   
    Ресей Федерациясының және Өзбекстан
  Республикасының мүдделі органдарымен
  және ұйымдарымен Мәскеу, Орынбор, 
  Астрахань, және Хиуа қалаларында
  М.Өтемісовтің 200 жылдық мерейтойына
  арналған мәдени іс-шараларды 
  өткізуге келісу;
    Астана, Атырау, Алматы, Орал, Ақтөбе,
  Ақтау қалаларында мерекелік салтанат.
  тарға көрмелер, конференциялар, 
  кездесулер, концерттер, сондай-ақ
  республикалық ақындар айтысын өткізу;
     Алматы қаласында "Мүшәйра" 
  ақындар конкурсын өткізу;
     О. Таңсықбаевтың "Исатай-Махамбет    2003 жыл
  көтерілісі" атты суретін Санкт-Петербург
  қаласындағы Эрмитаждан сатып алу
  немесе уақытша көрсетуге алдырту;
 _________________________________________________________________________
2.   М.Өтемісовтің мерейтойына арнайы     2002 жыл    Қазақстан Республика.
  почта маркалары мен конверттер                      сының Көлік және
  шығаруды ұйымдастыру;                               коммуникациялар
                                                      министрлігі
 _________________________________________________________________________
3.   ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде            2003 жыл    Қазақстан Республика.
  (Париж) "Ортағасырлық қазақ                         сының Сыртқы істер
  поэзиясы" атты коллоквиум                           министрлігі, 
  (М.Өтемісов поэзиясы негізінде)                     Қазақстан Республика.
  өткізу)                                             сының Мәдениет,
                                                      ақпарат және қоғамдық
                                                      келісім министрлігі
 ________________________________________________________________________
4.  "М.Өтемісов және ұлт-азаттық          2003 жыл    Білім және ғылым
  қозғалыс" атты симпозиум                            министрлігі,
  өткізу;                                             Қазақстан Жазушылар
  4-томдық академиялық жинақты                        одағы (келісім
  толықтыру мақсатында Казань,            2002 жыл    бойынша)
  Мәскеу, Уфа, Орынбор қалаларына
  ғылыми-зерттеу экспедицияларын
  жіберу;
 _________________________________________________________________________
5.  Астана қаласында қазақша              2003 жыл    Қазақстан Республика.
  күрестен республикалық жарыс                        сының Туризм және 
  өткізу;                                             спорт агенттігі
 _________________________________________________________________________
6.  Астана қаласында М.Өтемісовтің        2003 жыл    Астана қаласының
  200 жылдығына арналған көрнекті                     әкімі
  өнер шеберлерінің қатысуымен      
  салтанатты кеш өткізу;
    Астана қаласының орталық              2002 жыл
  көшелерінің біріне заңнамада
  белгіленген тәртіппен М.Өтемісовтің
  есімін беру;
 _________________________________________________________________________
7.  Атырау қаласында "Махамбет -          2003 жыл    Атырау облысының
  Исатай" атты ескерткіш-мүсін                        әкімі
  ансамблін орнатуды;
    Атырау облысында М.Өтемісовтің        2003 жыл
  200 жылдығына арналған мерейтой
  салтанатын ұйымдастыруды;
     Атырау қаласында М.Өтемісовтің       2003 жыл
  музыкалық мұраларын орындаушылардың
  конкурсын өткізуді, жеңімпаздардың
  Астана қаласындағы қорытынды
  концертке қатысуын қамтамасыз етуді;
     М.Өтемісовтің мазарына жол төсеу     2002-2003
  жөніндегі жұмысты бастауды және онда     жылдар
  ескерткіш орнатуды ұсыну;
 _________________________________________________________________________
8.  Алматы қаласының орталық көшелерінің  2002 жыл    Алматы қаласының
  біріне заңнамада белгіленген тәртіппен              әкімі
  М.Өтемісовтің есімін беру
 _________________________________________________________________________
     
        
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.