Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны таратылсын.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша) "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын таратуды заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен таратылған Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының мүлкін және "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының таратылғаннан кейін қалған мүлкін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жедел басқару құқығымен беруді қамтамасыз етсін.
2-1. А.М.Жолдасбеков Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының тарату комиссияларының және шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының төрағасы болып тағайындалсын.
Тарату комиссиялары төрағасының еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясын ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен "Қызметкерлерiнiң орташа жалақысын есептеу тәртiбi жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1942 P001942_ қаулысына сәйкес есептелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасына бұрын белгіленген орташа жалақы мөлшерінде жүзеге асырылсын.
ЕСКЕРТУ. Жаңа 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2001.10.28. N 1369 қаулысымен. P011369_
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 P981141_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
реттік нөмірі 341-жолдағы "Бағалы қағаздар жөніндегі республикалық ұлттық комиссия" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
5. "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1788 P991788_ қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 515-құжат).
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі