Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.16 N 687 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.16 N 687 Қаулысымен.1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында пайдаланылмайтын әскери мүлікке билік ету құқығы берілген уәкілетті орган болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.16 N 687, 2011.05.24 N 565 Қаулыларымен.2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Әскери-техникалық комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) функциялары мен өкілеттіктері беріліп, таратылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары өкілдерінің Комиссия жұмысына қатысуын қамтамасыз етсін.
4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.05.24 N 565 Қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым болып белгіленсін:
1) қару-жарақты, әскери техниканы, қорғаныс объектілері мен өзге де пайдаланылмайтын әскери мүлікті кәдеге жарату, жалға беру және сату;
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында пайдаланылмайтын екі ұдай қолданыстағы қару-жарақтың, әскери техниканың, оқ-дәрінің, олардың қосалқы және жинақтаушы бұйымдарының, өнімдердің, жабдықтардың және тиісті технологияның экспорты;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін екі ұдай қолданыстағы қару-жарақтың, әскери техниканың, оқ-дәрінің, олардың қосалқы бөліктерінің және жинақтаушы бұйымдарының, өнімдердің, жабдықтардың және тиісті технологияның импорты.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.16. N 687, 2009.11.24 N 1920 Қаулыларымен.6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қару-жарақтарын, әскери техникасын және өзге де әскери мүліктерін сату және пайдаға асыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1140 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы N 786 P000786 қаулысы;
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы N 786 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 желтоқсандағы N 1875 P001875 қаулысы.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының |