1. Қоса берілiп отырған Мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің жұмыс істеуіне және оларды басқарудың тиімділігіне кешенді мониторингті жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кешенді мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілер мониторингінің нәтижелерін есепке алудың бірыңғай республикалық дерекқорын жүргізу жүктелсін.
3. Мониторинг объектілерінің жай-күйі туралы материалдары бар орталық
және жергілікті атқарушы органдар осы материалдардың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне ұсынсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 шілдедегі N 998 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің жұмыс істеуіне және оларды басқарудың тиімділігіне кешенді мониторингті жүзеге асыру Ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің жұмыс істеуіне және оларды басқарудың тиімділігіне кешенді мониторингті жүзеге асыру ережесі оған қатысушылардың құқықтық қатынастарын реттейді, мониторингтің мәні мен объектілерін, ақпарат көздерін, мониторингті жүзеге асырудың және оның нәтижелерін пайдаланудың тәсілдері мен тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің жұмыс істеуіне және оларды басқарудың тиімділігіне кешенді мониторинг олардың қызметінде болып жатқан өзгерістерді уақытылы айқындау, одан әрі дамуын болжау және теріс процестердің алдын алу мен салдарын жою жөніндегі ұсыныстарды пысықтау мақсатында осы объектілердің технологиялық, қаржы-шаруашылық қызметін, құқықтық сипатын негізді және жедел (дүркін-дүркін) қадағалау мен сапалық және сандық жай-күйін талдамалы бағалау жүйесін білдіреді.
3. Жұмыс істеудің және басқару тиімділігінің кешенді мониторингі елдің стратегиялық мүдделеріне сәйкес тұрақты экономикалық дамуды мемлекеттік болжау және реттеу жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады, қолданыстағы заңнаманың негізінде және бірыңғай мемлекеттік саясаттың шеңберінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ақпараттық-талдау функцияларын орындайды.
4. Мыналар:
1) мемлекеттiк кәсіпорындар мен мекемелер;
2) акциялары мен қатысу үлестері мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар;
3) мемлекеттік меншік болып табылатын, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, жалгерліктегі, шарттағы мүліктің барлық түрлері басқару тиімділігіне кешенді мониторинг объектілері болып табылады.
5. Мониторинг ел және аймақтар экономикасының ресурстық-энергетикалық негізін сақтауға және нығайтуға әсер ететін ұйымдардың жағдайын және дамуының үрдістерін анықтайды. Мониторингтің нәтижесінде алынған ұйымдардың (толық немесе ішінара мемлекеттік меншігі бар) жай-күйі мен дамуының үрдістері туралы талдамалы ақпарат Үкіметке, сондай-ақ басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға беріледі.
6. Осы Ереже қызметi мониторингтің мәнi болып табылатын шаруашылық жүргізушi субъектiлерге, мониторинг жүргiзу, ақпарат жинау және ұсыну жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттің орталық және жергiлiктi органдарына, сондай-ақ консалтингтік ұйымдар мен мониторингтi орындауға тартылған өзге де сарапшылар мен консультанттарды қоса алғанда, мониторингтің барлық басқа қатысушыларына таратылады.
7. Мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесi бар объектiлердiң жұмыс iстеуiне және оларды басқарудың тиімділігіне мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
2. Жұмыс істеудiң және басқарудың тиiмдiлiгiне
кешендi мониторингтің мақсаттары мен міндеттері
8. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның тұрақты дамуын және экономикалық тәуелсіздігін қауіп-қатерге қоятын ішкі және сыртқы жағдайлардан, процестер мен факторлардан ұлттық экономиканы қорғау мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің жұмыс істеуіне және оларды басқарудың тиімділігіне кешенді мониторингтің мақсаты болып табылады.
9. Мыналар:
1) мониторинг объектiлерiн басқарудың тиiмділiгiн өндiрiстiк-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық, экологиялық және басқа өлшемдерінде кешендi талдау және ұлттық экономиканың және оның қауiпсiздiгінің мүдделерiне сәйкес объектi дамуының болжануы бөлiгiнде объектінің жай-күйiн тұтас бағалау;
2) жекешелендірілген объектілерді сатып алу-сату, мемлекеттік меншік объектілерінің шарт, сенімгерлік басқару, жалгерлік шарттарының міндеттемелері мен жағдайларының орындалуын талдау;
3) проблемаларды анықтау және ұйымдардың одан әрi дамуы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
4) ұйымдар техникасының, технологиясының даму перспективаларын және олардың аймақтардың жай-күйіне әсерін сарапшылық талдау;
5) мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ экономиканың базалық салаларында меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің жұмыс істеуіне және оларды басқарудың тиімділігіне кешенді мониторинг бойынша компьютерлік деректер қорын қалыптастыру және жүргізу;
6) мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз ету, мүмкін теріс факторлардан экономиканың осалдық деңгейін мейлінше азайту үшін қолайлы жағдай жасау, ұлттық экономикаға инвестициялардың ағынына жәрдемдесу;
7) мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне зиян келтіруге әсер ететін жағдайлардың алдын алу;
8) өз құзыретінің шеңберінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапкершілік жүктейтін мемлекеттік органдармен іс-қимылдарды үйлестіру мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің жұмыс істеуіне және оларды басқарудың тиімділігіне кешенді мониторингтің негізгі міндеттері болып табылады.
3. Басқарудың тиімділігіне кешенді мониторингке
қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
10. Мыналар:
1) мониторингті жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттің органы, кәсіпорындарды зерттеу, мониторингтің мәні бойынша ақпарат жинау мен талдауды өткізу үшін мемлекеттің уәкілетті органы тартатын консалтингтік ұйымдарды қоса алғанда, дербес консультанттар мен сарапшылар;
2) қызметі мониторингтің мәні болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілер жұмыс істеудің және оны басқарудың тиімділігіне кешенді мониторингке қатысушылар болып табылады.
11. Жұмыс істеудің және оны басқару тиімділігінің кешенді мониторингін жүзеге асыру саласындағы қойылған міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттің уәкілетті органына:
республикалық және жергілікті деңгейдегі, сондай-ақ экономиканың базалық салаларының мониторинг объектілерінің тізбесін, зерттеулер жүргізудің дүркін-дүркінділігі мен мерзімдерін анықтау;
сенімді және объективті талдау жасау үшін қажетті мониторинг объектілері қызметінің өндірістік-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, экологиялық, құқықтық және өзге де өлшемдері туралы ақпарат алудың тәртібі мен шарттарын анықтау;
Қазақстан Республикасының министрліктерінен, ведомстволарынан және өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдарынан және олардың ведомстволық тиесілігіне қарамастан басқа заңды тұлғалардан мониторинг объектілерін басқарудың тиімділігін талдау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрауға және алу;
қызметі мониторингтің мәні болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілер мен инвесторлардан сатып алу-сату шарттарының, меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің инвестициялық бағдарламалар шарттарын орындау жөніндегі тұрақты және іріктемелі есептілікті сұрауға, егер ол жекешелендіру шартында көзделген болса, инвестициялық қызметіне тексеруді жүзеге асыру;
экономиканың базалық салаларындағы ұйымдардың болып жатқан өзгерістері мен даму болжамын талдау мақсатында негізгі өндірістік-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де өлшемдері бойынша мониторинг объектілеріне қадағалау жүргізу;
мониторинг жөніндегі жұмыстарды өткізу үшін мемлекеттік бюджет қаржысын бөлудің көлемін негіздеу;
мониторинг объектілерін зерттеу, ақпарат жинау және талдау, ұсыныстарды пысықтау жөніндегі жұмыстарды өткізу үшін "Мемлекеттік сатып алу туралы" Z970163_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олардың қызметтерін сатып ала отырып және мемлекеттік тапсырысшының қызметтерін жүзеге асыра отырып, отандық консалтингтік ұйымдар мен басқа да тәуелсіз сарапшылар мен консультанттарды тарту;
кешенді мониторинг жүргізу саласында өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткеннен кейін барлық органдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық кесімдер қабылдау;
мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің жұмыс істеуіне және оларды басқарудың тиімділігіне кешенді мониторингті жүргізу жөніндегі жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз етуді және үйлестіруді жүзеге асыру құқығы беріледі.
12. Меншігінде мемлекеттің толық немесе ішінара үлесі бар объектілердің жұмыс істеуіне және оларды басқарудың тиімділігіне кешенді мониторингті жүзеге асыруға мемлекеттің уәкілетті органы:
ел және аймақтар экономикасының ресурстық-энергетикалық негізінің, бірыңғай және дербес коммуникациялық және энергетикалық жүйелердің сақталуына және нығаюына қолайсыз әсер ететін факторларды уақытылы анықтау және бейтараптандыру, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында мониторингтің мәні бойынша ақпарат жинау мен талдауды жүзеге асыра отырып, мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар экономиканың базалық салалары объектілерінің ахуалына және даму үрдістеріне жүйелі қадағалау жүргізуге;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне, сондай-ақ мүдделі министрліктерге, ведомстволарға, агенттіктерге және өзге де мемлекеттік органдарға мониторинг нәтижелері бойынша жинақталған талдамалы жазбалар, даму болжамдары мен ұсыныстар беруге;
мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің жұмыс істеу және оларды басқарудың тиімділігі мониторингінің бірыңғай республикалық деректер қорын жүргізуге;
инвесторларға берілген кепілдіктердің және нарық субъектілерінің заңнамамен белгіленген құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
13. Мемлекеттің уәкілетті органымен жасалатын шарттардың жағдайлары бақылаушы объектілердің жұмыс істеуінің және оларды басқару тиімділігінің кешенді мониторингін жүргізу жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға тартылған дербес сарапшылар мен консультанттардың, консалтингтік ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
14. Қызметі мониторингтің мәні болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілер мониторинг жүргізуге уәкілетті мемлекеттің органына және/немесе оның тиісті расталған өкілеттігі бар сенімді тұлғасына мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында басқарудың тиімділігін сенімді және объективті талдау үшін барлық қажет ақпаратты беруге міндетті.
15. Қызметі зерттелуге жататын шаруашылық жүргізуші субъектілерге:
ішкі жедел басқаруға және өндірістік-шаруашылық қызметке қатыспаушылық; қызметтік немесе коммерциялық құпияның мәні болып табылатын және зерттеу барысында белгілі болған мемлекеттік құпияларға жататын деректердің құпиялылығын сақтау; шаруашылық жүргізуші субъектілерге қолданыстағы заңнама беретін кепілдіктер мен құқықтарды сақтау кепілдіктер беріледі. 4. Мониторинг жүргізу 16. Мыналар: ұйымдардың жылына бір реттен жиі емес өткізілетін базалық кешенді зерттеулері;
ұйымдардың қызметі жөніндегі ақпаратты дүркін-дүркін жедел жинау (қажеттілігіне қарай өткізіледі) мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің жұмыс істеуіне және оларды басқарудың тиімділігіне кешенді мониторингтің мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің жұмыс істеуін және оларды басқарудың тиімділігін базалық кешенді зерттеу өзіне:
мониторинг объектілері қызметінің өндірістік-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, экологиялық және құқықтық өлшемдері бойынша ақпаратты жинауды және жүйелі талдауды;
мониторинг объектілерін басқару тиімділігінің ахуалын бағалау, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретін теріс процестердің алдын алу және жеңу жөніндегі ұсыныстарды пысықтау мақсатында ахуалдың өзгеруін талдауды;
ұйымдар техникасының, технологиясының даму перспективаларын сарапшылық бағалауды;
мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар экономикалық базалық салалары объектілерінің ахуалы, олардың дамуының үрдістері мен болжамдары туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуді қамтиды.
Ақпаратты дүркін-дүркін жедел жинау мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілер жұмыс істеуінің кешенді жүйелі зерттеулер арасындағы кезеңдерде объектілер қызметі бойынша мониторингтің негізгі деректерін ағымдағы жаңартуға арналған. Осы ақпаратты жинау қалай мониторинг объектісінен, сол сияқты орталық және жергілікті атқарушы органдардан сұрау жолымен жүзеге асырылады. 5. Мониторинг объектілерін зерттеудің тәртібі 17. Мониторинг мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұстанымымен жүргізіледі және өзіне мыналарды: ресурстардың, негізгі және көмекші өндірістер технологияларының жай-күйін; қаржы-шаруашылық қызметін; осы міндеттемесі бар шарттасушылардың, ұйымдардың басқарушылары мен ортақ иеленушілердің инвестициялық қызметін; қоршаған ортаны қорғауды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды; кадрлық және әлеуметтік саясатты; құқықтық мәселелерді: жүргізілетін қызметтің ұйым Жарғысына, жекешелендіру шартына сәйкестігін; сатып алу-сату, шарт, сенімгерлік басқару шарттарының міндеттемелері мен жағдайларының орындалуын талдауды қамтиды. 18. Мониторинг мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) мемлекеттің уәкілетті органы мониторинг объектісінің басшыларына зерттеу жүргізуге арналған шарт жасасқан субъектіні (консалтингтік ұйымды) және танысу үшін берілуі тиіс ақпараттың тізбесін көрсете отырып, зерттеу жүргізу туралы хабарлайды;
2) мониторинг объектісін зерттеу өткізуге шарт жасасқан субъектіден қалыптастырған және мониторинг объектісінің салалық тиесілігі мен қызметінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып сарапшылардан құрылған жұмыс тобы мониторинг жүргізеді. Сарапшылар тобының міндеті мониторинг объектісі қызметінің заңдық, инвестициялық, қаржы және басқа мәселелері бойынша ақпарат жинаудан және талдаудан тұрады. Тиісті сарапшылар өндірістің, ғимараттардың, құрылыстардың, негізгі техниканың, машиналар мен тетіктердің көріп зерттеуін өткізуі тиіс. Ақпаратты жинау және оның бастапқы талдауды аяқталғаннан кейін жұмыс тобы оны кейіннен талдау үшін есеп дайындайды;
3) мыналарды:
барлық бөлімдер бойынша сарапшылық деректерді салыстыру және статистикалық есептілік деректерімен салыстыру жолымен материалдарды жинау және алдын алу өңдеу кезеңінде жүргізілетін алдын ала талдауды;
құқықтық, шаруашылық, өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметті көрсететін ұйым көрсеткіштерінің өзара үйлестірілген жиынтығы біріктірілетін ұйым қызметінің жалпы техника-экономикалық талдауын: талдаудың әр блогы бойынша барлық қолда бар проблемалар айқындалады;
алынған ұйым қызметі көрсеткіштерінің және анықталған проблемалардың негізінде қолданыстағы заңнамаға және нормативтік кесімдерге сәйкес кәсіпорындарды - мониторинг объектілерін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында ұсыныстар пысықталатын мониторинг объектілері және тиісті мемлекеттік органдар үшін ұсыныстарды пысықтаумен бірге экономикалық-заңды талдауды қоса алғанда, зерттеудің нәтижесінде алынған материалдарды жүйелі талдау жүзеге асырылады;
4) зерттеу өткізген субъект (консалтингтік ұйым) мониторинг
объектісін зерттеудің және оның қызметіне жүргізілген талдаудың нәтижесінде мемлекеттің уәкілетті органына қағаз тасушыда және электрондық түрде берілетін есепті және бастапқы материалдарды ресімдейді; 5) мониторинг объектісін зерттеудің нәтижелері бойынша есепті қорғау, мониторинг объектісін зерттеуді жүргізген субъект мемлекеттің уәкілетті органы құрған комиссияның алдында және зерттелетін ұйым өкілдерінің қатысуымен қорғайды. Мамандар: Қасымбеков Б.А. Икебаева Ә.Ж.