1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 P991754_ (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым министрлігі туралы ережеде: 11-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын: "13-1) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қояды;"; 12-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: "9-1) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюға;". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Қасымбеков Б.А. Икебаева Ә.Ж.