Қазақстан Республикасына қуаң жерлерді қалпына келтіру жобасын дайындауға арнап Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің грантын беру туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 шілде N 987

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасына қуаң жерлерді қалпына келтіру жобасын дайындауға арнап Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің грантын беру туралы Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі 2000 жылғы 18 желтоқсанда жасасқан Келісім бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі жоғарыда аталған Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасына берілген 350 000 (үш жүз елу мың) АҚШ доллары сомасындағы грант қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
      3. "Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1963 P001963_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 631-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2000-2002 
жылдарға арналған мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасына 
2-қосымшада: 
     реттік нөмірі 36-жолда 3-бағандағы "Ауыл шаруашылығы министрлігі" 
деген сөздер "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі" 
деген сөздермен ауыстырылсын. 
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
         Премьер-Министрі 
     
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Жұманазарова А.Б.