Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 20 шілде N 983

Жаңартылған
      "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Z990493_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мемлекеттiк еңбек инспекторы туралы ереже;
      3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары тiзбесi;
      4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдар тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне үш вице-министр болуына рұқсат етiлсiн.
      3. Мыналардың:
      1) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуiрдегi N 394 P990394_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 12, 119-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 P991093_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың 12-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер

енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi 
N 1301  

P991301_

  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 13-тармағының (Қазақстан 
Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 403-құжат) күші жойылды деп 
танылсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                           2001 жылғы 20 шілдедегі
                                              N 983 қаулысымен 
                                                 бекітілген
               Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты 
                   әлеуметтік қорғау министрлігі туралы 
                                   Ереже
     
                             1. Жалпы ережелер


      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласында басшылықты жасайтын, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      <*>
      Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы
                N 662 P020662_ қаулысымен.
      2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған елтаңбалы мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамада белгiленген тәртiппен ашылған шоттары болады.
      Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес сондай уәкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Министрлiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      6. Министрліктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Манас көшесі, 2.
      7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi" мемлекеттік мекемесi.
      8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру мемлекеттiк бюджеттен жүзеге асырылады.
      Министрліктiң функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға енуге Министрлiкке тыйым салынады.
      Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдерiмен кiрiс әкелетiн қызмет ету құқығы берiлсе, ондай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

       2. Министрліктiң негiзгі міндеттерi, функциялары мен құқықтары

      10. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
      1) еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтiк қорғау және еңбек ресурстарын тиiмдi пайдалану саласында мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу және оларды жүзеге асыру;
      2) жұмыссыздық деңгейiн азайту және кедейлiк ауқымын қысқарту жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруға қатысу;
      3) әлеуметтiк әрiптестiк саласында мемлекеттiк саясатты іске асыру;
      4) жинақтаушы зейнетақы жүйесi саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;
      5) еңбек, еңбектi қорғау, жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк қорғау туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
      6) заңнамамен жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
      11. Министрлiктiң заңнамада белгіленген тәртiппен жүзеге асыратын функциялары:
      1) Халықты жұмыспен қамтудың республикалық бағдарламасын және өз құзыретiне жатқызылған қызметтер саласында басқа да бағдарламаларды әзiрлеу;
      2) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық дерекқорын құру негiзiнде жұмыс күшiне деген сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау;
      3) еңбек рыногының мұқтаждарына сәйкес кадрлар даярлауға қажеттiлiктi мүдделi органдармен бiрлесiп анықтау;
      4) ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттар жобаларын қарауға қатысу;
      5) әлеуметтік нормативтер мен оларды есептеудің әдістемесін әзірлеу және оларды өз құзыреті шегінде бекіту;
      6) әлеуметтiк қорғау жүйесiн жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және шаралар қабылдау;
      7) халықты атаулы әлеуметтік қорғау, отбасыларын, аналарды, балаларды, мүгедектерді және олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ әлеуметтік қорғауды қажет ететін халықтың басқа да қатарын қолдау жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
      8) ең төменгi күнкөрiс шамасын есептеуге қатысу;
      9) әлеуметтiк-еңбек мәселелерi бойынша аймақтық бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;
      10) медициналық-әлеуметтiк комиссиялардың қызметiн үйлестiру, мүгедектердi медициналық-әлеуметтiк сараптауға және оңалтуға тiкелей әрi жергiлiктi атқарушы органдар арқылы әдiстемелiк басшылық жасау, республика бойынша мүгедектiк жағдайына ақпараттық-статистикалық талдау жасау;
      11) Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан (бұдан әрi - Мемлекеттiк орталық) зейнетақы есептеу мен төлеу әдiстемесiн жасау және олардың азаматтарға, соның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген азаматтарға төленуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мөлшерiн, тағайындалу шарттарын және төлену тәртiбiн өзгерту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      12) Мемлекеттiк орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау;
      13) Мемлекеттiк орталықтан мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды, N 1 тiзiм бойынша мемлекеттiк арнаулы жәрдемақыларды және арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау;
      14) әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн құру және оның жұмыс iстеуi жөнiндегi мемлекеттiк саясатты дайындауға және нормативтiк құқықтық кесiмдерді әзiрлеуге қатысу;
      15) еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi ұйымдармен жұмысты үйлестiру және өзара әрекет ету;
      16) еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғауды жақсартуға бағытталған нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу, Қазақстан Республикасының Yкiметiне еңбек жағдайлары және еңбектi қорғаудың жай-күйi мен оларды жақсарту жөнiндегi шаралар туралы жыл сайын баяндама ұсыну;
      17) еңбектің қауіпсіз жағдайларын нормативтік қамтамасыз ету;
      18) еңбекті нормалау мен оған ақы төлеуді ұйымдастыру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіруге қатысу;
      19) мемлекеттiк қызметшiлерден басқа мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн жетілдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      20) еңбектi нормалауды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар әзiрлеу, Жұмыстардың және жұмысшылар кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтік-бiлiктiлiк анықтамалығы (БТБА), Қызметшілер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығы (БА) және Жұмыстар жiктеуішi (ЖЖ) негiзiнде мемлекеттiк ұйымдар қызметкерлері үшiн бiлiктілiк талаптарын келiсу;
      21) әлеуметтiк және еңбек қатынастары саласында әлеуметтiк әрiптестiк жүйесiн реттеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде еңбек жанжалдарын шешуге қатысу және Әлеуметтiк әрiптестiк жөнiндегi республикалық үш жақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;
      22) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау саласында халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты ұйымдастыру, осы мәселелер бойынша шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен консультациялар мен келiссөздер жүргiзу;
      23) республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi функцияларын атқару;
      24) Министрлiк жүйесiнiң кадрларын даярлау және қайта даярлау;
      25) еңбек, еңбектi қорғау, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтiк қорғау және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      26) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау саласында ақпараттық технологияларды, ақпараттарды өңдеу жүйесiн енгiзу;
      27) азаматтар мен ұйымдарға еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiнде консультация беру;
      28) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Министрлiкке жүктелген өзге де функцияларды орындау.
      12. Министрліктің негiзгi мiндеттердi iске асыру және өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай құқығы бар:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұрату және алу;
      2) Министрліктің құзыретіне енетін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында заңнаманың қолданылуы жөнінде түсініктемелер беру;
      3) әйелдердiң және 18 жасқа толмаған адамдардың еңбегіне шек қойылатын зиянды және еңбек жағдайлары қауiптi өндiрiстердiң, кәсiптердiң және жұмыстардың тiзбелерiн бекiту;
      4) өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдау;
      5) қауiпсiз еңбектi қамтамасыз ету және еңбектi қорғау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн қажеттi талаптарды белгiлеу;
      6) еңбек жөнiндегi нормаларды, Жұмыстардың және жұмысшылар кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлік анықтамалығын (БТБА), Қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығын (БА), Жұмысшылар кәсiптерi мен қызметшiлер лауазымдарының жiктеуiшiн (КЛЖ), Жұмыстар жiктеуішiн (ЖЖ), нұсқаулықтарды өз құзыретi шегiнде бекiту, келiсу, еңбектi нормалауды ұйымдастыру және оған ақы төлеу мәселелерi жөнiнде түсiнiктемелер, ұсынымдар беру;
      7) әлеуметтiк және еңбек қатынастары бойынша аймақтық және салалық

(тарифтiк) келiсiмдердi хабарлай отырып, тiркеу;
     8) еңбек, еңбектi қорғау, жұмыспен қамту және зейнетақымен 
қамсыздандыру туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
     9) шетелдiк жұмыс күшiн тартумен, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан 
Республикасынан шетелге әкетумен байланысты қызметке лицензия беру, оны 
тоқтата тұру және керi қайтарып алу;
     10) жұмыс берушiлерге Қазақстан Республикасының аумағында еңбек 
қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға Қазақстан 
Республикасының Үкiметi белгiлеген квота шегiнде рұқсат беру;
     11) бюллетеньдер, журналдар және басқа да баспа басылымдарын шығару;
     12) өзiне заңнамада жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
                       3. Министрлiктiң мүлкi
     13. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшау мүлкi болады.
     Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен құралады және 
негізгі қорлар мен айналым қаражатын, сондай-ақ құны Министрліктің 
теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден тұрады.
     14. Министрлiктiң мүлкi республикалық меншiкке жатады.
     15. Министрлiктiң өзіне бекiтілiп берiлген мүлiктi өз бетiнше 
иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
     Министрлікке мүлікке билік ету құқығы заңнамада белгіленген 
жағдайларда және шектерде берілуі мүмкін.
                4. Министрлiк қызметiн ұйымдастыру


      16. Министрлiк пен оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң бiрыңғай жүйесiн құрайды.
      17. Министрлiктi Министр басқарады.
      Министрдi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Министрдiң Қазақстан Республикасының Yкiметi Министрдiң ұсынуымен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - вице-министрлерi болады.
      18. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
      19. Министр осы мақсатта:
      1) вице-министрлердің және министрліктің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiк шеңберiн белгiлейдi;
      2) Министрлiк қызметкерлерiн, аумақтық органдар мен ведомстволық ұйымдардың басшыларын заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мемлекеттiк органдармен және өзге ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Министрлiктi бiлдiредi;
      4) бұйрықтарға қол қояды;
      5) Министрлiктiң аумақтық органдары және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; <*>
      6) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қызметкерлер штат

санының лимитi шегiнде Министрлiктiң және оның аумақтық органдарының 
құрылымын және штат санын бекітеді;
     7) Министрліктің аумақтық органдары, Министрліктің қарауындағы 
мемлекеттік ұйымдар басшыларының бұйрықтарын жояды не толық немесе ішінара 
тоқтата тұрады; 
<*>

     8) Министрлiктiң қызметкерлерiне заңнамада белгiленген тәртiппен 
көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртiптiк жазалар қолдану мәселесiн 
шешедi;
     9) өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер 
қабылдайды.
     ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы  
              N 662  

P020662_

  қаулысымен. 
     20. Вице-министрлер Министр белгiлеген өз мiндеттерi мен өкiлеттiгi 
шегiнде министрлiктiң нормативтiк сипаттағы емес бұйрықтарына қол қояды.
     21. Министрлiктiң Министр жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган 
болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр 
бекiтедi.
           5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату
     22. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                           2001 жылғы 20 шілдедегі
                                              N 983 қаулысымен 
                                                 бекітілген
         Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік 
        қорғау министрлігінің мемлекеттік еңбек инспекторы туралы 
                                Ереже
     
                          1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мемлекеттiк еңбек инспекторлары (бұдан әрi - мемлекеттiк еңбек инспекторы) "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Z990493_ , "Еңбектi қорғау туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы Z933000_ Қазақстан Республикасы Заңдарының және еңбек туралы өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң Қазақстан Республикасының аумағында сақталуына бақылау жасайды.
      2. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын K951000_ , заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi және осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк инспекторларға мыналар жатады:
      1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк еңбек инспекторы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлiк) мемлекеттiк еңбек инспекциясы құрылымдық бөлiмшесiнiң (бұдан әрi - мемлекеттiк еңбек инспекциясы) басшысы;
      2) Қазақстан Республикасының еңбек жөнiндегi орталық атқарушы органының бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары - Министрлiктiң мемлекеттiк еңбек инспекциясы құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметкерлерi;
      3) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары - Министрлiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары басшыларының тиiстi орынбасарлары;
      4) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттiк еңбек инспекторлары - Министрлiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары мемлекеттiк еңбек инспекциясының қызметкерлерi.

              2. Мемлекеттік еңбек инспекторларының негізгі
                   міндеттері, функциялары мен құқықтары

      4. Мемлекеттік еңбек инспекторларының негізгі міндеттері:
      1) жұмыс берушiлердiң Қазақстан Республикасының еңбек туралы және еңбекті қорғау туралы заңнаманы және өз құзыреті шегінде Министрліктің қызметі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді сақтауына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
      2) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнама мәселелерi бойынша өтiнiштерін, арыздарын және шағымдарын қарау.
      5. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) еңбек туралы заңнамалардың сақталуын, соның iшiнде қызметкерлердiң ешбiр кемсiтушiлiксiз бiрдей еңбегi үшiн теңдей ақы алуға, демалуға, қауіпсiздiк және гигиена талаптарына жауап беретiн еңбек жағдайларына, еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты олардың денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеткiзу құқығының сақталуын бақылайды;
      2) еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманы бұзуға әкеп соқтыратын себептер мен мән-жайларды, шағымдарды тексеру және зерттеу жүргiзу арқылы анықтайды, сондай-ақ еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманы бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi жұмысты күшейтуге бағытталған iс-шараларды іске асыру жөнiндегi шараларды әзiрлеуге және қабылдауға қатысады;
      3) еңбек заңнамасының, еңбекті қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, техника қауiпсiздiгiнiң бұзылу себептерiне талдау мен қорытынды жасайды және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдайды;
      4) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды тексеруге қатысады және олардың есебін жүргізеді;
      5) өндірiстiк жарақаттанушылық пен кәсіби аурулардың жай-күйі мен себептерiне талдау жүргiзедi, олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзiрлейдi;
      6) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердiң аяқталған немесе қайта жаңғыртылған құрылысын пайдалануға қабылдау жөніндегi комиссияның жұмысына қатысады;
      7) тексерулердiң қорытындылары бойынша еңбек туралы заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар бередi;
      8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға берiлетiн рұқсаттарда ескертілген шарттардың орындалуын бақылауды және тексеруді жүзеге асырады;
      9) еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтары туралы оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау үшiн жұмыс берушiлердi, өндірістік бөлімшелердің басшыларын хабардар етеді, мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамасын орындамаған жағдайда кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
      10) ұйымдардың еңбек заңнамасын сақтауының жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштердi жинауды, қорытуды, жүйелеуді және талдауды жүзеге асырады;
      11) еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнама мәселелерi бойынша ұйымдарда, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
      12) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк инспекторларға Министрлiк жүктеген өзге де функциялар.
      6. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары өздерiнiң негiзгi мiндеттерiн іске асыру және функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен өз құзыретi шегiнде мыналарға құқылы:
      1) ұйымдардың еңбек заңнамасын сақтауына тексеру жүргiзуге;
      2) еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын бақылауды және тексерудi жүзеге асыру мақсатында белгiленген тәртiппен ресiмделген тексеру жүргiзу туралы қаулыны және куәлiгiн көрсеткенде ұйымдарға кез келген уақытта кедергiсiз баруға;
      3) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға берiлетiн рұқсаттарда ескертiлген шарттардың орындалуына тексеру жүргiзуге;
      4) мемлекеттiк инспекторларға жүктелген функцияларды орындау үшiн қажеттi тиiстi құжаттар мен өзге де ақпаратты жұмыс берушiлерден сұратуға және алуға;
      5) еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнама нормаларының анықталған бұзушылықтарын жою туралы жұмыс берушiлердiң орындауы үшiн мiндеттi нұсқамалар беруге, сондай-ақ заңның бұзылушылығы туралы хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк жаза қолдануға және сотқа талап-арыз беруге;
      6) өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша түсiнiктемелер беруге;
      7) еңбектi қорғау жөнiндегi заңнаманы және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн бұзушылық анықталған жағдайда ұйымдардың (кәсiпорындардың), жекелеген өндiрiстердiң, цехтардың, учаскелердiң, жұмыс орындарының және жабдықтардың пайдаланылуын осы бұзушылықтар жойылғанға дейiн тоқтата тұруға (тыйым салуға);
      8) еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың талаптарына жауап бермейтiн арнаулы киiмдердiң, арнаулы аяқ киiмдердiң және басқа да жеке қорғаныш құралдарының жұмыс орындарында берiлуi мен пайдаланылуына тыйым салуға;
      9) қауiпсiздiк техникасы жөнiнде оқытудан және нұсқамалықтан өтпеген адамдарды жұмыстан шеттетудi талап етуге, сондай-ақ еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың талаптарына сәйкес ережелерді, нормаларды және нұсқауларды білуін тексеруге;
      10) еңбек туралы және еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзушылық фактілері бойынша ақпаратты және материалдарды тиісті құқық қорғау органдарына жіберуге;
      11) мемлекеттік еңбек инспекторларына жүктелген функцияларды атқару үшін жұмыс берушілерден және ұйымдардың тиісті лауазымды адамдарынан жағдай жасауды талап етуге;
      12) заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
      7. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары өзiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде алған мемлекеттiк, қызметтік және коммерциялық құпияларды сақтауға мiндетті.
      8. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының заңсыз әрекеттерiне бағыныстылығына қарай облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бас еңбек инспекторларына, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк еңбек инспекторына не сот тәртiбiмен шағым жасауға болады.

                     3. Қызметiн ұйымдастыру

      9. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мемлекеттiк еңбек инспекторларының қызметiн тиiстi бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары ұйымдастырады.
      10. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк еңбек инспекторы:
      1) Қазақстан Республикасының еңбек жөнiндегi орталық атқарушы органы бас мемлекеттiк еңбек инспекторларының жұмысын ұйымдастырады;
      2) Министрлiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысын үйлестiредi;
      3) мемлекеттік еңбек инспекторлары үшiн еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi әдiстемелiк нұсқауларды әзiрлеудi ұйымдастырады;
      4) қызметкерлердiң еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғаларға ұшырауын және денсаулығына келтірілген өзге де зақымдарды тексеру мен есепке алудың белгіленген тәртібінің орындалуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді;
      5) республика бойынша еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуының жай-күйiне мониторинг жүргiзудi, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың себептерi мен мән-жайларына талдау жасауды ұйымдастырады;
      6) еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы сақталуының жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат және баяндамалар әзірлеуді ұйымдастырады;
      7) қабылдау жүргізеді, азаматтардың және ұйымдардың хаттарын, арыздарын және өтініштерін қарайды;
      8) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру барысында туындаған келіспеушiлiктер, сондай-ақ еңбек туралы, еңбекті қорғау туралы заңнама мен еңбек қатынастарын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық кесімдер мәселелері бойынша қорытындылар береді;
      9) Министрлiк өзiне жүктеген мiндеттерге сәйкес мемлекеттiк еңбек инспекторларының қызметiн ұйымдастырудың өзге де түрлерiн қамтамасыз етедi.
      11. Қазақстан Республикасының еңбек жөнiндегi орталық атқарушы органының бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары:
      1) заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердiң жобаларын, сондай-ақ еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнама мен Министрлiктiң қызметi саласына қатысты өзге де нормативтiк кесiмдердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiнде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеуге қатысады;
      2) азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк еңбек инспекторларының құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша хаттарын, арыздарын және өтiнiштерiн қарайды;
      3) еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталу жай-күйi туралы ақпараттар, анықтамалар және баяндамалар әзiрлейдi;
      4) республика бойынша өндiрiстік жарақаттану жай-күйiне мониторинг жүргiзедi, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың себептерi мен мән-жайларын талдайды, оларды жою және алдын алу жөнiнде ұсыныстар енгізеді;
      5) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң бұйрығымен құрылатын адам өлiмiне соқтырған топтық жазатайым оқиғаларды тексеру жөнiндегi арнаулы комиссиялардың жұмысына қатысады;
      6) еңбек заңнамасының мәселелерi бойынша семинарларды әзiрлеуге әрi еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторларының оқуын ұйымдастыруға қатысады;
      7) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттiк еңбек инспекторларының жұмысын тексеру және оларға практикалық, әдiснамалық көмек көрсету және ұйымдардың еңбек заңнамасын сақтауы жөнiнде бiрлескен зерттеулер мен тексерулер жүргiзуге қатысу үшін жергiлiктi жерлерге шығып тұрады;
      8) өздерiне жүктелген лауазымдық мiндеттемелерiне сәйкес өзге де қызметтердi жүзеге асырады.
      12. Облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторлары:
      1) облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;
      2) облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларын оқыту және біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
      3) еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманы бұзуға кінәлі адамдарға облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттiк еңбек инспекторларының ықпал ету шараларын қолдануының негiздiлiгi мәселелерiн қарайды;
      4) заңнамада белгiленген жағдайларда өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды арнайы зерттеу жөнiндегi комиссияның құрамын белгiлейдi;
      5) жазатайым оқиғаларды тексеру барысында туындаған келiспеушiлiктер бойынша, сондай-ақ еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнама мәселелерi мен еңбек қатынастарын реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер бойынша қорытындылар бередi;
      6) өздерiне жүктелген лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      13. Облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттiк еңбек инспекторлары:
      1) ұйымдардың еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманы сақтауы мәнiне тексерудi жүзеге асырады;
      2) азаматтар мен ұйымдардың өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша хаттарын, арыздарын және өтiнiштерiн қарайды;
      3) Министрлiктiң аумақтық органының бұйрығымен құрылатын өндірiстегi

жазатайым оқиғаларды тексеру жөнiндегі арнаулы комиссиялардың жұмысына 
қатысады;
     4) еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталу 
жай-күйi туралы есептер, ақпараттар, анықтамалар мен баяндамалар әзiрлейдi;
     5) өздерiне жүктелген лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өзге де 
функцияларды жүзеге асырады.
     14. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары өз жұмысында Министрлiк әзiрлеген 
және бекiткен нұсқамалар бланкiлерiн, есеп нысандарын және жеке 
мөртаңбаларды пайдаланады.
     15. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары өз қызмет мiндеттерiн орындамаған 
немесе тиiсінше орындамаған жағдайда заңнамаға сәйкес жауаптылықта болады.
                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                           2001 жылғы 20 шілдедегі
                                              N 983 қаулысымен 
                                                 бекітілген
       Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау         
       министрлігінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары 
                                 ТIЗБЕСI
     
     "Ақмола облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау 
департаментi" мемлекеттiк мекемесi
     "Ақтөбе облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау 
департаментi" мемлекеттiк мекемесi
     "Алматы облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау 
департаментi" мемлекеттiк мекемесi
     "Атырау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау 
департаментi" мемлекеттiк мекемесi
     "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау 
департаментi" мемлекеттiк мекемесi
     "Жамбыл облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау 
департаментi" мемлекеттiк мекемесi
     "Батыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау 
департаментi" мемлекеттiк мекемесi
     "Қарағанды облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау 
департаментi" мемлекеттiк мекемесi
     "Қызылорда облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау 
департаментi" мемлекеттiк мекемесi
     "Қостанай облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау 
департаментi" мемлекеттiк мекемесi
     "Маңғыстау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау 
департаментi" мемлекеттiк мекемесi
     "Павлодар облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау 
департаментi" мемлекеттiк мекемесi
     "Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк 
қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
     "Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк 
қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
     "Астана қаласы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау 
департаментi" мемлекеттiк мекемесi
     "Алматы қаласы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау 
департаментi" мемлекеттiк мекемесi
     
                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                           2001 жылғы 20 шілдедегі
                                              N 983 қаулысымен 
                                                 бекітілген
       Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау         
                     министрлігінің қарауындағы ұйымдар
                                 ТIЗБЕСI
     
     Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.05. N 1146             
              қаулысымен. 

P011146_

 


      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру курсы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Соғыс және еңбек ардагерлерiне арналған "Ардагер" республикалық пансионаты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Республикалық эксперименттік протездеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны <*>
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Алматы протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) <*>
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Петропавл протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) <*>
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрлігінің "Семей протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттік 
кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)
<*>

     "Семей протез-ортопедия бұйымдары жөнiндегi 
тәжiрибелiк-эксперименттiк кәсiпорны" шаруашылық жүргiзу құқығындағы 
республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
     "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау 
министрлiгiнiң Шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы 
республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж.