1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түрiк Республикасының Бас штабы арасындағы Қарулы Күштердiң медициналық қызметшілерiн оқыту саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi тиiстi келіссөздер
жүргізсін және қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түрiк Республикасының Бас штабы арасындағы Қарулы Күштердiң медициналық қызметшiлерiн оқыту саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманы жасассын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Жоба Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түрік Республикасы Бас штабының арасындағы Қарулы Күштердің медицина қызметшілерін оқыту саласындағы ынтымақтастық туралы ХАТТАМА Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Түрік Республикасының Бас штабы, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасы Үкiметiнiңарасындағы Әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы 1993 жылғы 23 ақпандағы келісімнің (бұдан әрі - 1993 жылғы 23 ақпандағы Келісім) ережелерін басшылыққа ала отырып,
әскери медициналық білім беру саласындағы ынтымақтастықты ұлғайтуға ұмтыла отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасының әскери-медициналық мекемелерінің қызметін қамтитын осы Хаттаманың мақсаты медициналық оқуға жіберілетін қызметшілердің жауапкершілігінің қағидаттары мен негіздерін айқындау, сондай-ақ білімін жетілдіру және тәжірибе алмасу болып табылады.
2-бап
Осы Хаттамада төмендегi терминдер мыналарды бiлдiредi:
1. "Қызметшiлер" - медициналық білім алу үшін жіберілетін Тараптардың қызметшілері. Қызметшілерге медицина қызметінің офицерлері, бірлескен жобалар жасаумен жұмыс істейтін әскери дәрігерлер, фармацевтер, стоматологтар мен мал дәрігерлері, сондай-ақ Тараптардың әскери жоғары оқу орындарының әскери-медициналық факультеттерінде оқитын оқушылары жатады.
2. "Жiберуші мемлекет" - қызметшiлерiн медициналық білім алу үшін жіберетін Тараптың мемлекеті.
3. "Қабылдаушы мемлекет" - медициналық білім алу үшін жіберілген қызметшілерді өз елінде қамтамасыз ететін Тараптың мемлекеті.
4. "Оқу орыны" - Қазақстан Республикасында - әскери-медициналық мекемелер, Түрік Республикасында - Анкара қаласындағы Гюльхан (GATA) Әскери Медициналық Академиясы және оған бағынысты мекемелер.
5. "Оқыту салалары" - қызметшілерді оқыту жүргізілетін медицинаның әр түрлі салалары: емдеу ісі, фармакология, стоматология, мал дәрігерлiк, сондай-ақ әскери медициналық және техникалық қызметкерлердi оқыту жүзеге асырылатын басқа салалар.
6. "Практикалық сабақтар" - Тараптардың жiберушi және қабылдаушы мемлекеттерi әскери-медициналық бiлiм беру мекемелерiнiң оқу бағдарламалары мен еңбек тәртiбiне сәйкес қызметшiлермен өткiзiлетiн сабақтар.
3-бап
Осы Хаттаманың күшi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Түрiк Республикасы Бас штабының қызметшілерi мен әскери-медициналық бiлiм беру мекемелерiне қолданылады.
4-бап
1. Медициналық бiлiм алу үшiн келетiн жiберушi мемлекеттiң қызметшiлерiн оқыту деңгейі Тараптардың өзара келiсiмi бойынша айқындалады.
2. Медициналық бiлiм алу үшiн жiберiлетiн қызметшiлер Тараптар оқу орындарының әскери-медициналық факультеттерiнде оқудың тиiстi салалары бойынша практикалық сабақтарға қатысатын болады.
3. Қазақстан Республикасында және Түрiк Республикасында медициналық бiлiм алу үшiн жiберiлетiн қызметшiлердi оқыту мерзiмi Тараптардың өзара келiсiмi бойынша айқындалады.
4. Қызметшілердiң құрамы мен оларды келесi оқу жылында оқыту мерзiмiн Тараптар ағымдағы оқу жылының мамырында айқындайды.
5. Медициналық бiлiм алатын қызметшiлер Тараптардың қабылдаушы мемлекетiнiң оқыту және емдеу қағидаттарына бағынады.
6. Практикалық оқыту мақсатында Тараптың қабылдаушы мемлекетінің емдеушi дәрiгерлерi қызметшілерiн көмек көрсету үшiн ассистент ретiнде тартуы мүмкiн, мұндай жағдайда қызметшілер емделушiлердiң сапалы емделуi үшiн жауапкершiлiкте болмайды.
7. Тараптың жiберушi мемлекетiнiң қызметшiлерi әскери медицина
саласындағы зерттеулер мен дамудың қолда бар мүмкiндiктерiн кеңейтуде, сондай-ақ қазiргi заманғы медициналық технологияларға көшудi қамтитын жаңа мүмкiндiктер жасау жөнiнде Тараптың қабылдаушы мемлекетінің қызметшiлерiмен өзара әрекет етедi. 8. Қазақстан Республикасында қызметшілерді оқыту қазақ тілінде, Түрік Республикасында түрік тілінде жүргізіледі. 9. Ынтымақтастық салалары: 1) бiлiктiлiктi арттыру курстары; 2) тәжiрибе алмасу; 3) ғылыми конгрестер, семинарлар, оқулар және т.б.; 4) бiрлескен жобалар; 5) қатысушыларды әскери оқу орындарының әскери-медициналық факультеттерінде оқыту. 5-бап Қызметшiлердiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларымен, сондай-ақ 1993 жылғы 23 ақпандағы Келiсiммен реттеледi. 6-бап Тараптар арасындағы осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiруге және қолдануға байланысты барлық даулар мен келiспеушілiктер 1993 жылғы 23 ақпандағы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес консультациялар мен келiссөздер арқылы шешiлетiн болады. 7-бап Осы Хаттаманың мәтініне Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Хаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. 8-бап
Осы Хаттама Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламасы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
9-бап
Осы Хаттаманың қолданыста болу мерзiмi 1993 жылғы 23 ақпандағы Келiсiмнiң қолданыста болу мерзiмiне сәйкес келедi. Әрбiр Тарап басқа Тарап осы Хаттаманың шарттарын сақтамаған жағдайда, ол туралы ұсыныс түскен күннен бастап 30 күннен кешіктірмей басталуы тиіс консультациялар өткiзу қажеттiгi туралы жазбаша өтiніш жасауы мүмкiн. Егер 90 күн ішінде
келiсiмге қол жеткiзiлмесе, онда Тарап бұл туралы басқа Тарапты жазбаша хабарландыра отырып, келесi 30 күн iшiнде осы Хаттаманың күшін тоқтатуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметшілер өздерінің жұмысын оқу мерзімі аяқталғанға дейін жалғастырады. 2001 жылғы "___" ______________ ________________ қаласында әрқайсысы қазақ, түрiк және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей. Қазақстан Республикасының Түрік Республикасының Қорғаныс министрлігі үшін Бас штабы үшін Мамандар: Қасымбеков Б.А. Жұманазарова А.Б.