Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы" бөлiмi алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-166-жолмен толықтырылсын:
"470-166. "Үлгi-тәжiрибелiк орман
көшеттiгi" республикалық Алматы облысы,
мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық Еңбекшiқазақ
жүргiзу құқығында) ауданы";
2) <*>
Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111
қаулысымен
.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі