1. 2000 жылғы 22 мамырда Минск қаласында жасалған Қазақстан
Республикасының Yкiметi мен Беларусь Республикасының Yкiметi арасындағы Салық заңдарын сақтау мәселелерi бойынша ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Беларусь Республикасының Yкiметi арасындағы Салық заңдарын сақтау мәселелерi бойынша ынтымақтастық және өзара көмек туралы КЕЛIСIМ* * (2001 жылғы 16 шілдеден бастап күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2002 ж., N 2, 25-құжат) Қазақстан Республикасының Yкiметi және Беларусь Республикасының Yкiметi (бұдан әрi - Тараптар),
салық заңдарын сақтау мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастық пен өзара көмектiң маңыздылығын негiзге ала отырып,
осы мақсаттарда бiр-бiріне анағұрлым кең ауқымда жәрдем көрсетуге тiлек бiлдiре отырып, төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Терминдердің анықтамасы
Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн қолданылатын терминдер мынадай мағыналарды бiлдiредi:
"салық заңдары" - Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында салық түрлерiн және оларды өндiрiп алу тәртiбiн белгiлейтiн, сондай-ақ салықтық мiндеттемелердiң туындауына, өзгеруiне және тоқтатылуына байланысты қатынастарды реттейтiн заңдық нормалардың жиынтығы;
"салық заңдарын бұзу" - салық төлеушiнiң бюджет алдындағы мiндеттемелерiн орындамауынан не тиiстi түрде орындамауынан көрiнетiн құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсiздiк, ол үшiн заңдық жауапкершiлiк белгiленген;
"құзыреттi салық органдары":
Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлiгi;
Беларусь Тарапынан - Беларусь Республикасының Мемлекеттік салық комитетi;
"сұрау салатын салық қызметi" - салық мәселелерi бойынша жәрдем көрсету туралы сұрау салатын Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасының құзыреттi салық органы (бұдан әрi - жәрдем көрсету туралы сұрау салу);
"сұрау салынатын салық қызметі" - жәрдем көрсету туралы сұрау алатын Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасының құзыретті салық органы Тарап.
2-бап
Осы келiсiмнiң қолданылу саласы
Салық заңдарының тиiстi орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Тараптар өздерiнiң құзыреттi салық органдары арқылы:
салық заңдарын бұзушылықты болдырмау және (немесе) жолын кесуде;
заңды және жеке тұлғалардың салық заңдарын сақтауы туралы ақпаратты жәрдем көрсету туралы сұрау салу бойынша немесе бастамашылық тәртiптен ұсынуда;
ұлттық салық жүйелерi мен салық заңдарындағы ағымдағы өзгерiстер туралы ақпаратты беруде;
салық органдарының қызметiн қамтамасыз ететiн компьютерлiк жүйелердi құруда және олардың жұмыс барысында;
салық заңдарын сақтауды бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi әдiстемелiк нұсқамаларды әзiрлеудi қоса алғанда салық төлеушілермен және салық органдарымен жұмысты ұйымдастыруда;
кадрларды оқыту және салық қызметінiң қызметкерлерiн тағылымдамадан өткiзу саласында;
бiрлескен iс-қимылдар талап ететін басқа да мәселелер бойынша бiр-бiрiне өзара жәрдем көрсетедi.
Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптар арасында жасалған өзге де келiсiмдерге сәйкес құзыретті салық органдарының ынтымақтастығына кедергi жасамайды.
3-бап
Жәрдем көрсету туралы сұрау салудың нысаны және мазмұны
Жәрдем көрсету туралы сұрау салу оны қарау үшiн қажеттi құжаттар қоса тiркелiп жазбаша түрде құзыретті органға жiберiледi. Төтенше жағдайларда жәрдем көрсету туралы сұрау салу мүмкіндiгінше қысқа мерзiмдерде оны жазбаша растаумен ауызша нысанда жасалуы мүмкiн. Жәрдем көрсету туралы сұрау салу: сұрау салатын салық қызметінің атауын; сұрау салынатын салық қызметінің атауын; сұрау салудың мақсаты мен себебін; сұрау салу жасалатын салық төлеушінің атауы (есімі) мен мекен-жайын; қаралатын кезеңін және салықтар мен алымдардың нақты түрлерiн көрсете отырып, сұрау салудың мәнін қысқаша жазуды және олармен байланысты құқықтық жағдайларда қамтиды. Сұрау салу орыс тiлiнде жасалуы тиiс. Сұрау салынған салық органы жәрдем көрсету туралы алынған сұрау салу бойынша қосымша ақпаратты талап етуге құқылы.
4-бап
Жәрдем көрсету туралы сұрау салуды орындау тәртiбi
Құзыретті салық органдары бiр-бiрiне өз мемлекеттерінің ұлттық заңдарына және осы Келiсiмге сәйкес жәрдем көрсетедi.
Сұрау салатын салық органы оның өтінішi бойынша жәрдем көрсету туралы сұрау салуды орындауды жүзеге асыратын іс-қимылдарды өткiзудiң уақыты және орны туралы хабарлануы мүмкін, ал олардың өкілдерi қосымша келiсiм болған жағдайда аталған iс-қимылдарды өткiзу кезінде қатыса алады.
Егер жәрдем көрсету туралы сұрау салуды сұрау салынған салық органы орындай алмайтын болса, ол сұрау салу түскен күннен бастап бiр ай ішiнде бұл туралы жәрдем көрсетуден бас тарту себебiн көрсете отырып, сұрау салушы салық органына жазбаша хабарлайды.
5-бап
Ұсынылатын ақпараттың мазмұны
Құзыреттi салық органдары өз бастамасымен немесе жәрдем көрсету туралы сұрау салу бойынша:
тұрғылықты жерi, бағыныстылығы, меншiк нысаны және басқалары туралы деректердi қоса алғанда заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін тiркеуге;
заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттiк және коммерциялық банктердегi шоттарын ашуына, сондай-ақ оларда ақша қаражаттарының болуына және (немесе) айналысына;
Өз мемлекеттерiнiң аумақтарында алынған заңды тұлғалардың кірістері мен салық салынатын объектілерінің барлық түрлеріне, салық салумен байланысты төленген салықтар және (немесе) алымдардың сомаларына немесе басқа ақпаратқа қатысты ақпаратты бір-біріне ұсынады.
6-бап
Құжаттарды және басқа да материалдарды ұсыну
Сұрау салынған салық қызметі жәрдем көрсету туралы сұрау салу бойынша нормативтік құқықтық актілерді, салықтық тергеуді орындау үшін қажетті құжаттар мен басқа да материалдардың куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
Куәландырылған көшірмелер тергеу үшін жеткіліксіз болған жағдайда құжаттар мен басқа да материалдардың түпнұсқалары мүмкін Құжаттар мен басқа да материалдардың берілетін түпнұсқалар келісілген мерзімдерге қайтарылуы тиіс.
Ілеспе ақпаратпен бірге берілетін материалдар электрондық құралдармен берілуі мүмкін.
7-бап
Ақпаратты беру тәртібі
Жәрдем көрсету туралы сұрау салулар, құжаттар, материалдар және басқа да ақпарат Тараптардың келісімі бойынша айқындалатын тәртіппен беріледі.
Жәрдем көрсету құзыретті салық органдарының басшылары айқындайтын ресми лауазымды тұлғалардың тікелей байланысы шеңберінде жүзеге асырылады.
8-бап
Құпиялылықты сақтау
Нақты салық төлеушілерге қатысты ақпарат құпия болып табылады және сұрау салынған салық қызметінің талаптарына сәйкес қорғау режимімен қамтамасыз етіледі.
Алынған ақпаратты Тараптар осы Келісімде көзделген, соның ішінде әкімшілік немесе сот талқыламасына қатысты мақсаттарда ғана пайдалануы мүмкін. Ақпарат өзге де мақсаттар үшін сұрау салынған тараптың келісімімен ғана пайдаланылуы мүмкін.
9-бап
Осы Келiсiмнiң орындалуы
Осы Келiсiмдi түсiндiруде немесе қолдану кезiнде пайда болуы мүмкiн даулы мәселелердi реттеуде Тараптар өзара келiсiмге қол жеткiзуге ұмтылады.
Тараптар осы Келiсiмдi iске асыру барысын және оған өзгерiстер енгiзудiң орындылығын бағалау үшiн қажеттiгiне қарай консультациялар өткiзедi. Осындай консультациялардың мерзiмдерiн Тараптар қосымша айқындайды.
Осы Келiсiм ережелерiн iске асыру мақсатында Тараптар кейбiр мәселелер бойынша қосымша келiсiмдер жасаса алады.
10-бап
Өзгерiстер және толықтырулар
Тараптардың өзара жазбаша келiсiмдерi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын хаттамалармен рәсiмделедi.
11-бап
Осы Келiсiмнiң күшiне енуi және қолданысын тоқтату
Осы Келiсiм белгісiз мерзiмге жасалды және Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
Әрбір Тарап осы Келісімнің қолданысын екінші Тарапты жазбаша хабардар
ету арқылы тоқтата алады. Келісім тиісті Тарап жазбаша хабарлама жіберген күннен бастап алты айдан кейін қолданысын тоқтатады. Минск қаласында 2000 жылдың 22 мамырда әрқайсысы қазақ, беларус және орыс тілдерінде екі данадан жасалды және де барлық мәтіндердің заң күші бірдей бар. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушілік туындаса Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады. Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.