"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Z010143_ Заңына, "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 P010394_ қаулысына сәйкес және үстіміздегі жылда Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жемдік астықпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік жемдік астық ресурстарының 2001 жылғы көлемін 50 000 (елу мың) тоннаға дейінгі мөлшерде қалыптастырсын.
2. Мемлекеттік жемдік астық ресурстарының 2001 жылғы пайдалану көлемі
12 400 (он екі мың төрт жүз) тонна мөлшерінде белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада
белгіленген тәртіппен:
1) жемдік астыққа мұқтаж ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің
тізбесін анықтасын;
2) мемлекеттік жемдік астық ресурстарының пайдаланылуын бақылауды
қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.