1. Сотталғандар мен тергеу-қамауындағы адамдарды ұстауға 2001 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне көзделген қаражат есебінен және шегінде ("Түзеу мекемелері" кіші бағдарламасы) "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ЕЦ-166/26 түзеу мекемесі" (бұдан әрі - мекеме) мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. Мекеменің штат санының лимиті 375 бірлік мөлшерінде белгіленсін.
3. Мекеменің штат санын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап республикалық бюджеттен жүргізілсін.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының шекті штат санын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 8 қазандағы N 1018-74қ қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Түзеу мекемелері" деген жолдағы "10 843" деген сан "11 218" деген санмен ауыстырылсын;
"Жиыны" деген жолдағы "96 018" деген сан "96 393" деген санмен ауыстырылсын;
2) <*>
Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N
1755 қаулысымен. P011755_
3) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының шекті штаттың санын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 8 қазандағы N 1018-74қ қаулысының құпиялық белгісі "құпия" деген сөзден "құпия емес" деген сөзбен өзгертілсін.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі
агенттігі мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлімет көздерінің құпиясын ашу тәртібін әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынсын. 7. Осы қаулы, оның 3-тармағынан басқасы, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.