Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 мамырдағы N 705 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 маусым N 893

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы"

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 мамырдағы N 705 


P010705_



қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

     1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "1. 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және

техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген

шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Алматы

облысының әкіміне Талдықорған қаласының шегінде Жансүгіров көшесі бойында

Қаратал өзеніндегі көпір ауданында жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізуге

55 (елу бес) миллион теңге бөлінсін".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.