Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 маусым N 892

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мынадай мемлекеттік жоғары оқу орындары (бұдан әрі - жоғары оқу орындары):
      1) Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
      2) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
      3) Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті - Қазақ ұлттық аграрлық университеті;
      4) Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті - Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;
      5) С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық университеті - С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті;
      6) Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы - Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;
      7) Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясы - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы болып қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір айлық мерзімде:
      1) қайта аталған жоғары оқу орындарының жарғыларын бекітсін және олардың әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  

P960790_

  
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
     көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік 
кәсіпорындардың тізбесінде:
     "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі" 
бөлімінде реттік нөмірі 9-9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "9-9  С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ             Алматы
           ұлттық медициналық университеті            қаласы";
     "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімінде:
     реттік нөмірлері 470-108, 470-120, 470-123-жолдар мынадай редакцияда 
жазылсын:
     "470-108  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия          Астана
               ұлттық университеті                   қаласы
     470-120   Қазақ ұлттық аграрлық университеті    Алматы
                                                     қаласы
     470-123   Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық     Алматы 
               техникалық университеті               қаласы";
     2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 
мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 
қарашадағы N 1754  

P991754_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 
1999 ж., N 51, 504-құжат):
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
     реттік нөмірлері 180, 191, 195, 196, 167-5, 167-6-жолдар мынадай 
редакцияда жазылсын:
"167-5   Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
167-6    Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер
         академиясы
180      Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
191      Қазақ ұлттық аграрлық университеті
195      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
196      Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық
         университеті";


      3) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 P991852_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):

     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық 
сақтау ісі жөніндегі агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
     реттік нөмірі 36-жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "36.  С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық
           медициналық университеті".
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.