Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 маусым N 890

Қолданыстағы
      "Сақтандыру қызметі туралы" Z000126_ , "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Z000128_ және "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Z010162_ Заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 K952201_ қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      осы қаулыға 1-қосымшада:
      реттік нөмірі 19-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 21-жолдың 3-бағанындағы:
      "Банк қызметі" деген сөздерден кейін ", банк қызметінің аудиті," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Өмірді сақтандыру" саласындағы және "жалпы сақтандыру" саласындағы қызмет, қайта сақтандыру жөніндегі қызмет, сақтандыру брокерлерінің қызметі, сақтандыру рыногындағы актуарийлік қызмет, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудиті";

     реттік нөмірі 31-жолдың 3-бағанындағы "банктік қызметтің" деген 
сөздерден кейін "және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының" деген 
сөздермен толықтырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.