"Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясы" жабық акционерлік қоғамының жекелеген мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 маусым N 865

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) оның жарғылық капиталын бара-бар ұлғайта отырып, "Мұнаймаш" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Қазақойл" ҰМК) мүлкінің (активтерінің) құрамына беруді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      1) "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 наурыздағы N 410 P970410_ қаулысына:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Мұнаймаш" ААҚ 90%";
      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:

 

     көрсетілген қаулыға қосымшада:

     "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі"

бөлімінде реттік нөмірі 237-жол алынып тасталсын".

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және

минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.