Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 және 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулыларына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 маусым N 861

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      "Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 495-8-жолмен толықтырылсын:
      "495-8 ШҚО - 000341 "Семейавиа" ААҚ";
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшадағы реттік нөмірі 162-жол алынып тасталсын;
      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
      Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм

 

министрлігіне" деген бөлімдегі реттік нөмірі 149-жол алынып тасталсын.

     2. Шығыс Қазақстан облысының әкіміне заңнамада белгіленген тәртіппен

"Семейавиа" ашық акционерлік қоғамының аэродромын Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімшелерімен бірлесіп пайдалануды

қамтамасыз ету ұсынылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.