2001 жылғы 4 сәуiрде Вильнюс қаласында (Литва Республикасы) Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық қазақстан-литва комиссиясының екінші мәжілісі барысында қол жеткiзілген келiсiмдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 маусым N 839

Қолданыстағы
      2001 жылғы 4 сәуiрде Вильнюс қаласында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегі үкiметаралық қазақстан-литва комиссиясының екiншi мәжiлiсi барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды iске асыру және қазақстан-литва ынтымақтастығын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған 2001 жылғы 4 сәуiрде Вильнюс қаласында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық қазақстан-литва комиссиясының екiншi мәжiлiсi барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, өзге де мемлекеттiк органдары (келiсiм бойынша) және мүдделi ұйымдары (келiсiм бойынша) Жоспарда көзделген іс-шараларды iске асыру жөнінде нақты шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi жарты

жылда кемiнде бiр рет Қазақстан Республикасының Yкiметiн Жоспардың 
орындалу барысы туралы хабардар етсiн.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

                                    Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                        2001 жылғы 19 маусымдағы
                                            N 839 қаулысымен
                                               бекітілген
     
       2001 жылғы 4 сәуiрде Вильнюс қаласында (Литва Республикасы)         
        Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық 
        қазақстан-литва комиссиясының екiншi мәжiлiсi барысында 
            қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды 
                     iске асыру жөнiндегi іс-шаралар 
                                  Жоспары      
---------------------------------------------------------------------------
Р/с!             Іс-шара            ! Орындалу !  Орындалуына жауаптылар
 N !                                ! мерзімі  !
---------------------------------------------------------------------------
 1 !                2               !     3    !             4     
---------------------------------------------------------------------------
1   Шарттық-құқықтық негiздi 
    жетiлдiру:
    Мынадай құжаттардың жобаларын 
    қол қоюға дайындау:
    1) Шағын және орта бизнес         2001 жылғы Қазақстан Республикасының
    саласындағы ынтымақтастық туралы  IV тоқсан  Табиғи монополияларды
    Қазақстан Республикасының                    реттеу, бәсекелестікті
    Yкiметi мен Литва Республикасының            қорғау және шағын бизнесті
    Үкiметi арасындағы хаттама                   қолдау жөніндегі агенттігі

    2) Қазақстан Республикасы мен        -//-    Қазақстан Республикасының
    Литва Республикасының арасындағы             Энергетика және
    мұнай мен газ өнеркәсiбiндегi                минералдық ресурстар
    ынтымақтастық туралы меморандум              министрлігі, "Мұнай мен   
                                                 Газ Көлігі" Ұлттық        
                                                 компаниясы" ЖАҚ 
                                                 (келісім бойынша)
     
2   Ақпараттық және консультациялық   Тұрақты    
    ынтымақтастықты, тәжiрибе         негізде
    алмасуды дамыту:
    1) Қазақстан Республикасының                 Қазақстан Республикасының
    Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына кiру              Экономика және сауда
    мәселелерi бойынша;                          министрлігі
     
    2) стандарттау, метрология және              Қазақстан Республикасы
    сертификаттау саласында;                     Экономика және сауда
                                                 министрлігінің            
                                                 Стандарттау, метрология   
                                                 және сертификаттау        
                                                 жөніндегі комитеті,      

    3) салық және кеден заңнамасы                Қазақстан Республикасының 
    мәселелерi бойынша                           Мемлекеттік кіріс         
                                                 министрлігі, Қазақстан    
                                                 Республикасы Мемлекеттік  
                                                 кіріс министрлігінің      
                                                 Кеден комитеті, Қазақстан 
                                                 Республикасының Қаржы     
                                                 полициясы агенттігі
     
3   Екi жақты сауда-экономикалық     Тұрақты     Қазақстан Республикасының
    ынтымақтастық көрмелерiн,        негізде     Экономика және сауда
    жәрмеңкелерiн, миссияларын                   министрлігі, Қазақстан
    және басқа да нысандарын өткiзу              Республикасының Табиғи
    жөнiндегi жұмысты жалғастыру.                монополияларды реттеу,
    "Қазақстан-литва ынтымақтастығы              бәсекелестікті қорғау және
    көшбасшысы" жүлдесiн тағайындау              шағын бизнесті қолдау
    мүмкiндiгiн қарау                            жөніндегі агенттігі,      
                                                 Астана қаласының әкімі,   
                                                 Алматы қаласының әкімі,   
                                                 Қазақстан Республикасы    
                                                 Сауда-өнеркәсіп           
                                                 палаталарының одағы       
                                                 (келісім бойынша),        
                                                 Қазақстан Республикасының 
                                                 Сыртқы істер министрлігі
     
4   Көлiк саласындағы                2001 жыл    Қазақстан Республикасының
    ынтымақтастықты жандандыру:       ішінде     Көлік және коммуникациялар
                                                 министрлігі, "Қазақстан
    1) Клайпеда портында                         темір жолы" РМК (келісім
    бiрлескен тиеу-түсiру және                   бойынша), "Ақтау теңіз
    көлiк-экспедициялық                          сауда порты" РМК (келісім
    кәсiпорындар құру туралы                     бойынша), Қазақстан
    мәселенi пысықтау;                           Республикасының Сыртқы
    2) бiрлескен жұмысты                         істер министрлігі
    жалғастыру мақсатында 
    Клайпеда теңіз портының 
    қатысуымен екi ел темiр жол 
    әкiмшiлiктерi арасында
    екi жақты жұмыс тобын құру 
    жөнiнде жұмыс жүргiзу:
    - Литва Республикасының 
    порттық құрылымдарын 
    пайдалана отырып, 
    қазақстандық экспорттық-
    импорттық жүктерді
    тасымалдаудың бәсекелес 
    қабiлеттi жағдайларын 
    қалыптастыру жөнінде,
    - қазақстан жүктерiн еуропа 
    елдерiне және кейiн қарай 
    Клайпеда халықаралық паром 
    өткелi арқылы пароммен артық 
    салмақсыз темiр жол 
    вагондарымен тасымалдау 
    көлемдерiн өсiру, еуропа
    елдерiне, басқа елдерге және
    кейiн қарай олардан қазақстан
    жүктерi бар контейнерлердiң 
    транзитi үшiн Клайпеда 
    контейнер терминалын 
    пайдалану мүмкіндіктерiн 
    қарау жөнінде;
    3) Қазақстан Республикасының 
    аумағында бiрлескен жол - 
    құрылыс кәсiпорындарын құру 
    мүмкiндiгiн қарау;
    4) Клайпеда портын пайдалана 
    отырып Трансазия темiр жолы
    магистралының Солтүстiк дәлiзi 
    бағытының құрамына қосу
    туралы мәселенi пысықтау;
    5) екi ел арасында әуе 
    қатынасын жаңғырту жөнiндегi 
    жұмысты жандандыру;
    6) бiрлескен автокөлiк 
    компанияларын құруға жәрдем 
    көрсету;
    Автомобиль көлiгi жөнiндегi 
    аралас екi жақты комиссия
    шеңберiнде екi ел арасындағы 
    халықаралық тасымалдар 
    бойынша рұқсатқа квотаны 
    өсіру мүмкіндігін қарау;
    7) транссiбiр тасымалдары         Тұрақты                   -//- 
    бойынша Үйлестiру Комитетiндегi   негізде
    бiрлескен қызметтi үйлестiру 
    жөнiнде жұмыс жүргізу;
     
5   Мұнайгаз секторы саласындағы 
    ынтымақтастықты дамытуды
    жалғастыру:
    1) транзиттiк квоталар және       2001 жылғы  Қазақстан Республикасының
    тарифтер мәселелерiн келiсу       IV тоқсан   Энергетика және
    жөнiнде Қазақстан Республикасы,               минералдық ресурстар
    Ресей Федерациясы және Литва                  министрлігі, "Мұнай мен
    Республикасы арасында үш жақты                Газ Көлігі" Ұлттық
    келiссөздер жүргiзу;                          компаниясы" ЖАҚ (келісім
                                                  бойынша), Қазақстан
                                                  Республикасының Сыртқы
                                                  істер министрлігі
     
    2) табиғи және сығымдалған
    газ беру жөнiнде Қазақстан мен 
    Литва компаниялары арасындағы 
    ынтымақтастықты дамытуға жәрдем
    көрсету;                          2001 жыл             -//-
    3) Клайпеда теңiз портында        ішінде
    сығымдалған газды қайта тиеу 
    жөнiндегi терминалдың бiрлескен 
    құрылысына қатысу мүмкiндiгiн 
    қарау
     
6   Туризм саласындағы                Тұрақты     Қазақстан Республикасының
    ынтымақтастықты жалғастыру:       негізде     Туризм және спорт
    1) Қазақстан Республикасында                  жөніндегі агенттігі
    және Литва Республикасында
    туристiк ақпараттық өкiлдiктер 
    ашу жөнiнде тәжiрибе алмасу
    мәселесiн пысықтау;
    2) туризм саласын жетiлдiру 
    үшін кадрлар даярлау және қайта
    даярлауда, Қазақстан 
    Республикасының туристiк
    инфрақұрылымын дамытуға 
    инвестициялар тартуда екi жақты
    ынтымақтастықты дамыту;           2001 жыл
    3) Қазақстан Республикасы          ішінде
    Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 
    тамыздағы N 1248  

P001248_

  
    қаулысымен бекiтiлген, Литва 
    Республикасының Мемлекеттiк 
    туризм департаментiмен бiрлесiп 
    Туризм саласындағы 
    ынтымақтастық туралы Қазақстан
    Республикасының Үкiметi мен 
    Литва Республикасының Үкiметi
    арасындағы келiсiмдi iске асыру 
    жөнiндегi кешендi iс-шаралар
    жоспарын әзiрлеу
     
7   Шағын және орта бизнес аясында,    Тұрақты  Қазақстан Республикасының
    сондай-ақ жиһаз және ағаш өңдеу    негізде  Табиғи монополияларды
    өнеркәсібі саласындағы                      реттеу, бәсекелестікті
    ынтымақтастықты дамыту.                     қорғау және шағын бизнесті
    Қазақстанда жиhаз өндiрiсi                  қолдау жөніндегі агенттігі,
    жөнінде бірлескен кәсiпорын                 Экономика және сауда
    құруға ықпал жасау                          министрлігі,
                                                Сыртқы істер министрлігі
     
8   Ауыл шаруашылығы саласында,        Тұрақты  Қазақстан Республикасының
    оның ішінде мынадай мәселелер      негізде  Ауыл шаруашылығы
    бойынша ынтымақтастықты                     министрлігі
    жандандыру:
    1) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн 
    қайта өңдеу,
    2) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн 
    өзара тиiмдi экспорттық беру,
    3) асыл тұқымды мал 
    шаруашылығын дамыту,
    4) инвестициялар тарту және 
    бiрлескен кәсiпорындар құру,
    5) тәжiрибе және ақпараттық 
    материалдар алмасу
     
9   Қазақстан және литва            2002 жылғы  Қазақстан Республикасының
    кәсiпорындары арасындағы          мамыр     Экономика және сауда
    берешектердi реттеу жөнiндегi               министрлігі (шақыру),
    жұмысты жалғастыру                          Қазақстан Республикасының
                                                Қаржы министрлігі,         
                                                Қазақстан Республикасының  
                                                Әділет министрлігі,        
                                                Қазақстан Республикасының  
                                                Мемлекеттік кіріс          
                                                министрлігі, Қазақстан     
                                                Республикасының Энергетика 
                                                және минералдық ресурстар  
                                                министрлігі, Қазақстан     
                                                Республикасының Көлік және 
                                                коммуникациялар            
                                                министрлігі, Қазақстан     
                                                Республикасының Қаржы      
                                                министрлігінің Мемлекеттік 
                                                мүлік және жекешелендіру   
                                                комитеті, "Кәсіпорындарды  
                                                қайта ұйымдастыру және жою 
                                                жөніндегі агенттігі" ААҚ   
                                                (келісім бойынша)

    Қазақстан Республикасы мен       2001 жыл   Қазақстан Республикасының
    Литва Республикасы арасындағы     ішінде    Ұлттық Банкі
    1992 жылғы сауда-экономикалық               (келісім бойынша)
    қатынастардың нәтижелерi 
    бойынша берешектердi реттеу 
    мүмкiндігін қарау 
    (корреспонденттік есеп-шотқа
    көшкенге дейiн)
     
10  Сауда-экономикалық                Жарты     Қазақстан Республикасының
    ынтымақтастық жөнiндегi          жылдықта   Экономика және сауда
    үкiметаралық қазақстан-литва     бір рет    министрлігі (шақыру),
    комиссиясы екiншi мәжiлісінің               Қазақстан Республикасының
    хаттамасын iске асыру                       Көлік және коммуникациялар
    жөніндегі жұмыс нәтижелерi                  министрлігі, Қазақстан
    туралы ақпарат беру                         Республикасының Энергетика
                                                және минералдық ресурстар
                                                министрлігі, Қазақстан
                                                Республикасының Ауыл
                                                шаруашылығы министрлігі,
                                                Қазақстан Республикасының  
                                                Мемлекеттік кіріс          
                                                министрлігі, Мемлекеттік   
                                                кіріс министрлігінің       
                                                Кеден комитеті, Қаржы
                                                полициясы агенттігі,
                                                Қазақстан Республикасының
                                                Табиғи монополияларды
                                                реттеу, бәсекелестікті
                                                қорғау және шағын бизнесті
                                                қолдау жөніндегі агенттігі,
                                                Қазақстан Республикасының
                                                Туризм және спорт
                                                жөніндегі агенттігі,
                                                Астана қаласының әкімі,    
                                                Алматы қаласының әкімі,   
                                                Қазақстан Республикасының
                                                Ұлттық Банкі (келісім
                                                бойынша), "Мұнай мен Газ   
                                                Көлігі" Ұлттық компаниясы" 
                                                ЖАҚ (келісім бойынша),  
                                                "Қазақстан темір жолы" РМК
                                                (келісім бойынша),
                                                "Ақтау теңіз сауда порты"
                                                РМК (келісім бойынша),
                                                Қазақстан Республикасы
                                                Сауда-өнеркәсіп            
                                                палаталарының одағы        
                                                (келісім бойынша)
     
11  Қазақстан Республикасында       2002 жыл    Қазақстан Республикасының
    Сауда-экономикалық                          Экономика және сауда
    ынтымақтастық жөніндегі                     министрлігі, Қазақстан
    үкіметаралық қазақстан-литва                Республикасының Сыртқы
    комиссиясының үшінші                        істер министрлігі
    мәжілісін өткізу     
---------------------------------------------------------------------------
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Жұманазарова А.Б.