Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген заемдарын тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 маусым N 819

Қолданыстағы
      "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Z990464_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекет кепiлдік берген заемдарын тiркеу және есепке алу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың:
      1) "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының мемлекеттiк сырттан қарыз алу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыртқы заемдары бойынша мемлекеттiк сыртқы борышты басқару саласындағы қызметiн үйлестiрудiң тәртiбi туралы ереженi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепілдiктерiн берудiң тәртiбi мен шарттары және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк сыртқы заемдар мен мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды тiркеудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi N 1366 P971366_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 43, 401-құжат);
      2) "Астана-Сити" объектiлерi кешенi бiріншi кезеңiнің құрылысын бастау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 22 сәуiрдегi N 445 P990445_ қаулысының 3-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 137-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі


                                            Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 маусымдағы N 819 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН


        Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк
               берген заемдарын тiркеу және есепке алу ережесi

                            1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Z990464_ Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекет кепілдік берген заемдарын тiркеудiң және есепке алудың тәртiбiн анықтайды.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген заемдарын тiркеуді және есепке алуды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Қаржы министрлігі) жүзеге асырады.
      3. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк);
      Қазақстан Республикасының жергілiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органдар) тартатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк заемдары (бұдан әрi - мемлекеттiк заемдар);
      2) Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдiк берген заемдары (бұдан әрi - мемлекет кепiлдiк берген заемдар) тiркеуге және есепке алуға жатады.

              2. Yкiметтiк заемдарды тiркеу және есепке алу

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі тартқан заемдарды тiркеу және есепке алу:
      1) заем туралы келісім (шарт) жасасу нысанында - заем туралы келісім (шарт) негізінде жүзеге асырылады;
      2) халықаралық капитал рыноктарына орналастырылатын мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы нысанында - мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы және оларды орналастырудың нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының негізінде жүзеге асырылады;
      3) ішкі капитал рыноктарына орналастырылатын мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы нысанында, аукцион өткізу немесе жазылу әдісі арқылы мемлекеттік бағалы қағаздарды бастапқы орналастырудың нәтижелері және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" жабық акционерлік қоғамының мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырудың көлемін растау негізінде жүзеге асырылады.
      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі тартқан заемдарды тіркеу нөмірін беру және оны мемлекеттік заемдардың тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады.
      6. Қазақстан Республикасының Үкіметі тартқан заемдарды есепке алу заем туралы келісімнің немесе мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының негізгі есепті сипаттамаларын (заемның нөмірі және оны ресімдеу күні, заемның түрі, несие беруші, заемның валютасы және сомасы, заемның мерзімі, сыйақы ставкалары) дерекқорға енгізу жолымен жүргізіледі.
      7. Мынадай нысанда Қазақстан Республикасының Үкіметі тартқан үкіметтік заемдарды тіркеу:
      1) заем туралы келісім (шарт) жасасу - заем туралы келісімге (шартқа) қол қойылғаннан кейін 15 күн ішінде жүзеге асырылады;
      2) мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы - Қаржы министрлігі эмиссия жүргізгеннен кейін 5 күн ішінде жүзеге асырылады.

             3. Ұлттық Банктің заемдарын тіркеу және есепке алу

      8. Ұлттық Банк тартқан заемдарды тіркеу және есепке алу:
      1) заем туралы келісім (шарт) жасасу нысанында - заем туралы келісімнің (шарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі негізінде жүзеге асырылады;
      2) мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы нысанында - "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" жабық акционерлік қоғамының Ұлттық Банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырудың көлемін растау негізінде жүзеге асырылады.
      9. Ұлттық Банк тартқан заемдарды тіркеу (айналыстағы ақша қорын реттеу үшін шығарылатын Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарынан басқа) заемға тіркеу нөмірін беру және оны мемлекеттік заемдардың тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады.
      10. Ұлттық Банк тартқан заемдарды есепке алу (айналыстағы ақша қорын реттеу үшiн шығарылатын Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноталарынан басқа) заем туралы келiсiмнiң немесе Ұлттық Банктiң бағалы қағаздар эмиссиясының негізгі есепті сипаттамаларын (заемның нөмірі және оны ресімдеу күні, заемның түрі, несие беруші, заемның валютасы және сомасы, заемның мерзімі, сыйақы ставкалары) дерекқорға енгiзу жолымен жүргiзiледi.
      11. Ұлттық Банк өзi тартқан заемдарды тiркеу үшiн осы Ереженiң 8-тармағында көрсетілген құжаттарды заем туралы келiсiмге (шартқа) қол қойылғаннан немесе мемлекеттiк бағалы қағаздардың эмиссиясын өткiзгеннен кейiн 15 күн iшiнде Қаржы министрлiгiне ұсынады.
      12. Ұлттық Банктiң заемдарын тiркеу тиiстi құжаттар ұсынылғаннан кейiн 10 күн iшiнде жүзеге асырылады.

          4. Жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын тiркеу және
                               есепке алу

      13. Жергiлiктi атқарушы органдар тартқан заемдарды тiркеу және есепке алу:
      1) заем туралы келiсiм (шарт) жасасу нысанында - заем туралы келiсiмнiң (шарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесi негiзiнде жүзеге асырылады;
      2) мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясы нысанында - аймақтық инвестициялық бағдарламаны келiсу туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысы және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" жабық акционерлiк қоғамының жергілiктi атқарушы органның мемлекеттiк бағалы қағаздарын орналастырудың көлемiн растау негiзiнде жүзеге асырылады.
      14. Жергілiктi атқарушы органдар тартқан заемдарды тiркеу заемға тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекеттік заемдардың тiзілiміне енгiзу жолымен жүзеге асырылады.
      15. Жергiлiктi атқарушы органдар тартқан заемдарды есепке алу заем туралы келiсiмнiң немесе мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясының негiзгi есептi сипаттамаларын (заемның нөмiрi және оны ресiмдеу күнi, заемның түрi, несие берушi, заемның валютасы және сомасы, заемның мерзiмi, сыйақы ставкалары) дерекқорға енгiзу жолымен жүргiзiледi.
      16. Жергiлiктi атқарушы органдар өздерi тартқан заемдарды тiркеу үшін осы Ереженің 13-тармағында көрсетiлген құжаттарды заем туралы келiсiмге (шартқа) қол қойылғаннан немесе мемлекеттiк бағалы қағаздардың эмиссиясын өткiзгеннен кейін 15 күн ішінде Қаржы министрлігіне ұсынады.
      17. Жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын тiркеу тиiстi құжаттар ұсынылғаннан кейiн 10 күн iшiнде жүзеге асырылады.

       5. Мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеу және есепке алу

      18. Мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеу және есепке алу заем туралы келiсiмнiң (шарттың) нотариалды куәландырылған көшiрмесi негізiнде жүзеге асырылады.
      19. Заемшылар өздерi тартқан мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеу үшiн осы Ереженiң 18-тармағында көрсетiлген құжатты заем туралы келiсiмге (шартқа) қол қойылғаннан кейiн 15 күн ішінде Қаржы министрлiгiне ұсынады.
      20. Мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеу заемға тiркеу нөмiрiн

беру және оны мемлекет кепiлдiк берген заемдардың тiзiлiмiне енгiзу 
жолымен жүзеге асырылады.
     21. Мемлекет кепiлдiк берген заемдарды есепке алу заем туралы 
келісімнің негізгі есепті сипаттамаларын (заемның нөмірі және оны ресiмдеу 
күнi, заемның түрi, несие берушi, заемның валютасы және сомасы, заемның 
мерзiмi, сыйақы ставкалары) дерекқорға енгiзу жолымен жүргiзiледi.
     22. Мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеу заемшы тиiстi 
құжаттарды ұсынғаннан кейiн 10 күн iшiнде жүзеге асырылады.

                          6. Ерекше жағдайлар

     23. Тiркелген құжаттарға, сондай-ақ өздерінің негiзiнде мемлекеттiк 
және мемлекет кепілдiк берген заемдарды тiркеу жүргiзiлген құжаттарға 
енгiзiлетiн өзгерiстер туралы ақпаратты заемшы осындай өзгерiстер 
енгiзiлгеннен кейiн 10 күн iшiнде есепке алу үшiн Қаржы министрлiгiне 
ұсынуы тиiс.
     24. Заем туралы келiсiмдер (шарттар) жасасу нысанында тартылған 
мемлекет кепiлдiк берген заемдарды және мемлекеттiк заемдарды тiркеу 
кезiнде Қаржы министрлiгi заемшыға осы Ереженiң 1 және 2-қосымшаларына 
сәйкес белгiленген нысандағы тiркеу куәлiгiн бередi.

                                                     Ережеге      
                                                     1-қосымша 

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі      

                      N Тіркеу куәлігі

__________ қаласы                             200_ жылғы "__"___________

     Осымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік 
заемдар тізілімінде ______ нөмірмен мынадай мемлекеттік заем туралы 
келісімді (шартты) тіркейді.                 

БНК, ЖНК _______________200_ жылғы "__"___________ N______

Несие беруші                ______________________________________________ 
                             (несие берушінің атауы, орналасқан жері) 
Заемшы                      ______________________________________________
                             (заемшының атауы, орналасқан жері) 
Несие желісі                ______________________________________________
           
Қарыз алу түрі              ______________________________________________

Қарыз алу мақсаты           ______________________________________________

Заемның сомасы              ______________________________________________

Валютаның атауы             ______________________________________________

Игеру кезеңі                ______________________________________________
                      (басталған күні - аяқталған күні (пайдалану мерзімі)
Өтеу кезеңі                 ______________________________________________
                                 басталған күні - аяқталған күні
Өтеу көздері                ______________________________________________ 
                                     (көздің атауы)         
Ілеспе шығыстардың көздері:        
шығыстардың атауы ________ көзі _________________________          
шығыстардың атауы ________ көзі _________________________          

Осы келісімге мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:
___________________________________________________________________________
 N !     Құжаттың түрі    !     Құжаттың нөмірі   !    Ресімделген күні   !
___!______________________!_______________________!_______________________!
___!______________________!_______________________!_______________________!
          
Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрі                                    ____________________

                                                     Ережеге      
                                                     2-қосымша 

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі      

                      N Тіркеу куәлігі

__________ қаласы                             200_ жылғы "__"___________

     Осымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекет кепілдік 
берген заемдар тізілімінде ______ нөмірмен мынадай кепілдік берген заем 
туралы келісімді (шартты) тіркейді.                 

Несие келісімі _______________200_ жылғы "__"___________ N______
     
     Мемлекеттік кепілдік _____________200_ жылғы "__"___________ N_____

Несие беруші                ______________________________________________ 
                             (несие берушінің атауы, орналасқан жері) 
Заемшы                      ______________________________________________
                             (заемшының атауы, орналасқан жері) 
Несие желісі                ______________________________________________
           
                            ______________________________________________


Заемның сомасы              ______________________________________________

Валютаның атауы             ______________________________________________

Игеру кезеңі                ______________________________________________
                      (басталған күні - аяқталған күні (пайдалану мерзімі)
Өтеу кезеңі                 ______________________________________________
                                 басталған күні - аяқталған күні
Өтеу көздері                ______________________________________________ 
                                     (көздің атауы)         
Ілеспе шығыстардың көздері:        
шығыстардың атауы ________ көзі _________________________          
шығыстардың атауы ________ көзі _________________________          

Осы келісімге мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:
___________________________________________________________________________
 N !     Құжаттың түрі    !     Құжаттың нөмірі   !    Ресімделген күні   !
___!______________________!_______________________!_______________________!
___!______________________!_______________________!_______________________!
          
Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрі                                    ____________________

     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Жұманазарова А.Б.