Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің "Сардар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 13 маусым N 818

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің "Сардар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің арнайы қамтамасыз ету жөніндегі орталығы" ашық акционерлік қоғам болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қоғамның жарғысын бекіту кезінде Қоғам қызметінің негізгі мән-жайы Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бөлімшелерінің энергиямен, сумен және жылумен жабдықтау, көлік, байланыс, коммуникациялар, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да жүйелері саласындағы шаруашылық қызметін жүзеге асыру болып айқындалсын;
      2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) мемлекеттік тіркелгеннен кейін акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оларды пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне берсін;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметі" деген бөлім және реттік нөмірі 505-жол алынып тасталсын;
      2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген, Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-11-жолмен толықтырылсын: "21-11. Қазақстан Республикасының Президенті Күзет
            қызметінің арнайы қамтамасыз ету жөніндегі
            орталығы; ААҚ";
      3) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік

пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі 
құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 
27 мамырдағы N 659  

P990659_

  қаулысына:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету мен пайдалану құқығы 
салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін 
республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің 
және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесі:
     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 240-жолмен толықтырылсын:
     "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне
240.       "Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің
           арнайы қамтамасыз ету жөніндегі
           орталығы" ААҚ".
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
    

Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Икебаева А.Ж.