Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттаудың кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 12 маусым N 808

Қолданыстағы
      "Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы"

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы  

Z970087_

  Заңына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған:
     1) Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды 
аттестаттау ережесі;
     2) іздестіру-құтқару, тау-кен-құтқару, газдан құтқару және атқыламаға 
қарсы жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын 
авариялық-құтқару қызметтеріне және құрамаларына қойылатын біліктілік 
талаптары бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 
жариялануға тиіс.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкіметінің
                                      2001 жылғы 12 маусымдағы
                                         N 808 қаулысымен
                                               бекітілген
     
          Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын
           және құтқарушыларды аттестаттау ережесі
     


      1. Кәсіптік авариялық-құтқару қызметтері, кәсіптік және ерікті авариялық-құтқару құрамалары (бұдан әрі - АҚҚ) және құтқарушылар аттестаттауға жатады.
      2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға тартылған АҚҚ және құтқарушыларды аттестаттау:
      1) олардың авариялық-құтқару жұмыстарын орындау даярлығының дәрежесін;
      2) тиісті техниканың, мүліктің және жабдықтардың болуы және жай-күйін;
      3) құтқарушылардың кәсіби дағдысына, медициналық даярлығына, дене, психологиялық және моральдық дайындығына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
      3. АҚҚ және құтқарушылар бастапқы, қайталама, мерзімді және кезектен тыс аттестаттауға жатады:
      1) бастапқы аттестаттауға жаңадан құрылған АҚҚ, сондай-ақ құтқарушы болуға тілек білдірген азаматтар жатады;
      2) АҚҚ мен құтқарушылардың қызметін жаңғырту үшін, өткен аттестаттауда анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін, қайталама аттестаттау жүргізіледі;
      3) АҚҚ мен құтқарушыларды мерзімді аттестаттау оларды аттестаттау мерзімі өткен соң, бірақ, кемінде үш жылда бір рет жүргізіледі;
      4) АҚҚ мен құтқарушыларды кезектен тыс аттестаттау олардың орындайтын авариялық-құтқару жұмыстарының түрі өзгерген жағдайда жүргізіледі.
      4. Аттестаттауды:
      1) өзі жұмыс істейтін құтқару бөлімшесінің ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өздерінің ведомстволық бағыныстағы және ведомстводан тыс авариялық-құтқару қызметін, құрамаларын аттестаттау және құтқарушыларға "Халықаралық сыныптағы құтқарушы" сыныптық біліктілігін беру үшін Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) орталық атқарушы органының шешімімен;
      2) ведомстволық авариялық-құтқару қызметін және құрамаларын аттестаттау үшін Уәкілетті органның, министрліктің, агенттіктің, жергілікті атқарушы органның бірлескен шешімімен;
      3) құтқарушыларды аттестаттау үшін авариялық-құтқару қызметі, құрамалары бастықтарының шешімімен құрылған аттестаттау комиссиялары жүргізеді.
      5. АҚҚ мен құтқарушыларды аттестаттауды АҚҚ басшылары мен құрылтайшыларының ұсынған материалдарының негізінде аттестаттау комиссиясы жүргізеді. Қаралған материалдардың және жүргізілген тексерулердің негізінде АҚҚ, құтқарушылардың мақсатқа сай жұмыстарын орындау мүмкіндігі туралы қорытындысымен аттестаттау актісі жасалынады. Аттестаттау актісінің мазмұны құрылтайшылар мен АҚҚ басшыларына жеткізіледі.
      АҚҚ басшысы, құтқарушы аттестаттау комиссиясының қорытындысымен келіспесе, оған Уәкілетті органға және одан әрі сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
      6. Аттестатталған АҚҚ-на Уәкілетті орган:
      1) іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару және атқыламаға қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына лицензиялар;
      2) өзге де авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына белгіленген үлгідегі куәлік береді.
      7. Аттестаттаудан өткен құтқарушыларға құтқарушы куәлігі, құтқарушы кітапшасы мен белгіленген үлгідегі құтқарушы жетоны беріледі. Келесі аттестаттау кезінде құтқарушының кітапшасына тиісті жазу жазылады.
      8. Аттестаттаудан өтпеген АҚҚ-нан заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару және атқыламаға

қарсы жұмыстарын жүргізу құқығына берілген лицензия қайтарып алынады 
немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрады;
     2) өзге де авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына берілген 
куәлік қайтарылып алынады немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрады.
     9. Аттестаттаудан өтпеген құтқарушылар құтқарушы мәртебесінен 
айырылады.
     10. АҚҚ мен құтқарушыларды аттестаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру 
Уәкілетті органға жүктеледі.
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                            2001 жылғы 12 маусымдағы
                                               N 808 қаулысымен
                                                     бекітілген
     
        Іздестіру-құтқару, тау-кен-құтқару, газдан құтқару және
    атқыламаға қарсы жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтерді жүзеге
       асыратын авариялық-құтқару қызметтеріне және құрамаларына
                  қойылатын біліктілік талаптары
     


      1. Іздестіру-құтқару, тау-кен-құтқару, газдан құтқару және атқыламаға қарсы жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын авариялық-құтқару қызметтеріне және құрамаларына мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) Уәкілетті орган олар үшін әзірлеген ұйымдастыру-штат құрылымына сәйкес келуі;
      2) қызмет көрсетілетін объектілер мен аумақтардағы авариялық және төтенше жағдайларды жою ерекшелігін білетін құтқарушылармен жасақталуы;
      3) оларға жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындауды қамтамасыз

ететін тізімге алынған жабдықтармен, техникамен және көлік құралдарымен 
жарақтандырылуы;
     4) қызмет көрсетілетін объектілермен және басқару органдарымен 
сенімді байланысты, тәулік бойы кезекшілік жүргізуді қамтамасыз ететін 
үй-жайлары және жабдықтары болуы;
     5) құтқарушылар мен тұтас алғанда, құрамалар даярлығының тиісті 
деңгейін қамтамасыз ету үшін қажетті дайындықтың барлық түрлерін жүргізуге 
мүмкіндік беретін оқу-жаттығу және өндірістік базаның болуы.
          
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Шарипова М.Е.