Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жер қатынастарын реттеу жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы N 800 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 6 маусымдағы N 710 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 26, 223-құжат):
      кiрiспеде "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 Заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер  "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      "мемлекеттiк комитеттер" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң тәртiбiнде:
      мәтiнде:
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiнiң", "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi", "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiне" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң", "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегі агенттiгi", "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "аудандық (қалалық) комитеттердiң", "аудандық (қалалық) комитеттердi", "аудандық (қалалық) комитетiмен", "аудандық комитетiне" деген сөздер тиiсiнше "аумақтық комитеттердiң", "аумақтық комитеттердi", "аумақтық комитетiмен", "аумақтық комитетiне" деген сөздерiмен ауыстырылсын;
      1-тармақта "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "орыны" деген сөзден кейiн "мақсатты пайдаланылуы," деген сөздермен толықтырылсын;
      "есепке алу" деген сөздерден кейiн ", жердi пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Суармалы жер учаскелерiнiң мелиоративтiк жай-күйi, олардың табиғи және сулылық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау, олардың пайдалануын есепке алу туралы мәлiметтер жүйесiн құрайтын суармалы жерлердiң мелиорациялық кадастры жер кадастрының құрамдас бөлiгi болып табылады.";
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi ұйымдастыруды орталық уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары қалыптастыратын мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Тiркеу мақсатында жер учаскелерiнiң есебiн алу жөнiндегi жұмыстар тапсырысшылардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Жер кадастрын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындар жүзеге асырады, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлетті орган оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асырады.";
      13-тармақта:
      үшiншi абзацта "мемлекеттiк комитеттер" деген сөздер алынып тасталсын.
      алтыншы абзацта:
      "облыстық және аудандық (қалалық)" деген сөздер "аумақтық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "жүргiзуiне" деген сөз "жүргiзудi ұйымдастыруына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14-тармақтың үшiншi абзацында "жүргiзу" деген сөз "жүргiзудi ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      28-тармақта:
      ", үнемi" деген сөз "немесе" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "қажеттiлiк" деген сөз "қажеттер" деген сөзбен ауыстырылсын;
      29-тармақта және 36-тармақтың бесiншi абзацында "қажеттiлiк" деген сөз "қажеттер" деген сөзбен ауыстырылсын;
      30-тармақта "тәркiлеу" деген сөзден кейiн "не "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74 және 75-баптарында көзделген негiздер" деген сөздермен толықтырылсын;
      37-тармақтың бесiншi абзацында "Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Экономикалық жоспарлау жөнiндегi комитетiне, Экология және табиғи ресурстар министрлiгiне және Ұлттық статистика агенттiгiне" деген сөздер "Экономика және сауда министрлiгiне, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне және Статистика жөнiндегi агенттiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      42-тармақта "жер учаскесiне меншiк құқына немесе жердi тұрақты пайдалану құқына арналған актi" деген сөздер "жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      47-тармақта "тұрақты" деген сөз алынып тасталсын;
      52-тармақта "құрастыруды" деген сөз алынып тасталсын;
      53-тармақтың үшiнші абзацында "Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулының 2-қосымшасында:
      "Ақмола облысы - 01" бөлiмi мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Еңбекшiлдер         172
      Зерендi              160
      Щучье                171
      Көкшетау қаласы      174
      Заозерный кентi      173
      Степняк қаласы       176
      Щучье қаласы         177";
      "Алматы облысы - 03" бөлiмiнде "Талдықорған" деген сөз "Ескелдi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Жамбыл облысы - 06" бөлiмiнде "Луговой" деген сөз "Т. Рысқұлов атындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Батыс Қазақстан облысы - 08" бөлiмiнде "Орда" деген сөз "Бөкейордасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Солтүстiк Қазақстан облысы - 15" бөлiмiнде "Булаев" деген сөз "Мағжан Жұмабаев атындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мына жолдар алынып тасталсын:
      "Еңбекшiлдер         172
      Зерендi              160
      Щучье                171
      Көкшетау қаласы      174
      Заозерный поселкесi  173
      Степняк қаласы       176
      Щучье қаласы         177";
      2) "Қазақстан Республикасында жерге орналастыруды жүргiзудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 5 маусымдағы N 931 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 24, 219-құжат):
      кiрiспеде "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2718 Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң ведомостары, 1995 ж., N 24, 160-құжат)" деген сөздер "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында жерге орналастыруды жүргiзудiң тәртiбi туралы ережеде:
      1-тармақта "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 Заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы "4 қаңтардағы 3аңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "Жерге орналастыру - бұл жердi ұтымды пайдалануды ұйымдастыру мен қорғауға бағытталған шаралар жүйесi." деген сөздер "Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шаралар жүйесi болып табылады." деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ:
      мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлiнбейтiндiгi";
      жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жердiң жай-күйi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету және оның қол жетiмдiлiгi";
      6-тармақта:
      екiншi абзацта:
      "жерге орналастырудың" деген сөзден кейiн ", жерлердi аймаққа бөлудiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      "схемалары" деген сөзден кейiн "(жобалары)" деген сөзбен толықтырылсын;
      "ресурстарын" деген сөзден кейiн "ландшафтық-экологиялық көзқарас негiзiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi абзацта:
      "жер пайдаланудың жаңаларын құрудың және қолда барларын ретке келтiрудiң жобаларын жасауды," деген сөздер "құрылуы бойынша шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасауды және бар жер пайдалануды ретке келтiрудi," деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жер пайдалану" деген сөздер "жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзацта "шегiн" деген сөз "шекараларын (шегiн)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесiншi абзац мынадай мазмұнда жазылсын:
      "әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жердi пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерiнiң шекараларын жергiлiктi жерлерде белгiлеудi;";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Жерге орналастыруды жүргiзу жөнiнде тапсырыс берушi, жерге орналастыру құжатын әзiрлеушi, жерге орналастыруды жүргiзгенде құқықтары мен заңды мүдделерi қозғалуы мүмкiн үшiншi тұлғалар, сондай-ақ жерге орналастыру құжаттамаларына келiсiм беретiн және бекiтетiн мемлекеттiк органдар жерге орналастыру процесiне қатысушылар болып табылады.
      Жерге орналастыру жұмыстарын мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген тәртiпте жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзуге лицензия алған басқа да заңды тұлғалар мен азаматтар орындайды.
      Мемлекеттiк монополияға жатқызылған жерге орналастыру жұмыстарын мемлекеттiк кәсiпорындар орындайды, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асырады.";
      8-тармақта:
      2) тармақшаның бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) әзiрлеушiнiң (жобалау және іздестiру жұмыстарымен айналысатын, сондай-ақ жерге орналастыру жобаларын орындауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға):";
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) жерге орналастыруды жүргiзгенде құқықтары мен заңды мүдделерi қозғалуы мүмкiн үшiншi тұлғалардың мынадай құқықтары бар:
      олардың мүдделерi қозғалатын жерге орналастыру мәселелерiн талқылау кезiнде қатысу және жерге орналастырудың барысы мен нәтижелерi туралы ақпарат алу;
      жерге орналастыру процесiнде олардың мүдделерін қозғайтын құқыққа қайшы әрекеттерге заңға сәйкес шағым беру";
      9-тармақтың 4) тармақшасында:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жерге орналастыру құжаттамасын әзiрлеуші:";
      үшiншi абзацта "келтiруге" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "мiндеттi" деген сөз алынып тасталсын және мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "жерге орналастыру құжаттамасында көзделген іс-шаралардың анықтығы, сапасы және экологиялық қауiпсiздiгi үшiн жауапкершiлiк алуға мiндеттi.";
      11-тармақта "атқарушы" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Атқарушы органдардың шешiмi бойынша жүргiзiлген, жерге орналастыру белгіленген тәртiпте жер ресурстарын басқару жөнiндегi органның бастамасымен, осы мақсат үшiн көзделген бюджет қаражаты есебiнен және оның шегiнде жүргiзiледi.";
      13-тармақта "атқарушы" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      16-тармақта "атқарушы" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 17-1 және 17-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "17-1. Белгiленген тәртiпте келiсiлген жерге орналастыру құжаттамаларын мыналар бекiтедi:
      заңнамада белгiленген құзыреттерiне сәйкес жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi;
      өздерiнiң есебiнен әзiрленетiн және жүзеге асырылатын шаруашылықішiлiк жерге орналастыру жобаларын және жерлердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын сақтау және арттыруға байланысты жобаларды - жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық уәкiлеттi органдармен келiсе отырып, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi және жер пайдаланушылар, жер учаскелерiн жалға алушылар және басқа да тапсырыс берушiлер.
      Жер учаскелерiнiң шекараларын қалыптастырумен, оларды жергiлiктi жерде белгiлеумен, жер учаскесiнiң жоспарын әзiрлеумен байланысты жерге орналастыру құжаттамаларын, сондай-ақ жерге орналастыру бойынша, жер ресурстарының жағдайы мен пайдаланылуының арнаулы тақырыптық карталарын жасау бойынша топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, топырақтану, агрохимиялық, геоботаникалық және басқа да зерттеу және іздестiру жұмыстарының материалдарын тиiстi жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық уәкiлеттi орган бекiтедi.
      17-2. Жерге орналастыру құжаттамасына өзгерiстер, осы құжаттаманы бекiткен органның рұқсатымен ғана енгiзiледi.";
      21-тармақта "17-тармағында" деген сөздер "15-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "23. Қазақстан Республикасында жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.";
      мынадай мазмұндағы 23-1 және 23-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "23-1. Жерге орналастыру жұмыстарын орындау технологиясы жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiткен, жерге орналастыру жұмыстарын орындаушылардың барлығы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес болуы тиiс.
      23-2. Жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзгенде мемлекеттiк бақылауды және оларға сараптаманы жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары жүргiзедi.";
      3) <*>
      ЕСКЕРТУ. 3)-тармақша күшін жойды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі N 956 қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі