Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 11 маусым N 797

Жаңартылған

      Мұрағат iсi саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Қазақстан Республикасының Yкiметiне жыл сайын Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы есеп тапсырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
2001 жылғы 11 маусымдағы      
N 797 қаулысымен         
бекітілген         

Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы

1. Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасының
ПАСПОРТЫ

      Бағдарламаның     Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн
      атауы             дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған
                        бағдарламасы

      Бағдарламаны      "Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн
      әзiрлеу үшiн      дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған
      негiздеме         тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы
                        Yкiметiнiң 2001 жылғы 26 қаңтардағы N 146
                        қаулысы

      Бағдарламаны      Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
      негiзгi           және қоғамдық келiсiм министрлiгi;
      әзiрлеушiлер      Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат
                        және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң
                        Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару
                        жөнiндегi комитетi

      Iске асырылу      2001-2005 жылдар
      мерзiмi

      Бағдарламаның     Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн
      мақсаты           дамытуды және жетiлдiрудi қамтамасыз ету

      Бағдарламаның     Мұрағат саласының жұмыс істеуiнiң оңтайлы
      мiндеттерi        моделiн жасау, оны нарықтық экономика
                        жағдайына бейiмдеу Ақпараттық ресурстарды
                        жинақтау, жүйелеу, іздестiру және пайдалану
                        тетiктерiн жетiлдiру                     
                        Саланың материалдық-техникалық базасын
                        дамыту

      Негiзгi           Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат
      iс-шараларды      және қоғамдық келiсiм министрлiгi;
      орындаушылар      Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
                        және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң
                        Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару
                        жөнiндегi комитетi.

      Қаржыландыру      Бағдарламаны қаржыландырудың негiзгi көзi
      көзi және көлемi  республикалық бюджет болып табылады.
                        Бағдарламаны іске асыру үшiн 2002-2005
                        жылдарға бюджет қаражатына ең төменгi
                        есептiк қажеттiлiк 112,47 миллион теңгенi
                        құрайды. Оның жыл сайынғы көлемi тиiстi
                        жылға арналған республикалық бюджет
                        туралы Қазақстан Республикасы Заңымен
                        нақтыланатын болады. Халықаралық ұйымдардың
                        гранттық көмегiн тарту көзделедi.

      Күтiлетiн түпкi   Мұрағат саласының қызметiн жетiлдiру;
      нәтиже            мемлекеттiк мұрағат мекемелерiнiң нарықтық
                        экономика жағдайына бейiмделуiн аяқтау;
                        мемлекеттiк мұрағаттардың
                        материалдық-техникалық базасын жаңарту және
                        оларды қазiргi стандартқа жақындату

      Ескерту. 1 бөлім өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.13. N 518 қаулысымен
      Ескерту. 1 бөлім өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.20. N 1336 қаулысымен.

2. Кiрiспе

      Мемлекеттiк тетiктiң жұмыс iстеуiнiң бұлжымас шарттарының бiрi оны ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мұратты орындауда мұрағат ісi және құжат жасау маңызды орынға ие болады. Мұрағаттар қоғамның ғылыми, мәдени және әлеуметтiк қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында мемлекеттік органдарға өткендi шолатын құжаттық ақпаратты оңтайлы түрде және көлемде пайдалануға бередi.
      Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы 26 қаңтардағы N 146 қаулысына   сәйкес әзiрлендi.
      Бағдарламаны әзiрлеу мұрағат саласындағы қазiргi ұйымдастырушылық және құқықтық қатынастарды жетiлдiру мемлекеттiк мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын жаңалау халықаралық мұрағат ұйымдарында Қазақстанның беделiн көтеру қажеттiлiктерiнен туындады.
      Бағдарламада құжаттық мұраны қалыптастыру мен сақтауда салааралық сипаты бар мұрағат iсiн дамытудың әлемдiк практикасының тәжiрибесi мен қазiргi үрдiстерi ескерiлген.
      Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар "Қазақстан-2030" стратегиясымен  анықталған елiмiздiң рухани және мәдени дамуының мақсаттары мен мiндеттерiне жауап бередi.

3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау

      Мұрағат ісiнiң қазiргi жағдайына бiрқатар келеңсiз факторлар әсер етуде. Олардың ішiнде, ең алдымен, мұрағат саласының нормативтiк құқықтық базасының толық еместiгiн, қаржыландыру практикасының қажеттi мөлшерiнiң ең төменгi деңгейде екендiгiн атап өту қажет.
      Қазақстан Республикасындағы ұйымдық-құқықтық нысандағы барлық ұйымдарда құжаттау мен құжаттама басқарудың көптеген мәселелерi құқықтық регламенттеу мен ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудi, мемлекеттiк органдар үшiн бiрыңғай электрондық құжат айналымы жүйесiн құруды, мемлекеттiк және ведомстволық мұрағаттарда Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды, оларды материалдық-техникалық, қаржымен және кадрмен қамтамасыз етудi талап етедi.
      Мемлекеттiк сақтауға түскен ақпараттардың өсуi мен саланың кадрлық әлеует динамикасының арасында сәйкессiздiк байқалады. Соның iшiнде, тәуелсiздiк алған жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттары екi есеге ұлғайып, iстер 16 миллионға дейiн жеткен кезде, мемлекеттiк мұрағат мекемелерiндегi штаттар саны екi есеге жуық, яғни, мамандар 1905-тен 1093-ке дейiн қысқарды. Мемлекеттiк органдар құрылымына бiрнеше рет оңтайландыру жүргiзiлген кезде, құралған және сақтауда тұрған құжаттар көлемi азаймағанына қарамастан, көбiнесе iс жүргiзу және мұрағат саласындағы қызметкерлер қысқартуға ұшырайды.
      Мемлекеттiк мұрағаттардың материалдық-техникалық базасы моральдық және материалдық жағынан тозған, қазiргi стандартқа сай емес. Ұзақ уақыттан берi республиканың орталық мемлекеттiк мұрағаттарында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстiк Қазақстан облыстық мемлекеттiк мұрағаттарында сақталған істер мен құжаттардың көлемi шектi мөлшерден едәуiр асады. Республикада жиырма жылдан астам уақыт iшiнде мемлекеттiк мұрағаттың үлгiлiк ғимараттары салынбаған, ал әкiмшiлiк ғимараттарды жобалау кезiнде құжаттарды ведомстволық сақтау үшiн арнайы үй-жайлар ескерiлмейдi. Осы уақытқа дейiн Алматы облысының, Астана қаласының мемлекеттiк мұрағаттарының жеке ғимараттары жоқ, барлық қалалық, аудандық мұрағаттар бейiмделген үйлерге орналасқан, Көкшетау қалалық мұрағатының ғимараты апатты жағдайда деп танылған.
      Мұрағаттарды қазiргi өрт сөндiру, күзет және өртке қарсы сигнализация құралдарымен қамтамасыз ету қолайсыз жағдайда қалып келедi. Тозығы жеткен технологиялық жабдықтар және тиiстi қаржының бөлiнбеуi құжаттарды сақтауды қолайлы температуралық-ылғалдылық режимде ұстауға, олардың физикалық-химиялық сақталуын тиiстi деңгейде қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейдi. Осындай себептерден Ұлттық мұрағат қорының неғұрлым құнды бөлiктерiнiң түпнұсқаларын жоғалудан немесе бүлiнуден сақтау үшiн сақтық көшiрмелеу, сақталу көлемiн ықшамдау мақсатында құжаттарды осы заманғы жеткiзушi құралдарға көшiру мәселелерi жүзеге асырылмай отыр. Жеке меншiкте және жеке мұрағаттарда, сондай-ақ басқа елдердiң мұрағаттарындағы ғылыми-тарихи және мәдени құндылықтары бар құжаттарды (көшiрмелерiн) сатып алу мүмкiндiгi жоқ.
      Компьютерлiк мұрағаттық технологияны, мемлекеттiк мұрағаттарды компьютерлендiрудi енгiзу қазiргi заманғы қажеттiлiктен артта қалған, бүгiнгi күнi 226 мекемеде тек 160 компьютер ғана есепте бар.

4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

      Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамыту және жетiлдiрудi қамтамасыз ету болып табылады.
      Бағдарламада қойылған мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделген:
      мұрағат ісi мен құжаттама жүйесiн дамытуды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
      нарықтық экономика жағдайында мұрағат iсiн дамытудың және мұрағат саласының жұмыс істеуiнiң оңтайлы моделiн жасау;
      ақпараттық ресурстарды жинақтау, жүйелеу, iздестiру мен пайдаланудың қазiргi заманғы тетiгiн құру;
      мұрағат саласының материалдық-техникалық базасын дамыту.

5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi

      Бағдарламада қойылған мақсат пен мiндеттердi орындау мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүреді.
      1. Нормативтiк құқықтық базаны дамыту.
      2001-2005 жылдары мұрағат ісiнiң нормативтiк құқықтық базасы жетiлдiрiледi. Бiрiншi кезекте нарықтық экономика жағдайынан туындайтын неғұрлым маңызды проблемаларды шешуге бағытталған мұрағат iсiнде жаңа ағымдар пайда болуы мен технологиялар әкелуге ықпал жасайтын негiз қалаушы нормативтiк құқықтық құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi әзiрлеу көзделедi.
      Осы мақсатта Қазақстан Республикасының "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Заңына , "Ұлттық мұрағат қоры туралы" ережеге , мұрағат құжаттарына меншiк құқығын, құжаттың жаңа түрлерiн, оның iшiнде электрондық жеткiзгiштердегi құжаттарды жинақтау, сақтауды қамтамасыз ету, есепке алу және пайдалану мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттарды мемлекеттiк есепке алу, ережелерiне және құжаттардың сақталу мерзiмiне қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу көзделедi.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорындағы Құжаттар көшiрмелерiнiң мемлекеттiк сақтық қоры туралы, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары шығарудың тәртiбi туралы ережелердi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарында құжаттау мен құжаттама басқарудың үлгiлiк ережесiн, Ведомстволық мұрағаттарда жұмыс істеудiң негiзгi ережелерiн әзiрлеу көзделуде.
      2. Ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету.
      Қазақстан Республикасы мұрағаттар мен құжаттама басқарудың уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының, мұрағаттар мен құжаттама басқарудың жергiлiктi уәкiлетті мемлекеттiк органдарының, мемлекеттiк мұрағаттардың қызметi мұрағат ісi бойынша негiзгi нормативтiк құқықтық кесiмдердi іске асыруға жәрдемдесетiн ғылыми-әдiстемелiк құралдарды әзiрлеуге бағытталады. Алда дыбыстық-бейнелiк, электрондық, ғылыми-техникалық құжаттамалармен жұмыс істеудiң әдiстемелiк құралдарын дайындау, мұрағат ұйымдарының қызметiндегi ұйымдық-өкiмдiк құжаттамалардың мемлекеттiк стандарттарын, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтаудың техникалық шарттарын әзiрлеу мiндетi тұр. Мұрағат құжаттарын сипаттау, іздеу, есепке алу жөнiнде және оларға ғылыми-анықтамалық аппаратты жасауда халықаралық стандарттарды зерттеп бiлу және енгiзу ұйымдастырылады. Бiрыңғай электрондық құжаттама айналымының жүйесiне көшуге байланысты құжаттармен жұмыс жасаудың мүлде жаңа технологиясының бiрқатарын әзiрлеу мiндетi алда тұр.
      3. Материалдық-техникалық жарақтау және кадрмен қамтамасыз ету.
      Мемлекеттiк мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын нығайту және мұрағат мекемелерiнiң қызметкерлерiн даярлау (қайта даярлау) жөнiндегi жұмыс жалғастырылады.
      Құжаттық тарихи-мәдени мұраның қауiпсiз және ұзақ сақталуын қамтамасыз ететiн оңтайлы жағдайлар мен параметрлер құру үшiн өрт сигнализациясының заманға сай жүйесi мен өрт сөндiру құралдарын қондыру, микроклимат жасау, сақтаудың температуралық-ылғалдылық режимiн бақылау құралы орнатылады. Стеллаждық, микрофильм мен фотокөшiрме жасау жабдықтарын сатып алу және iшiнара ауыстыру көзделуде.
      Мемлекеттiк мұрағаттардың қажетiн қосымша мұрағат қоймалары мен компьютерлiк техникалар арқылы қанағаттандыру көзделедi.
      Отандық жоғарғы оқу орындарында, мемлекетаралық және республикалық орталықтарда кадрларды даярлау, мұрағат және іс жүргiзу қызметкерлерiнiң кәсiптiк деңгейiн көтеру мемлекеттiк мұрағаттардың қалыпты жұмыс істеуiн қамтамасыз етуге бағытталған.
      4. Мұрағат ісiн ақпараттандыру және құжаттама жүргiзу.
      Бұл бағыт мұрағат ісiн дамытуда басымдыққа айналады. "Мұрағат ісi" бағдарламалық кешенiнiң негiзiнде "Республикалық қор тiзiмдемесi" ақпараттық дерекқорын құру аяқталады. Мұрағат ісi тәжiрибесiнде автоматтандырылған технологияны жан-жақты енгiзу мақсатында мұрағат қорларына автоматтандырылған ғылыми-анықтамалық аппаратты құру жөнiнде жұмысты жандандыру, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгi кезеңiндегi "Ұлттық мұрағат қорының дерек көздерiн жинақтаудың" республикалық және жергiлiктi дерекқорларын бағдарламалық қамтамасыз ету мен жасау жөнiндегi жұмыстар өрiстетiлетiн болады. Қазақстан тарихына қатысты бiрегей жазба дереккөздердi сақтау, сақтаудағы құжаттамалар көлемiн ықшамдау үшiн құжаттарды жаңа жеткiзушiлерге көшiру, өше бастаған мәтiндердi қайта қалпына келтiру бойынша жаңа мұрағаттық технологиялар енгiзiле бастайды. Интернет жүйесiнде жеке сайт әзiрлеу және оны ашу жоспарланады. Мемлекеттiк органдардың бiрыңғай электрондық құжат айналымын құруға қатысу, оны сынақтан өткiзу көзделедi.
      5. Мұрағат құжаттарын пайдалану.
      Мұрағат мекемелерiнiң қызметiнде мемлекет пен қоғамды өткендi шолатын құжаттық ақпаратпен қамтамасыз етуде ақпараттық қызмет рыногiнiң сұранысына негiзделген дәстүрлi және жаңа нысандар мен әдiстерге негiзделедi. Мемлекеттік органдардың iшкi және сыртқы саясаттың өзектi мәселелерi жөнiндегi мұрағаттық ақпаратқа қажеттерiн қанағаттандыруға, тарихи ғылымның дереккөздер базасын кеңейтуге басты назар аударылады.
      Бұрынғы құпия мұрағат құжаттарын құпиясыздандыруды аяқтау, тарихи деректердi жоспарлы түрде жариялау, тұрақты және көшпелi көрмелер ұйымдастыру жоспарланады. Қазақстан Республикасы үшiн тарихи және мәдени құндылықтарға ие шет мемлекеттердiң мұрағаттарынан құжаттарды (көшiрмелердi) іздестiру және сатып алу жөнiнде шаралар жүзеге асырылады.
      Бағдарламаның қойылған мақсаттары мен мiндеттерiн орындау кезең-кезеңiмен мемлекеттiк бюджеттiң материалдық мүмкiндiктерi шегiнде және бiрiншi кезекте ескерiле отырып, жүзеге асырылады.

6. Қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi

      Бағдарлама мақсаттарына жетуге бағытталған жұмыстарды қаржыландыру республикалық бюджетпен бекiтiлген қаражат шегiнде жүзеге асырылуға тиiс.
      2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыруға ең төменгi есептiк қажеттiлiк 112,47 миллион теңгенi құрайды, соның iшiнде жылдар бойынша:
      2002 - 22,47 млн. теңге;
      2003 - 34 млн. теңге;
      2004 - 34 млн. теңге;
      2005 - 22 млн. теңге.
      Бағдарламаны қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi тиiстi жылға арналған бюджет заңнамасын қалыптастыру барысында нақтыланатын болады.
      Ескерту. 6 бөлім өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.13. N 518 қаулысымен.
      Ескерту. 6 бөлім өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.20. N 1336 қаулысымен.

7. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтиже

      Бағдарламаны iске асыру:
      мұрағат саласы жұмыс істеуiнiң нормативтiк құқықтық базасын кеңейтуге;
      есеп жүргiзу, сақтауды ұйымдастыру және құжаттарды пайдалану мәселелерi бойынша мемлекеттiк мұрағаттық мекемелер, ведомстволық және жекеменшiк мұрағаттардың қызметiнiң нормативтерi мен стандарттарын әзiрлеуге;
      мұрағат ісiн дамытудың басымдықты бағыттарын мақсатты қаржыландыруды жүзеге асыруға;
      мемлекеттiк және ведомстволық мұрағаттарды материалдық-техникалық жарақтауды жақсартуға және оны қазiргi стандарттарға жақындатуға;
      республикалық мемлекеттiк мұрағаттарда (Алматы қаласында), сақтауда тұрған мұрағат қорының бiрегей бөлiгiн сақтау үшiн оңтайлы жағдайды қамтамасыз етуге;
      Қазақстан Республикасына байланысты шет мемлекеттердiң мұрағаттарынан ғылыми-тарихи және мәдени құндылығы бар құжаттарды (көшiрмелерiн) iздестiру және сатып алу бағдарламаларын әзiрлеуге және оны iске асыруға кiрiсуге;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құрамын және мазмұнын байытуға;
      автоматтандырылған жаңа мұрағаттық технологияларды әзiрлеуге және енгiзуге;
      сақтауда тұрған құжаттама көлемiн ықшамдауды, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының аса құнды бөлiгiнiң құжаттарын сақтық көшiрмелеудi жаңа жеткiзушiге көшiру арқылы жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
      Жалпы алғанда, Бағдарламаны iске асыру мемлекеттiк мұрағат мекемелерiнiң нарықтық экономика жағдайына бейiмделу процесiн аяқтауға, 2006 жылы шамамен 17,5 миллион iске дейiн жететiн Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының сақталуын жақсартуға жеткiзедi. Бағдарламаға сәйкес жұмыс істеп тұрған мұрағат қоймаларын кеңейту және жаңа мұрағат қоймаларын салу Ұлттық мұрағат қоры мен қызметкерлердiң еңбек қызметi мен олардың зейнетақымен қамсыздандыруға ақша аударуы жөнiндегi резервтiк алаңдар жасауға мүмкiндiк туғызады.

8. Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с!   Іс-шара    ! Аяқтау  !Орындалуына!Орындау!Қаржылан.! Көзі
 N !              ! нысаны  !жауаптылар !мерзімі!дырудың  !
   !              !         !           !       !болжамды !
   !              !         !           !       !шығыстары!
------------------------------------------------------------------
 1       2             3          4         5         6        7
------------------------------------------------------------------
1.  Қазақстан Рес. Қазақстан Қазақстан   2001        -
    публикасы Ұлт. Республи. Республика. жылдың
    тық мұрағат    касының   сы Мәдени.  IV
    қорының құжат. Үкіметі   ет, ақпарат тоқсаны
    тар көшірмеле. қаулысы.  және қоғам.
    рінің Мемле.   ның       дық келісім
    кеттік сақтан. жобасы    министрлі.
    дыру қоры ту.            гінің Мұра.
    ралы ережені             ғаттар мен
    әзірлеу                  құжаттаманы
                             басқару
                             жөніндегі
                             комитеті

2.  Қазақстан Рес. Бұйрық    Мұрағаттар  2001        -
    публикасының             мен құжат.  жылдың
    мемлекеттiк              таманы бас. ІІІ
    ұйымдарында              қару жөнін. тоқсаны
    құжаттаудың              дегі комитет
    және құжатта.
    маны басқару.
    дың үлгi
    ережесiн
    әзiрлеу

3.  Ұлттық мұрағат Қазақстан Мұрағаттар  2004        -
    қорының құжат. Республи. мен құжат.  жылдың
    тарын Қазақ.   касының   таманы      І тоқсаны
    стан Республи. Үкіметі   басқару
    касынан тысқа. қаулысы.  жөніндегі
    ры жерге әкету ның       комитет
    тәртiбi туралы жобасы
    eреженi
    әзiрлеу

4.  Қазақстан Рес. Бұйрық    Мұрағаттар  2001        -
    публикасы Ұлт.           мен құжат.  жылдың
    тық мұрағат              таманы      IV
    қорының мұра.            басқару     тоқсаны
    ғаттық қорла.            жөніндегі
    рын және                 комитет
    құжаттарын
    аса құнды
    тарихи-мәдени
    мұра объектi.
    лерiне жат.
    қызу тәртiбi
    туралы eреженi
    әзiрлеу

5.  Қазақстан Рес. Бұйрық    Мұрағаттар  2001 ж.-     -
    публикасы Ұлт.           мен құжат.  2005 ж.
    тық мұрағат              таманы
    қорының құжат.           басқару
    тарын құжаттау,          жөніндегі
    сақтау, өңдеу,           комитет
    есепке алу мен
    пайдалану жө.
    нiндегi мемле.
    кеттiк, салалық
    стандарттар,
    техникалық
    шарттар әзiрлеу

6.  Ведомстволық   Норматив. Мұрағаттар  2001        -
    мұрағаттарда   тік       мен құжат.  жылдың
    жұмыс iстеудiң құқықтық  таманы      IV
    негiзгi        кесім     басқару     тоқсаны
    ережелерiн               жөніндегі
    әзiрлеу                  комитет

7.  Мемлекеттiк    Бұйрық    Мұрағаттар  2001        -
    ұйымдардың               мен құжат.  жылдың
    қызметiнде               таманы      IV
    құралатын                басқару     тоқсаны
    үлгі құжаттар.           жөніндегі
    дың, оларды              комитет
    сақтаудың
    мерзiмдерi
    көрсетiлген
    тiзбесiн
    әзiрлеу

8.  Мемлекеттік    Норматив. Мұрағаттар  2002        -
    мұрағаттардың  тік       мен құжат.  жылдың
    сақтап отырған құқықтық  таманы      IІ
    құжаттарының   кесім     басқару     тоқсаны
    көлемiне қарай           жөніндегі
    қызметкерлерi            комитет
    штаттық саны.
    ның норматив.
    терiн әзiрлеу

9.  Саланы қазiргi Қазақстан Қазақстан   Жыл     2002 ж. - Респуб.
    заманғы өрт    Республи. Республика. сайын   8,37 млн. ликалық
    сөндiру, өрт   касының   сы Мәдени.  желтоқ. теңге     бюджет
    және күзет     Үкіметіне ет, ақпарат сан     2003 ж. -
    дабыл бергiш.  есеп      және қоғам.         10,9 млн.
    терi, темпе.             дық келісім         теңге
    ратуралық-               министрлігі         2004 ж. -
    ылғалдылық               Мұрағаттар          12,6 млн.
    режимдерiн               мен құжат.          теңге
    бақылау және             таманы бас.         2005 ж.
    сақтау, оның             қару жөнін.         4,8 млн.
    iшiнде конди.            дегі комитет        теңге
    ционер және
    желдеткiш
    жүйелерiмен
    және құралда.
    рымен;
    көшiргiш-
    көбейткiш
    және микро.
    фильмдейтiн
    техникамен,
    стеллаж жаб.
    дығымен жарақ.
    тауды ұйымдас.
    тыру
 
10. Қазақстан Рес. Қазақстан Қазақстан   2001 ж. 2002 ж. - Респуб.
    публикасы Ұлт. Республи. Республика. -2005 ж. 2,0 млн. ликалық
    тық мұрағат    касының   сы Мәдени.  IV тоқ. теңге     бюджет
    қорының құжат. Үкіметіне ет, ақпарат саны    2003 ж. -
    тар көшірмеле. есеп      және қоғам.         1,5 млн.
    рінің Мемле.             дық келісім         теңге
    кеттік сақтан.           министрлігі         2004 ж. -
    дыру қорын құру          Мұрағаттар          2,5 млн.
                             мен құжат.          теңге
                             таманы бас.         2005 ж. -
                             қару жөнін.         2,5 млн.
                             дегі комитет        теңге

11. Мәтiнi өшуге   Қазақстан Қазақстан   2002 ж.     -
    айналған құ.   Республи. Республика. -2005 ж.
    жаттарды қал.  касының   сы Мәдениет IV
    пына келтiру   Үкіметіне ақпарат     тоқсаны
    және жаңа      есеп      және
    жеткiзушiдегi            қоғамдық
    аса құнды құ.            келісім
    жаттардың сақ.           министрлігі
    тандыру қорын            Мұрағаттар
    жасау жөнiндегi          мен
    компьютерлiк             құжаттаманы
    технологияларды          басқару
    енгiзудi жүзеге          жөніндегі
    асыру                    комитет

12. Қазақстан      Бұйрық    Мұрағаттар  2005        -
    Республикасы.            мен құжат.  жылдың
    ның тәуелсiз.            таманы      І
    дiгi кезеңiн.            басқару     тоқсаны
    дегi мемлекет.           жөніндегі
    тiк мұрағат.             комитет
    тардың жүйелi
    тiзiмдемеле.
    рiне құжатты
    ақпараттарды
    жiктеу
    схемасын
    әзiрлеу

13. Қызметiнiң     Қазақстан Мұрағаттар  2001 ж.     -
    негiзгi        Республи. мен құжат.  -2005 ж.
    бағыттары      касының   таманы      IV
    бойынша авто.  Үкіметіне басқару     тоқсаны
    маттандырылған есеп      жөніндегі
    мұрағатты тех.           комитет
    нологияларды
    әзiрлеу және
    енгiзу:
    электронды
    құжат айна.
    лымын ұйымдас.
    тыру;
    мұрағат қор.
    ларын есепке
    алу;
    құжаттардың
    физикалық
    сақталуын
    қамтамасыз
    етудi бақылау;
    мұрағаттық
    құжаттарды
    пайдалануды
    есепке алу;
    жинақтау
    көздерi
    мекемелерiнiң
    тiзiмiн
    жүргiзу;
    ғылыми-анық.
    тамалық
    аппарат
    жүргiзу

14. Мұрағат        Бұйрық    Мұрағаттар  2001    2002 ж. - Респуб.
    қызметiнiң WЕВ           мен         жылдың  0,5 млн.  ликалық
    -парағын                 құжаттаманы IV      теңге     бюджет
    дайындау                 басқару     тоқсаны 2004 ж. -
                             жөніндегі           0,5 млн.
                             комитет             теңге

15. Шетел мемлеке. Қазақстан Қазақстан   Жыл     2002 ж. - Респуб.
    ттерiнiң мұра. Республи. Республика. сайын   9,2 млн.  ликалық
    ғаттарынан     касының   сы Мәдениет,        теңге     бюджет
    Қазақстан Рес. Үкіметіне ақпарат және        2003 ж. -
    публикасы үшiн есеп      қоғамдық            8,8 млн.
    тарихи және              келісім             теңге
    мәдени құнды.            министрлігі         2004 ж. -
    лығы бар құжат.          Мұрағаттар          12,0 млн.
    тарды (көшiрме.          мен құжат.          2005 ж. -
    лерiн) iздестi.          таманы              9,5 млн.
    ру мен сатып             басқару             теңге
    алу жөнiндегi            жөніндегі
    шараларды                комитет
    жүзеге асыру

16. Жаңа жеткiзу.   Бұйрық   Қазақстан    2001 - 2003 ж. - Респуб.
    шiлерге дыбыс.           Республика.  2005   11,5 млн. ликалық
    тық-бейнелiк             сы Мәдениет, жж.    2004 ж. - бюджет
    құжаттамаларды           ақпарат             3,6 млн.
    көшiру жөнiн.            және                теңге
    дегi ұйымдас.            қоғамдық            2005 ж. -
    тырушылық-               келісім             3,2 млн.
    техникалық iс            министрлігі         теңге
    -шараларды               Мұрағаттар
    iске асыруға             мен құжат.
    кiрiсу                   таманы
                             басқару
                             жөніндегі
                             комитет

17. Құжаттарды,    Бұйрық    Мұрағаттар  2002 -      -
    мемлекеттiк              мен құжат.  2005
    оның iшiнде              таманы      жж.
    электронды               басқару
    жеткiзгiштерде           жөніндегі
    сақтауға iрiк.           комитет
    теудiң теория.
    сы мен практи.
    касы бойынша
    әдiстемелiк
    құралдар
    әзiрлеу

18. Республикалық  Қазақстан Мұрағаттар  Жыл     2002 ж. - Респуб.
    және аймақтық  Республи. мен құжат.  сайын   2,4 млн.  ликалық
    ғылыми-        касының   таманы      желтоқ. теңге     бюджет
    практикалық    Үкіметіне басқару     сан     2003 ж. -
    конференция.   есеп      жөніндегі           0,8 млн.
    лар, семинар.            комитет             теңге
    лар, көрмелер                                2004 ж. -
    өткiзудi                                     1,5 млн.
    ұйымдастыру                                  теңге
                                                 2005 ж. -
                                                 0,8 млн.
                                                 теңге

19. Мұрағат iсi,   Қазақстан Қазақстан   Жыл     2003 ж. - Респуб.
    құжаттану және Республи. Республика. сайын   0,5 млн.  ликалық
    археография    касының   сы Мәдени.  желтоқ. теңге     бюджет
    саласында      Үкіметіне ет, ақпарат сан     2004 ж. -
    мамандар       есеп      және қоғам.         1,3 млн.
    даярлауды,               дық келісім         теңге
    мемлекеттiк              министрлігі         2005 ж. -
    мұрағаттардың,           Мұрағаттар          1,2 млн.
    ұйымдардың               мен құжат.          теңге
    мұрағаттық               таманы
    және iс                  басқару
    жүргiзу қызметi          жөніндегі
    қызметкерлер.            комитет
    iнiң бiлiктi.
    лiгiн артты.
    руды Қазақстан
    Республикасының
    жоғары оқу
    орындары,
    ғылыми орта.
    лықтары арқылы
    ұйымдастыру

20. Мұрағат iсi    Қазақстан Мұрағаттар  2001 ж.     -
    саласындағы    Республи. мен құжат.  -2005 ж.
    халықаралық    касының   таманы      IV
    ынтымақтастық  Үкіметіне басқару     тоқсаны
    жөнiндегi      есеп      жөніндегі
    шарттар мен              комитет
    келiсiмдердi
    iске асыруды
    жалғастыру

 

      Ескерту. 8 бөлім өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.13. N 518 қаулысымен
      Ескерту. 8 бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.12.20. N 1336 қаулысымен.