Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 маусым N 789

Қолданыстағы
      Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының

және қараусыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін 
қорғау проблемаларын кешенді шешуді іске асыруға бірыңғай мемлекеттік 
көзқарасты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы 
етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау 
жөніндегі комиссия туралы үлгі ереже бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
                                          Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                         2001 жылғы 11 маусымдағы
                                             N 789 қаулысымен
                                                бекiтiлген

                  КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН
                   ҚОРҒАУ ЖӨНIНДЕГI КОМИССИЯ ТУРАЛЫ
                              YЛГI ЕРЕЖЕ

                         1. Жалпы ережелер



      1. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау проблемаларының кешендi шешiлуiн iске асыруға бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру мақсатында құрылған тұрақты қызмет ететiн орган болып табылады.
      2. Облыстық, қалалық, қалалардағы аудандық, аудандық комиссиялар жергiлiктi атқарушы орган-әкiмияттар жанынан құрылады. Комиссия құрамы әкiмнiң шешiмiмен бекiтiледi.
      Комиссиялар қажет болған жағдайда аудан орталығынан едәуiр алыс орналасқан кенттiк әкiмияттар жанынан құрылуы мүмкiн. Кенттiк комиссияны құру туралы мәселенi облыстық әкiмият шешедi.
      Кенттiк комиссия аудандық, қалалық (ауданға бөлiнбеген) комиссиялардың құқықтары мен мiндеттерiне ие.
      3. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия құрамында төрағадан (әкiмнiң орынбасарынан), төрағаның орынбасарынан (аумақтық iшкi iстер органы бастығының орынбасарынан), комиссияның 6-12 мүшелерiнен және тиiстi атқарушы органның аппаратында штаттық лауазымды қызмет атқаратын комиссияның жауапты хатшысынан құрылады.
      4. Комиссия кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қараусыз қалуының алдын алуға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға мүдделi iшкi iстер органдарының, бiлiм және ғылым, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм, денсаулық сақтау және өзге де ведомстволар өкiлдерiн бiрiктiредi.
      5. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы ереже мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтi құқықтық кесiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар негiзiнде жүзеге асырады.
      6. Комиссия өз қызметiнде жергiлiктi атқарушы орган алдында жауапты, сондай-ақ жоғары тұрған комиссияның бақылауында болады және оған есеп бередi.
      7. Комиссия қызметi:
      заңдылық;
      кәмелетке толмағандармен адамгершілiк қарым-қатынас;
      кәмелетке толмағандарға, ата-анасына немесе оның заңды өкiлдерiне сыйласымды қарым-қатынас;
      кәмелетке толмағандар, ата-анасы немесе оның заңды өкiлдерi туралы ақпараттың құпиялылығы;
      кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мәселелерi бойынша оның ата-анасымен немесе заңды өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасау;
      кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны үшiн лауазымды адамдар мен азаматтардың жауапкершiлiк қағидаттарына негiзделедi.

                      2. Комиссияның негiзгi функциялары

      8. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының, аудан бөлiнiсiндегi қалалық комиссиялардың негiзгi функциялары мыналар болып табылады:
      1) аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық комиссиялардың қызметiне бағыт беру, оларға әдiстемелiк көмек көрсету;
      2) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, кәмелетке толмағандардың денсаулығын сақтау, олардың өмiр сүру, тәрбие, бiлiм беру, еңбек пен демалыс жағдайларын жақсарту жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды әзiрлеу, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде олардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асыру;
      3) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының, қараусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерiнiң алдын алу жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;
      4) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қараусыз қалуының алдын алу, оларды тудыратын себептердi жою, балалар мен жасөспiрiмдердi орналастыру және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу;
      5) есеп беретiн комиссиялардың қабылдаған шешiмдерi мен қаулыларының негiздiлiгiн тексеру. Қабылданған шешiмдердi негiзсiз деп таныған жағдайда тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарға оларды жою туралы ұсыныстармен шығады;
      6) комиссия қаулыларында көрсетiлген кемшiлiктер мен бұрмалаушылықтарды жою жөнiндегi шараларды орындамаған немесе қабылдамаған жағдайларда лауазымды адамдарды белгіленген тәртiппен жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгiзу;
      7) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қараусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерiнiң алдын алу жөнiндегi жұмыстың жай-күйi туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзудың анықталған фактiлерi туралы мүдделi органдарды хабардар ету;
      8) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу мәселелерiн шешуде балаларды тәрбиелеумен және оқытумен айналысатын органдар мен ұйымдар жұмысының оң тәжiрибелерiн қорыту және тарату, оларға ұйымдастыру-әдiстемелiк көмегiн көрсету;
      9) әдiлет органдары мен өзге де ұйымдарда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктермен, дiни ұйымдармен, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының, қараусыз қалуының және өзге де қоғамға қарсы iс қимылдарының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мәселелері жөнiндегі азаматтармен өзара iс қимыл жасау;
      10) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына немесе шектелуiне байланысты кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдерi мен басқа да адамдардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарау;
      11) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн белгiленген тәртiппен сотқа жүгiну;
      12) кәмелетке толмағандардың қылмыстар, құқық бұзушылықтар және қоғамға қарсы әрекеттердi жасауға ықпал ететiн себептер мен шарттарды анықтау және талдау және оларды жою жөнiндегi шараларды белгiлеу;
      13) бiлiм беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, орналасу саласындағы заңдылықтардың бұзылуын жою жөнiндегi ұсынымдарды енгiзу туралы ұсыныстарды құзыреттi органдарға жеткiзу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау.
      9. Қалалық, аудандық және кенттiк комиссиялардың негiзгi функциялары мыналар болып табылады:
      1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда және қорғауда оларға жәрдем көрсету;
      2) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қараусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерiнiң алдын алу жөнiндегi жұмыстың жай-күйi туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы анықталған фактiлерi туралы мүдделi ведомстволарға үнемi хабарлап отыру;
      3) өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн жағдайдағы кәмелетке толмағандарды анықтау және әлеуметтiк ақтау, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау, олардың өмiрi мен денсаулығын қорғау жөнiндегi өздерiнiң мiндеттерiн орындамайтын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қалыпты дене және рухани дамуына терiс әсер ететiн немесе олармен қатыгездiкпен қарым-қатынас жасайтын ата-аналарды немесе өзге де заңды өкiлдерiн анықтау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      4) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына немесе шектелуiне байланысты кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдерi мен басқа адамдардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарау;
      5) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн белгiленген тәртiппен сотқа жүгiну;
      6) мемлекет көмегiне мұқтаж кәмелетке толмағандарды қолдау туралы қорғаншылық және қамқорлық органдарына ұсыныстар енгiзу;
      7) кәмелетке толмағандарды дене және психикалық күш көрсетуден, кемсiтудiң барлық нысандарынан, жыныстық және өзге де пайдаланудан, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекет жасауға тартудан қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдау;
      8) қылмыстық жауапкершiлiк жүктелетiн жасқа толғанға дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық белгiлерi бар, қоғамға қауiптi әрекет фактiлерi бойынша материалдарды қарау;
      9) өз құзыретi шегiнде кәмелетке толмағандар жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау;
      10) әкiмшiлiк заңнамаға сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар құру;
      11) балаларды тәрбиелеумен және оқытумен, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алумен айналысатын тиiстi мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдарға:
      тәрбиелеу колонияларынан босатылған;
      арнайы бiлiм беру ұйымдарынан оралған;
      әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған;
      бiлiм беру ұйымдары тарапынан көмек пен бақылауға мұқтаж басқа да кәмелетке толмағандармен жеке алдын-алу жұмысын жүргiзудiң қажеттiлiгi туралы ақпарат жiберу;
      12) спирттiк iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын, психотроптық немесе есеңгiрететiн заттарды қолданатын кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды тиiстi емдеу-алдын алу және ақтау шараларын жүргiзу үшiн ата-аналары келiсiмiмен денсаулық сақтау мекемелерiне жiберу;
      13) жалпы бiлiм беретiн оқу орындарына мектеп жасындағы кәмелетке толмағандардың ұзақ қатыспағандығы туралы бiлiм беру ұйымдары әкiмшiлiгiнiң ұсынымдарын қарау;
      14) кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерiне Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде және осы ережеде көзделген жағдайлар мен тәртiпте ықпал ету шараларын қабылдау;
      15) арнайы бiлiм беру ұйымының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп кәмелетке толмағанның көрсетiлген мекемеде болуын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ кәмелетке толмағанның онда болу мерзiмін оның жасаған әрекетiнде қылмыс немесе қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар жағдайларда ұзартуға немесе заңнамамен белгiленген осы мекемеде болу жасына жетуiне байланысты басқа арнайы бiлiм беру ұйымдарына ауыстыру мәселелерi бойынша, сондай-ақ кәмелетке толмағанның немесе оның заңды өкiлдерiнiң өтiнiшi бойынша сотқа ұсыныс дайындау;
      16) кәмелетке толмаған сотталушыны жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату жөнiнде не оған жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның мейлiнше жеңiлiрек түрiмен ауыстыру туралы жазаны атқарушы мекеменiң немесе орган ұсынымының сот отырысында қаралуына кәмелетке толмағандардың құқықтарын ұсынушы ретінде қатысу;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәмелетке толмағандардың бiлiм беру және мәдениет ұйымдарында, уақытша оқшаулау, бейiмдеу және ақтау орталықтарында, кәмелетке толмағандарға арналған тәрбие колонияларында, арнайы бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың тәрбиелеу, оқыту, ұстау, денсаулығын сақтау жағдайларын тексеру және құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында тиiстi аумақтарда орналасқан арнайы бiлiм беру ұйымдарында болу. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ ұстау, оқыту және тәрбиелеу жағдайларын бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
      18) бiлiм беру ұйымдарында олардың меншiк нысанына қарамастан кәмелетке толмағандармен тәрбие, құқық, бiлiм беру және сауықтыру жұмыстарының жай-күйiн зерттеу.

             3. Қалалық, аудандық және кенттiк комиссиялардың
                            қолданатын шаралары

      10. Кәмелетке толмағандарды орналастыру жөніндегi комиссия қабылдайтын шаралар:
      1) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге және оқытуға, қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алуға жауапты басқа органдармен бiрлесiп, олардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн жағдайда орналасқан, бiлiм беру ұйымдарына ұзақ уақыт қатыспаған, мемлекет көмегiне мұқтаж жасөспiрiмдердi анықтайды, олардың жеке есебiн жүргiзедi, осы кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешiм қабылдайды және қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылайды;
      2) кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешiмдi бiлiм беру, iшкi iстер, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтiк қорғау органдарына жiбередi, олар өз кезегiнде екi апта мерзiмде қабылданған шаралар туралы комиссияға хабарлауға мiндеттi;
      3) ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң жоқтығына, ата-анасының ата-аналық құқығынан айырылуына байланысты арнайы бiлiм беру ұйымдарынан шыққан немесе тәрбие колониясынан босатылған кәмелетке толмағанның бұрынғы тұрғылықты жерiне оралуы мүмкiн емес немесе қажет болмаған жағдайларында, сондай-ақ кәмелетке толмағанның тәртiбiне терiс әсер ететiн өзге де себептерге байланысты көрсетiлген мекемелердiң орналасқан жерi бойынша комиссия кәмелетке толмағанның мүдделерiн есепке ала отырып, бiлiм беру ұйымдарына орналастыру немесе еңбекке орналастыру жөнiнде, сондай-ақ ол үшiн тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасау жөнiнде көмек көрсетедi. Комиссия мәселенi кәмелетке толмағанның жазбаша өтiнiшi мен тиiстi мекеме әкiмшілiгiнiң дәлелдi қорытындысы берiлген күнiнен бастап он күн iшiнде қарайды. Қажет болған жағдайларда кәмелетке толмағанға қорғаншылық немесе қамқорлық белгiлеу үшiн комиссия тиiстi қорғаншылық және қамқорлық органына өтiнiш білдiредi.
      11. Комиссияның кәмелетке толмағандарға қолданатын ықпал ету шаралары.
      Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершiлiк туындайтын жасқа жеткенге дейiнгi әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары немесе қылмыс белгiлерi бар қоғамға қауiптi әрекеттерi жөнiндегi iстердi қарау кезiнде комиссия кәмелетке толмағанның жас ерекшелiгiн, өмiр сүру және тәрбие жағдайларын, психикалық даму деңгейiн, жеке адамның өзге де ерекшелiктерiн, әлеуметтiк жағдайы мен мiнез-құлқын, жасы үлкендердiң рөлi мен ықпалын, сондай-ақ әкiмшiлiктiк заңнамамен көзделген шаралардан басқа, кәмелетке толмағанды арнайы білiм беру ұйымдарына жiберу туралы сотқа өтiнiш беру.
      12. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерiне комиссия қолданатын ықпал ету шаралары.
      Кәмелетке толмағандардың балаларды тәрбиелеу және оқыту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын не олардың дене тәрбиесiнiң қалыпты және өнегелi дамуына керi әсерiн тигiзетiн ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерiне комиссия мынадай ықпал ету шараларын қолдана алады:
      кәмелетке толмаған келтiрген материалдық зиянды өндiрiп алу туралы сотқа өтiнiш беру;
      кәмелетке толмағанның өмiрiне немесе оның денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде кәмелетке толмағанды ата-анасынан немесе оны қамқорлыққа алған өзге де заңды өкiлдерiнен дереу алып қою туралы, сондай-ақ қорғаншыны немесе қамқоршыны өздерiнiң мiндеттерiн орындаудан шеттету туралы не асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы шартты бұзу туралы қорғаншылық және қамқорлық жасау органына өтiнiш беру;
      ата-аналық құқығын шектеу жөнiнде немесе айыру не оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де шаралар қолдану туралы сотқа өтiнiш беру.

               4. Комиссияның материалдарды қарау тәртiбi

      13. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңнамасымен өзiнiң құзыретiне жатқызылған кәмелетке толмағандар жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iс аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық комиссия қарайды.
      Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау процесiнде комиссия қылмыс белгiлерiн тапқан жағдайда, онда ол тиiстi ақпаратты iшкi iстер органдарына жiбередi.
      14. Комиссия кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкiлдерiне қатысты материалдарды:
      кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң өтiнiшi бойынша;
      өзiнiң жеке бастамасы бойынша;
      азаматтардың ақпараттары бойынша;
      бiлiм беру ұйымдарының ұсыныстары бойынша, сондай-ақ олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдардың өтiнiштерi;
      қылмыстық жауапкершiлiк туындаған жасқа толғанға дейiн қоғамға қауiптi әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты iшкi iстер органдарының немесе прокуратураның материалдары бойынша қарайды.
      Комиссия кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкiлдерiне қатысты материалдарды осы Ережемен және Қазақстан Республикасының құқықтық кесiмдерiмен белгiленген тәртiппен қарайды.
      15. Комиссия отырыстарын дайындау.
      Комиссияның қарауына келiп түскен материалдардың уақытылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету мақсатында оларды комиссияның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары алдын-ала зерттейдi.
      Комиссияның қарауына келiп түскен материалдарды алдын ала зерттеу процесiнде ол:
      осы материалдардың деректерiн қарау оның құзыретiне жататындығын;
      комиссия отырысына шақыртып алуға немесе шақыруға жататын адамдар шеңберiн;
      материалдарды дұрыс және уақытылы қарау үшiн маңызы бар жағдайларға қосымша тексеру жүргiзу, сондай-ақ қосымша материалдарды талап ету қажеттiлiгiн анықтайды.
      Комиссия материалдарды алдын-ала зерттеу нәтижелерi бойынша мынадай шешiмдер қабылдай алады:
      материалдарды қарауға тағайындау және кәмелетке толмағанды, оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкiлдерiн, отырысқа қатысуы мiндеттi деп танылған басқа да адамдарды комиссия отырысының күнi мен орны туралы хабардар ету;
      келiп түскен материалдардағы мәлiметтерге тексеру жүргiзу немесе оны жүргiзудi тиiстi мамандарға тапсыру;
      комиссия отырысында қарауға жататын мәселелердiң нақтылығы бойынша кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң өтiнiшiн қарау;
      кәмелетке толмағанның комиссия отырысына келуiн қамтамасыз ету жөнiнде осы Ереженiң 15-тармағында көзделген шараларды қабылдау.
      Кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi, адвокат комиссия отырысы басталғанға дейiн оның қарауына дайындалған материалдармен танысуға құқылы. Осы тармақта көрсетiлген адамдардың материалдармен танысу құқығы оларды комиссия отырысына шақыру туралы шақыру қағазында түсіндіріледі.
      Комиссияның алған материалдары олардың комиссияға келiп түскен күнiнен бастап он бес күн iшiнде қаралуы тиiс.
      16. Комиссия отырысына қатысушы адамдардың келуiн қамтамасыз ету.
      Кәмелетке толмаған комиссия отырысына қатысудан жалтарды деуге негiз болған кезде, комиссия келуiн қамтамасыз ету үшiн жауапкершiлiктi ата-анасына немесе өзге де заңды өкiлдерiне, не ол тәрбиеленетiн бiлiм беру ұйымдары әкiмшiлiгiне жүктейдi, олар осы мәселе бойынша жазбаша мiндеттемелер бередi.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған, қылмыстық жауапкершiлiк туындайтын жасқа толғанға дейiн қоғамға қауiптi әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды қарайтын комиссия отырысына дәлелсiз себептермен келмеген кезде жасөспiрiм және оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мәжбүрлеп жеткiзiлуi мүмкiн.
      17. Комиссия отырыстарын өткiзу тәртiбi.
      Комиссия отырысы қажетiне қарай, бiрақ кемiнде айына екi рет өткiзiледi және әдетте, ашық болып табылады. Кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында комиссия қаралатын материалдардың сипатын ескере отырып, iске қатысушы адамдардың өтiнiшi бойынша жабық отырыс өткiзу туралы дәлелдi қаулы қабылдай алады.
      Комиссия қажет кезiнде iстерi қаралатын адамдардың оқу, жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi бойынша көшпелi отырыс өткiзе алады.
      Комиссия отырысы егер оған, комиссия мүшелерiнiң кемiнде жалпы санының жартысы қатысса заңды болып табылады. Комиссия отырысына оның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары төрағалық жасайды.
      Кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды комиссия тек кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң қатысуымен ғана қарайды.
      Кәмелетке толмағанның тiлегi бойынша комиссия жұмысына қатысуға оның адвокаты жiберiледi.
      Комиссия отырысын өткiзу күнi, орны мен уақыты туралы прокурорға мiндеттi түрде хабарлануы керек.
      Қылмыстық жауапкершiлiк туындайтын жасқа толғанға дейiн қоғамға қауiптi әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды қарау кезiнде отырысқа прокурор шақырылады.
      Комиссия отырысының басында төраға қандай материалдар қаралатынын хабарлайды, отырысқа қатысушы адамдармен таныстырады. Мұнан кейiн қажеттi құжаттар жарияланады, келiп түскен материалдар, сондай-ақ негiзделген шешiм қабылдау үшiн маңызы бар жағдайлар зерттеледi, өтiнiштер қаралады, отырысқа қатысушы адамдардың сөзi тыңдалады.
      Қаралатын материалдардың мәнi бойынша өтiнiштердi кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi, адвокаты, материалдарды қарауға қатысушы мамандар, сондай-ақ комиссияға кәмелетке толмағанға қатысты ұсынымдармен өтiнiш бiлдiрген адамдар және олардың заңды өкiлдерi бередi. Берiлген өтiнiштердi қарау нәтижелерi комиссия отырысының хаттамасына енгiзiледi.
      Комиссия отырысында кәмелетке толмағанға керi әсерiн тигiзетiн жағдайларды зерттеу уақытында комиссияның оны залдан шығаруға құқы бар, бұл туралы комиссия отырысының хаттамасында жазылады.
      18. Комиссия қаулысы.
      Кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкiлдерiне қатысты материалдары, сондай-ақ бiлiм беру ұйымдары мен кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу үшiн жауапты органдардың ұсынымдары олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдардың өтiнiштерi, азаматтардың ақпараттары бойынша комиссия қаулы қабылдайды, онда:
      Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк заңнамасында көзделген жаза және ықпал ету шараларын қолдану туралы;
      кәмелетке толмағанды орналастыру жөнiнде осы Ереженiң 9-тармағында көзделген шараларды белгіленген тәртiппен қабылдау туралы;
      осы Ереженiң 10, 11-тармақтарында көзделген ықпал ету шараларын қолдану туралы;
      дайындалып жатқан не жасалған қылмыс туралы ақпаратты iшкi iстер органдарына жіберу туралы шешiм баяндалады.
      Комиссия қаулысы отырысқа қатысушы комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Егер дауыстар тең бөлiнген жағдайда комиссия отырысына төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады.
      Комиссия қаулысында:
      комиссияның атауы және жеке құрамы;
      комиссия отырысының күнi мен жерi;
      материалдар қаралуға қатысты адам туралы мәлiметтер;
      материалдарды қарау кезiнде белгiленген жағдайлар;
      шешiм қабылдауға негiз болған дәлелдер;
      кәмелетке толмағанның құқық бұзушылығы үшiн жауапкершiлiк көзделетiн не құқықтарына кепiл беретiн нормативтiк құқықтық кесiм;
      комиссия қабылдаған шешiм;
      кәмелетке толмағанға комиссия ұсынған әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi шаралар, олар тапсырылған органдар мен адамдар;
      осы қаулы бойынша шағымданудың мерзiмдерi мен тәртiбiн түсiндiру туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      Комиссия қаулысына төрағалық етушi және оның жауапты хатшысы қол қояды, комиссия отырысында жарияланады және шағымдауға белгiленген мерзiм өткеннен кейiн, заңды күшiне енедi.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша комиссия қаулысы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiне сәйкес шығарылады.
      Комиссия қаулысы орындау үшiн тиiстi мемлекеттiк органдарға және олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанынан тәуелсiз ұйымдарға жiберiледi.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iс бойынша қаулы iстi қарау аяқталғаннан кейiн дереу жарияланады, ал оның көшiрмесi, бұл ретте, шығарылған қаулыға қатысты адамға тапсырылады.
      Айыппұл кәмелетке толмағанның жеке жалақысы немесе жаза салынуы мүмкiн мүлкi болған жағдайда тағайындалады. Айыппұл мөлшерi он айлық есептiк көрсеткiштен аспауы тиiс.
      Кәмелетке толмағанның жеке жалақысы немесе жаза салынуы мүмкiн мүлкi болмаған жағдайда айыппұл ата-анасына немесе оны алмастыратын адамдарға жалпы негiзде салынады.
      Айыппұл әкiмшiлiк айыппұл қолдану туралы қаулының заңды күшiне енген күнiнен бастап отыз күн iшiнде не қажеттi соманы белгiленген тәртiпте банк мекемесiне өткiзу жолымен әкiмшiлiк заңнамамен белгiленген ұзарту мерзiмi өткеннен кейiн төленуi тиiс.
      Комиссия қаулысын орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жауапкершiлiк жүктейдi.
      19. Комиссияның ұсынысы.
      Егер материалдарды қарау барысында кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына, құқық бұзушылықтарына, қоғамға қарсы әрекеттер мен қараусыз қалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайлар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылықтар анықталатын болса, комиссия мемлекеттiк органдарға, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына және олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға оларды жою туралы тиiстi ұсыныстар енгiзедi.
      Осы тармақта көрсетiлген органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары комиссия ұсынысын алған күнiнен бастап бiр айдың iшiнде оны қарауға және тиiстi комиссияға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарлауға мiндеттi.
      Кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарламау Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк заңнамасында белгiленген жауапкершiлiкте болады.
      20. Комиссия отырысының хаттамасы.
      Комиссия отырысында комиссияның жауапты хатшысы хаттама жүргiзедi, онда:
      комиссияның атауы мен жеке құрамы;
      комиссия отырысының күнi мен жерi;
      қаралатын материалдардың мазмұны;
      материалдары қаралатын адамның тегi, аты және әкесiнiң аты, туған күнi мен жерi, оның тұрғылықты жерi, сондай-ақ материалдардың қаралуы үшін маңызы бар өзге де мәлiметтер;
      комиссия отырысына қатысушылардың келуi және оларға олардың құқықтары мен мiндеттерін түсіндiру туралы мәлiметтер;
      комиссия отырысына қатысушы адамдардың түсiнiктемелерi;
      материалдарды қарау кезiнде зерттелген құжаттар мен заттай айғақтар;
      берiлген өтiнiштер мен оларды қарау нәтижелерi, комиссия отырысында қабылданған қаулы немесе ұсынысты жариялау туралы мәлiметтер;
      қабылданған қаулы немесе ұсыныс бойынша шағымдану мерзiмдерi мен тәртiбiн түсiндiру туралы мәлiметтер көрсетiлуi тиiс.
      Комиссия отырысының хаттамасына төрағалық етушi және оның жауапты хатшысы қол қояды.
      21. Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына, құқық бұзушылықтарына, қоғамға қарсы әрекеттерiне, сондай-ақ қараусыз қалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарды зерттеу мақсатында комиссия отырыстарда қаралған барлық iстердi есепке алуды және сақтауды ұйымдастырады, өзiнің аумағының шегінде осы есепке алудың деректерiн қорытындылайды.
      22. Комиссия қаулысына немесе ұсынысына шағым беру.
      Қаралған материалдар бойынша комиссия қабылдаған қаулы ол кiмге

қатысты қабылданса, сол адам, оның заңды өкiлдерi, адвокаты, сондай-ақ 
жәбiрленушi сотқа шағым бере алады.
     Комиссияның тиiстi қаулысының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн 
iшiнде осы комиссияны құрған атқарушы органға шағымдануы мүмкiн.
     Көрсетiлген мерзiмде шағым беру тиiстi қаулының орындалуын тоқтатады.
     Комиссияның қаулысы бойынша сотқа шағым беру мерзiмдерi мен тәртiбi 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.
     Комиссия қаулысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген 
тәртiппен прокурор қарсылық бiлдiре алады.

            5. Комиссияны материалдық-техникалық қамтамасыз ету
     
     23. Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету әкімнің 
аппаратына жүктеледі.
     
 Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Жұманазарова А.Б.