Аймақтық маңызы бар Алматы-Бішкек жолын қайта жаңарту жобасын (Қазақстандық құрамдас бөлігі) қаржыландыру үшін Азия Даму Банкінің заемын тарту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 4 маусым N 755

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Аймақтық маңызы бар Алматы-Бішкек жолын қайта жаңарту жобасын (Қазақстандық құрамдас бөлігі) (бұдан әрі - жоба) қаржыландыру үшін 52 000 000 (елу екі миллион) АҚШ доллары сомасына заем туралы келісім жасасу нысанында Азия Даму Банкінің (бұдан әрі - несие беруші) заемын тарту мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген

 

тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан несие берушімен заем

туралы тиісті келісім жасассын.

     3. "Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік

инвестицияларының бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1963 


P001963_


  қаулысына

(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 631-құжат) мынадай

өзгерістер енгізілсін:

     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2000-2002

жылдарға арналған Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына 2-қосымшада:

     "Көлік және байланыс" салалық секторында, реттік нөмірі 52-жолда:

     "Барлығы" деген жолдағы:

     6-бағандағы "112,87" деген сан "99,87" деген санмен ауыстырылсын;

     11-бағандағы "100,17" деген сан "87,17" деген санмен ауыстырылсын;

     "АДБ заемы" деген жолдағы:

     6-бағандағы "65,00" деген сан "52,00" деген санмен ауыстырылсын;

     11-бағандағы "59,50" деген сан "46,50" деген санмен ауыстырылсын;

     жиынтық бөлімде:

     "Барлығы" деген жолдағы:

     6-бағандағы "2532,43" деген сан "2519,43" деген санмен ауыстырылсын;

     11-бағандағы "913,94" деген сан "900,94" деген санмен ауыстырылсын;

     "Сыртқы көздерден барлығы" деген жолдағы:

     6-бағандағы "2080,34" деген сан "2067,34" деген санмен ауыстырылсын;

     11-бағандағы "789,08" деген сан "776,08" деген санмен ауыстырылсын;

     "заемдар" деген жолдағы:

     6-бағандағы "1894,39" деген сан "1881,39" деген санмен ауыстырылсын;

     11-бағандағы "763,81" деген сан "750,81" деген санмен ауыстырылсын;

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрінің

         бірінші орынбасары




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Жұманазарова А.Б.