Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 және 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 31 мамыр N 744

Қолданыстағы

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне толықтырулар

мен өзгерістер енгізілсін:

     1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері

және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 


P990405_


  қаулысына

(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

     көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

     "Жамбыл облысы" деген бөлім:

     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 545-3, 545-4, 545-5, 545-6, 545-7,

545-8-жолдармен толықтырылсын:

     "545-3  ЖМБ-000459  "Асылдандыру" ААҚ;

     545-4   ЖМБ-001890  "Көгершін" ААҚ;

     545-5   ЖМБ-010265  "Көктал" ААҚ;

     545-6   ЖМБ-000073  "Меркі" асыл тұқымды

                         мал зауыты" ААҚ;

     545-7   ЖМБ-001952  "Талас" ААҚ;

     545-8   ЖМБ-000739  "Тоғызкент" ААҚ";

     "Батыс Қазақстан облысы" деген бөлім:

     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 600-5-жолмен толықтырылсын:

     "600-5  БҚО-000725  "Бірлік" асыл тұқымды

                         мал зауыты" ААҚ";

     көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

     "Жамбыл облысы" деген бөлімде:

     реттік нөмірі 168, 172, 173, 175, 178, 179-жолдар алынып тасталсын;

     "Батыс Қазақстан облысы" деген бөлімде:

     реттік нөмірі 193-жол алынып тасталсын;


 
       2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:

 

     көрсетілген қаулыға қоса беріліп отырған Иелік ету және пайдалану

құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін

республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің

және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

     "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлімде:

     реттік нөмірі 177, 178, 179, 180, 181, 182, 185-жолдар алынып

тасталсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.