Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Адамның үйлесімді дамуы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 мамыр N 692

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Адамның үйлесімді дамуы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Мыналар Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын:
      1) имандылық тәрбиесі арқылы азаматтардың рухани және тән саулығын нығайту мен сақтау әдістерін жасау және енгізу;
      2) азаматтардың рухани және тән саулығына дәстүрлі емес әдістер ықпалының тәжірибесін зерделеу;
      3) халықтың рухани және тән саулығын сауықтырудың жаңа әдістерін ғылыми сынақтан өткізу және енгізу.
      3. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі айқындалсын.
      4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2001 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде:
      1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және әділет органдарында оның тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 470-164-жолмен толықтырылсын: "470-164 "Адамның үйлесімді дамуы институты" Алматы
           қазыналық кәсіпорны қаласы";
      2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 
қарашадағы N 1754  

P991754_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 
1999 ж., N 51, 504-құжат):
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 
реттік нөмірі 157-16-жолмен толықтырылсын:
     "157-16. Адамның үйлесімді дамуы институты".
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.