1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 499 P990499_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 16, 164-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 2-тармақтағы "бір вице-министр" деген сөздер "екі вице-министр, соның ішінде бір бірінші" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.