Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 165 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 18 мамыр N 653

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 U000507_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 165 P010165_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 54-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі туралы ережеде:
      11-тармақта:
      39) тармақша "экспортын" деген сөзден кейін "және соның ішінде

тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) импортын" деген сөздермен 
толықтырылсын;
     мына мазмұндағы 39-1) және 39-2) тармақшалармен толықтырылсын:
     "39-1) заңнамаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын жүктер 
транзитіне рұқсаттар беру жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі 
шешімдерінің жобаларын дайындайды;
     39-2) өз құзыреті шегінде қызмет түрлерін лицензиялауды және 
лицензиаттардың лицензиялық шарттарды орындауын бақылауды жүзеге асырады;".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     

Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.