Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 сәуірдегі N 485 және 2001 жылғы 18 сәуірдегі N 503 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 18 мамыр N 652

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 сәуірдегі N 485 P010485_ қаулысына:
      кіріспеде "көктемгі дала" деген сөздерден кейін "және егін жинау" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      екінші абзацта "жанар-жағармай материалдарын" деген сөздерден кейін ", тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші абзацта "жанар-жағармай материалдарын" деген сөздерден кейін ", тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      "көктемгі дала" деген сөздерден кейін "және егін жинау" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта "көктемгі дала" деген сөздерден кейін "және егін жинау" деген сөздермен толықтырылсын.
      2) "2001 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі N 503 P010503_ қаулысына:
      2-тармақтың екінші, үшінші абзацтары "жанар-жағармай материалдарын" деген сөздерден кейін ", тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2001 жылғы көктемгі егіс және егін

жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттерді 
несиелендіру ережесінде:
     2 және 7-тармақтар тиісінше "жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ)" 
деген және "ЖЖМ" деген сөздерден кейін ", тұқым, тыңайтқыш, гербицид, 
ауыл шаруашылығы машиналарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алу үшін, 
ауыл шаруашылығы техникасын жалға алу немесе" деген сөздермен 
толықтырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.