Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Салық полициясы академиясы" мемлекеттік мекемесі "Қаржы полициясы академиясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) болып қайта аталсын.
2. Академияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырушы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігі (қаржы полициясы) болып белгіленсін. <*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.29. N 100 қаулысымен .
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Академияның нақты мамандықтар бойынша дипломдар беру құқығымен қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясын заңнамада белгіленген тәртіппен қайта ресімдесін.
5. Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігі (қаржы полициясы) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Академияны әділет органдарында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын. <*>
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.29. N 100 қаулысымен .
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
7. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақмола заң колледжін "Салық полициясы академиясы" мемлекеттік мекемесі деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1184 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 41, 363-құжат) күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 15 мамырдағы
N 643 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. <*>
Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604 қаулысымен .
2. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге көліктік қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдерді пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288 қаулысына :
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына бағынысты мемлекеттік органдарына көліктік қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердің тиесілік табелінде:
"Арнайы жеңіл автомобильдерді пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер" деген бағанда:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі";
2-жолда "Салық" деген сөз "Қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын.
3. "Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдірудің 2000-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы N 301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 9-10, 111-құжат):
көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдірудің 2000-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
"Кеден саясатын жетілдірудің негізгі бағыттары" деген 1-бөлімнің "Кадр саясатын жетілдіру" деген 4-басымдығында:
"МІНДЕТТЕР" деген бөлімшенің жиырма төртінші абзацында "Салық" деген сөз "Қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын.
4. "Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалау бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қарашадағы N 1746 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 49-50, 573-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалау бағдарламасына қосымшада:
"Кадрларды іріктеудің әдістерін жетілдіру:" деген 4.4-тармақтың 4.4.11-тармақшасында 2-бағандағы "ҚР МКМ Салық полициясы академиясында" деген сөздер "Қаржы полициясы академиясында" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-бағанда "ҚР СПА" деген қысқарған бас әріптер "ҚПА" деген бас әріптермен ауыстырылсын.